"Жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 340 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 361 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 5 сәуірде № 6867 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 622 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2014.09.19 № 622 (01.01.2015 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 178-2-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты-түрде босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 340 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4947 болып тіркелген және 2007 жылғы 2 қарашадағы № 168(1197) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жазасын өтеуден мерзімінен
бұрын-шартты түрде босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру ережесінде:
      5-тармақта «,» деген тыныс белгісі «немесе» деген сөзбен ауыстырылсын;
      10-тармақта:
      бірінші абзацта «босатылған адамдарды» деген сөздер «босатылған адамды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) анықталған кемшіліктерді жою және ішкі істер органдарының жеке профилактикалық жұмысының тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдай отырып, мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адам қасақана жасаған қылмыстың әрбір фактісі бойынша қызметтік тексеріс жүргізеді.»;
      11-тармақта «инспекторы» деген сөзден кейін «немесе кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы
(бұдан әрі – учаскелік полиция инспекторы)» деген сөздермен толықтырылсын;
      15-тармақта «, кейіннен профилактикалық есепке қойылады және бақылау карточкасы ашылады» деген сөздер алып тасталсын;
      192021222324-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелерінен мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдар тұрғылықты жеріне келгеннен кейін учаскелік полиция инспекторы үш тәулік ішінде ҚАІІО-ның бастығына оларға Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабына сәйкес сот жүктеген міндеттер бойынша шектеулер белгілеу туралы қаулы (Ережеге 5-қосымша) енгізеді.
      20. Тұрғылықты жерінен, жұмыс және оқу орнынан кетпеуге қатысты Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабы 1-тармағының
2) тармақшасында көзделген міндеттер бойынша белгіленген шектеулерді ҚАІІО бастығы жұмыс, оқу режиміне байланысты өзгерте алады.
      21. Есепке қойғаннан кейін учаскелік полиция инспекторы мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамға, егер ол бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық не болмаса әкімшілік қамауға тартылатын құқық бұзушылық жасаған не болмаса Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабында көзделген міндеттерді орындаудан қасақана жалтарған жағдайда, ішкі істер органдары сотқа жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатудың күшін жою туралы ұсыныс енгізетінін түсіндіреді.
      22. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамға шектеулер белгілеу туралы қаулы бақылау ісі материалдарына тігіледі. Қаулының көшірмесі мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамға түпнұсқасына қол қою арқылы тапсырылады.
      23. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адам дәлелсіз себептер бойынша 5 тәуліктен астам уақыт тұрғылықты жеріне келмеген және міндеттерін орындаудан қасақана жалтару фактілері анықталған жағдайда, учаскелік полиция инспекторы бұл туралы ҚАІІО-ның бастығына жазбаша баянатпен баяндайды және оның жүрген жері мен жалтару себептерін анықтау бойынша алғашқы іс-шараларды жүргізеді.
      24. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адам бірнеше (екі немесе одан да көп) әкімшілік құқық бұзушылық не болмаса әкімшілік қамауға тартылатын құқық бұзушылық жасаған немесе Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабында көзделген міндеттерді орындаудан қасақана жалтарған жағдайда, ҚАІІО-ның бастығы сотқа мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның жеке басын, мінез-құлқын сипаттайтын деректер мен бақылау ісі материалдарын қоса отырып, жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатудың күшін жою туралы дәлелді ұсыным (Ережеге 6-қосымша) жолдайды.»;
      26273133-тармақтарда «белгілеген» деген сөз «жүктеген» деген сөзбен ауыстырылсын;
      5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы және Астана, Алматы қалаларының және облыстардағы ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты ішкі істер органдарының жеке құрамының зерделеуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (М.Т. Қабденов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.В. Кулиничке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткеннен соң күшіне енеді.

      Министр                                     С. Баймағанбетов

      Келісілген:
      Қазақстан Республикасының            Қазақстан Республикасы
      Бас прокуроры                        Жоғарғы Сотының төрағасы
      _____________ Қ. Мәми                ___________ М. Әлімбеков
      2011 жылғы 28 қаңтар                 2011 жылғы 3 наурыз

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі
      ___________ Р. Түсіпбеков
      2010 жылғы 10 желтоқсан

Қазақстан Республикасы  
Ішкі істер министрінің  
2010 жылғы 19 тамыздағы 
№ 361 бұйрығына қосымша 

Жазасын өтеуден мерзімінен
бұрын-шартты түрде        
босатылған адамдардың мінез
құлқын бақылауды жүзеге   
асыру ережесіне 5-қосымша 

Бекітемін         
______________________бастығы
ҚАІІБ-нің атауы        
_____________________________
      атағы, Т.А.Ә. қолы    
20__жылғы «____»_____________

Мерзімінен шарты-түрде босатылған адамға қатысты
міндеттерді белгілеу туралы
қаулы

      ______________________________________________учаскелік полиция
                   (ҚАІІО-ның атауы)
инспекторы __________________________________________________________
                           (Т.А.Ә., атағы)
_____________________________________________________________________
                        (соттың толық атауы)
20__ жылғы «__»____________сот қаулысын қарап, оған сәйкес __________
______________________________________________________жазасын өтеуден
(шартты мерзімінен бұрын босатылған адамның Т.А.Ә.)
шартты мерзімінен бұрын босатылды және оған мынадай міндеттер жүктелді:
1.__________________________________________________________________
2.__________________________________________________________________
3.__________________________________________________________________

      Ескертпе: Егер сот қаулысында тек Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабына сілтеме жасалған жағдайда «ҚАК-нің 178-2-бабында көзделген......... міндеттер жүктелді».

      20___ «____»___________ сот қаулысы күшіне енгеннен соң шартты мерзімінен бұрын босатылған ________________________________________
_____________________________________________ мына мекен-жай бойынша тұруға келді.

      Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабына сәйкес тиісті бақылауды қамтамасыз ету мақсатында шартты мерзімінен бұрын босатылғанға сот жүктеген міндеттерді белгілеу қажет.
      Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабын басшылыққа ала отырып,

Қаулы етемін:

____________________________________________________қатысты мынадай
                тегі, аты-жөні
міндеттер белгіленсін:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________

      Ескертпе: Шектеулер тізімі шартты мерзімінен бұрын босатылған адамға Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабына сәйкес сот жүктеген міндеттермен қатаң сәйкестікте белгіленеді.

      ___________________________________учаскелік полиция инспекторы
              ҚАІІБ-нің атауы
      _______________________________________________________________
                           атағы, Т.А.Ә.

      20____жылғы «____»______________

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 21 августа 2007 года № 340 "Об утверждении Правил осуществления контроля за поведением лиц, освобожденных условно-досрочно от отбывания наказания"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 19 августа 2010 года № 361. Зарегистрирован в Министерстве юстици Республики Казахстан от 5 апреля 2011 года № 6867. Утратил силу приказом и.о. Министра внутренних дел Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 622

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра внутренних дел РК от 19.09.2014 года № 622 (вводится в действие с 01.01.2015).

      С целью реализации статьи 178-2 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 21 августа 2007 года № 340 "Об утверждении Правил осуществления контроля за поведением лиц, освобожденных условно-досрочно от отбывания наказания" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 4947 и опубликован в газете "Юридическая газета" от 2 ноября 2007 года № 168 (1371) следующие изменения и дополнения:
      в Правилах осуществления контроля за поведением лиц, освобожденных условно-досрочно от отбывания наказания, утвержденных указанным приказом:
      в пункте 5 знак препинания "," заменить словом "или";
      в пункте 10:
      в абзаце первом слова "освобожденных лиц" заменить словами "освобожденного лица";
      дополнить подпунктом 3) следующего содержания:
      "3) по каждому факту совершения умышленного преступления условно-досрочно освобожденным лицом, проводит служебную проверку, с принятием мер по устранению выявленных недостатков и повышению эффективности профилактической работы органов внутренних дел.";
      в пункте 11 после слова "полиции" дополнить словами "или участковый инспектор полиции по делам несовершеннолетних (далее - участковый инспектор полиции)";
      в пункте 15 слова "с последующей постановкой на профилактический учет и заведением контрольной карточки" исключить;
      пункты 192021222324 изложить в следующей редакции:
      "19. По прибытии к месту жительства лиц, условно-досрочно освобожденных из органов и учреждений уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан участковый инспектор полиции в течение трех суток вносит начальнику ГОРОВД постановление об установлении ограничений по обязанностям, возложенным на них судом в соответствии со статьей 178-2 УИК РК (приложение 5 к Правилам).
      20. Установленные ограничения по обязанностям предусмотренным подпунктом 2) пункта 1 статьи 178-2 УИК РК, касательно запрета не покидать место жительства, работы и учебы, могут изменяться начальником ГОРОВД в зависимости от режима работы, учебы.
      21. После постановки на учет участковый инспектор полиции разъясняет условно-досрочно освобожденному лицу, что при совершении им неоднократных административных правонарушений либо правонарушения, за которое на него наложен административный арест, или в случае злостного уклонения от исполнения обязанностей, предусмотренных статьей 178-2 УИК РК органы внутренних дел вносят представление в суд об отмене условно-досрочного освобождения от отбывания наказания.
      22. Постановление об установлении ограничений условно-досрочно освобожденному лицу приобщается к материалам контрольного дела. Копия постановления вручается условно-досрочно освобожденному лицу под роспись в подлиннике.
      23. При неприбытии на постоянное место жительства условно-досрочно освобожденного лица более 5 суток по неуважительным причинам и установлении фактов злостного уклонения от исполнения обязанностей, участковый инспектор полиции докладывает об этом письменным рапортом начальнику ГОРОВД и проводит первоначальные мероприятия по установлению его местонахождения и причин уклонения.
      24. В случае совершения условно-досрочно освобожденным лицом неоднократных административных правонарушений (два и более раз) либо правонарушения, за которое был наложен административный арест, или злостного уклонения от исполнения обязанностей, предусмотренных статьей 178-2 УИК РК, начальник ГОРОВД направляет в суд мотивированное представление (приложение 6 к Правилам) об отмене условно-досрочного освобождения от отбывания наказания с приложением данных, характеризующих личность условно-досрочно освобожденного лица, его поведение и материалов контрольного дела.";
      в пунктах 26273133 слово "установленных" заменить словом "возложенных";
      приложение 5 изложить в редакции согласно приложению к настоящему приказу.
      2. Председателю Комитета административной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан и начальникам департаментов внутренних дел городов Астаны, Алматы, областей обеспечить изучение настоящего приказа личным составом органов внутренних дел.
      3. Комитету административной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Кабденов М.Т.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его официальное опубликование.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан генерал–майора полиции Кулинича А.В.
      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    С. Баймаганбетов

      Согласовано:
      Генеральный прокурор            Председатель Верховного Суда
      Республики Казахстан            Республики Казахстан
      _________________ К. Мами       _______________ М. Алимбеков
      28 января 2011 года             3 марта 2011 года

      Министр юстиции
      Республики Казахстан
      _________________ Р. Тусупбеков
      10 декабря 2010 года

Приложение                       
к приказу Министра внутренних дел
Республики Казахстан             
от 19 августа 2010 года № 361    

Приложение 5                     
к Правилам осуществления контроля
за поведением лиц, освобожденных 
условно-досрочно от отбывания    
наказания                        

                                           Утверждаю
                                Начальник _____________________
                                             наименование ГОРОВД
                                _______________________________
                                       звание, Ф.И.О. подпись
                                "______" _______________ 20__ г.

                            ПОСТАНОВЛЕНИЕ
   об установлении ограничений в отношении условно-досрочного
                         освобожденного лица

      Участковый инспектор полиции ________________________________
                                           наименование ГОРОВД
___________________________________________________________________
                            звание Ф.И.О.
рассмотрев постановление суда _____________________________________
                                      полное наименование суда
от "_____" ________ 20_____ г., в соответствии с которым __________
___________________________________________________________________
                Ф.И.О. условно-досрочно освобожденного лица
освобожден(а) условно-досрочно от отбывания наказания и на него (е)
возложены следующие обязанности:
      1. __________________________________________________________
      2. __________________________________________________________
      3. ___________________________________________________ и т.д.

      Примечание: В случае, когда в постановлении суда имеется только
ссылка на ст. 178-2 УИК РК указывается: – ".... возложены обязанности
предусмотренные ст. 178-2 УИК РК".
      "_____" __________ 20__ г. после вступления в законную силу
постановления суда условно-досрочно освобожденный(ая) _____________
___________________________________________________________________
прибыл(а) на место проживания по
адресу: ___________________________________________________________
_________________________ и мною поставлен на профилактический учет.

      В соответствии со ст. 178-2 УИК РК, в целях обеспечения
надлежащего контроля необходимо установить ограничения по возложенным
судом обязанностям на условно-досрочно освобожденного (ую)

      На основании изложенного, руководствуясь ст. 178-1 УИК РК

                             Постановил:

      Установить в отношении ______________________________________
                                            Ф.И.О.
следующие ограничения:
      1. __________________________________________________________
      2. __________________________________________________________
      3. ____________________________________________________ и т.д.

      Примечание: Перечень ограничений устанавливается в строгом
соответствии с обязанностями возложенными судом на условно-досрочно
освобожденное лицо в соответствии со статьей 178-2 УИК РК.

      Участковый инспектор полиции ________________________________
                                           звание, Ф.И.О.

      "____" ___________ 200__ г.".