"Трансферттік баға белгілеуді қолдану бойынша келісім жасасу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 12 ақпандағы № 63 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 649 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 25 қаңтарда № 6749 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 6 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.01.09 № 6 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Трансферттік баға белгілеуді қолдану бойынша келісім жасасу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 12 ақпандағы № 63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 10 наурызда № 5584 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 49 (1472) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Трансферттік баға белгілеуді қолдану бойынша келісім жасасу Ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Трансферттік баға белгілеуді қолдану бойынша келісім жасасу ережесінде (бұдан әрі - Ереже) «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген, ол уәкілетті органдар - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (бұдан әрі – Салық комитеті), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі - Кедендік бақылау комитеті) мен мәмілеге қатысушы арасында Трансферттік баға белгілеуді қолдану бойынша келісім (бұдан әрі - Келісім) жасасу тәртібін айқындайды.»;
      3-тармағында:
      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мәмілеге қатысушы Салық комитетіне төмендегілерді қамтитын Келісім жасасу үшін қажетті нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса берілетін Келісім жасасуға өтінішті табыс етеді:»;
      2)3) тармақшалар алып тасталсын;
      6) тармақшада «тауарларды өткізу және сатып алу бойынша» деген сөздер «тауарларды өткізуге және сатып алуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақшада «жер қойнауын пайдалануға арналған» деген сөздердің алдынан «Қазақстан Республикасының Құзыретті органымен жасалған» деген сөздермен толықтырылсын;
      10) тармақшада «баға белгілеуге» деген сөздер алып тасталсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өзара байланысты компанияларға өткізген (сатып алған) жағдайда Келісім жасасатын мәмілеге қатысушы сонымен қатар өзара байланысты компанияларға осы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізумен (сатып алумен) байланысты құжаттарды да тапсырады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға өтінішін уәкілетті органдар мәмілеге қатысушыдан аталған өтінішті алған күннен бастапкүнтізбелік тоқсан күн ішінде мынадай тәртіпте қарайды:
      Салық комитеті мәмілеге қатысушының өтінішін қосып Келісім жобасын келісуге Кедендік бақылау комитетіне жібереді;
      Кедендік бақылау комитеті Салық комитетіне Келісім жобасына ұсыныстарды он бес жұмыс күні ішінде береді;
      Уәкілетті органдар оң шешім қабылдаған жағдайда шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Салық комитеті мәмілеге қатысушыға қол қойылған күнінен бастап үш жылдан аспайтын мерзім ішінде қолданылатын қол қойылған Келісімді жолдайды;
      Мәмілеге қатысушы қол қойылған Келісімді қол қойылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органдарға жібереді.
      Келісім жасасудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда Салық комитеті мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға өтінішін қарау нәтижелері бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Кедендік бақылау комитетінің ұсыныстарын ескере отырып, Келісім жасасудан бас тартудың себептерімен мәмілеге қатысушыға жазбаша жауап жібереді.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Уәкілетті органдар мәмілеге қатысушыға мынадай жағдайларда Келісім жасасудан бас тартады:
      1) Келісім жасасу үшін қажет және осы Ережеде көзделген құжаттардың толық тізбесін тапсырмаған кезде;
      2) Заңның 18-бабында белгіленген кезектілік ескеріле отырып, нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын және мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға өтінішінде көзделмеген өзге ақпарат көздерін қолдану мүмкіндігі болғанда;
      3) мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға өтінішінде көзделмеген және Заңның 12-бабында белгіленген кезектілік ескеріле отырып, нарықтық бағаны анықтау үшін өзге әдістерді қолдану мүмкіндігі болғанда.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Уәкілетті органдар басқа мемлекеттердің мемлекеттік органдарынан және уәкілетті органдарынан Келісім жасасуға қатысы бар құжаттарға (ақпаратқа) сұрау салдырады.
      Сұрау салулар жіберу уәкілетті органдардың мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға өтінішін қарау мерзімін сұрау салынған құжаттар (ақпараттар) алынғанға дейін, бірақ отыз күнтізбелік күннен аспайтын уақытқа тоқтата тұрады.
      Уәкілетті органдар мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға өтінішін қарау мерзімінің сұрау салынған құжаттар (ақпараттар) алынғанға дейін тоқтатылғаны туралы мәмілеге қатысушыны хабарландырады.»;
      8-тармақ алып тасталсын;
      9-тармақта «бір айдан» деген сөз «шешім қабылданған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-тармақ алып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                           Б. Шолпанқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады