"Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 25-ө бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 21-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6068 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 237-ө бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011.06.28 № 237-ө (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 8-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 25-ө  бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5565 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының 2009 жылғы № 7 жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарында:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;»;
      4-тармақтың бірінші абзацындағы «маманның» деген сөзден кейін «және әлеуметтік қызмет жөніндегі консультанттың» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін лауазымына кіріскен адамдарға қолданылмайды».»;
      аталған бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау ережесінде:
      1-тармақта «бұдан әрі – Ереже» деген сөздерден кейін «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді және» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      «Аттестаттауға» деген сөздің алдынан «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді» деген сөздермен, кейін «(бұдан әрі – аттестаттау)» деген сөздермен толықтырылсын»;
      «әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар,» деген сөздерден кейін «әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар,» деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақта «қызметкерлерді» сөзінен кейін «, сондай-ақ, медициналық-әлеуметтік мекемедегі әлеуметтік қызмет жөніндегі мамандарды» сөздерімен толықтырылсын;
      7-тармақта «мамандар» деген сөздерден кейін «әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
      «10-1. Аттестаттау комиссиясының отырысы, егер оның құрамының үштен екі бөлігі оған қатысса заңды болып есептеледі.
      Аттестаттау комиссиясының шешімі Комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.»;
      12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Аттестатталатын адам комиссия отырысына келе алмаған жағдайда, дәлелді себептер бойынша (еңбекке уақытша қабілетсіздік кезеңінде, демалыста болған кезеңінде, кәмелетке толмаған балалардың сырқаты кезінде, жақын туыстары қайтыс болған кезде) келе алмаған жағдайды қоспағанда, ол аттестатталмаған болып есептеледі.»;
      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
      «12-1. Аттестаттаудан өту үшін арнаулы әлеуметтік қызметке қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер және медициналық-әлеуметтік мекемелердің әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандары облыстың уәкілетті органына, ал әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер ауданның уәкілетті органына мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) кадрларды есепке алу жеке парағының көшірмесі;
      3) нотариуспен расталған білімі туралы дипломының көшірмесі;
      4) ұйымның кадр қызметімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Тестілеу аттестатталатын адамның таңдауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіледі. Тестілер әлеуметтік қызметкерлердің негізгі қызмет түрлерін қамтуға және облыстың уәкілетті органы әлеуметтік қызметке қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар, әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер үшін жеке әзірлеген және бекіткен 80 сұрақтан тұруға тиіс. Тестілерді орындауға берілген уақыт 60 минуттан аспайды.»;
      23-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Сертификат берілген күнінен бастап Қазақстан Республикасының аумағында 5 жылға дейін жарамды.»;
      24-тармақта «уәкілетті орган» деген сөздер «облыстың уәкілетті органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Медициналық-әлеуметтік мекеменің әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандарына хаттамалық шешімнің көшірмесін облыстың уәкілетті органы береді.
      Әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандарға, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттарға және күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлерге хаттамалық шешімнің көшірмесін ауданның уәкілетті органы береді.»;
      Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау ережесіне 1-қосымшаның жоғары оң жақ бұрышындағы «1» саны алынып тасталсын.
      3. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызметтер департаменті (Қ.А. Манабаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның кейінен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ә.Б. Нүсіповаға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                             Г. Әбдіқалықова

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі
      __________ Ж. Досқалиев
      2010 жылғы 27 қаңтар

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрі
      __________ Ж. Түймебаев
      2010 жылғы 28 қаңтар

О внесении дополнений и изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 26 января 2009 года № 25-п "Об утверждении квалификационных требований к социальным работникам в сфере социальной защиты населения и правил их аттестации"

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 26 января 2010 года № 21-п. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 февраля 2010 года № 6068. Утратил силу приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 28 июня 2011 года № 237-ө

      Сноска. Утратил силу приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 28.06.2011 № 237-ө (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 8 Закона Республики Казахстан от 29 декабря 2008 года "О специальных социальных услугах", ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 26 января 2009 года № 25-п "Об утверждении квалификационных требований к социальным работникам в сфере социальной защиты населения и правил их аттестации" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5565, опубликованный в Собрании актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан № 7, 2009 года) следующие дополнения и изменения:
      в Квалификационных требованиях к социальным работникам в сфере социальной защиты населения, утвержденных указанным приказом:
      пункт 1 дополнить подпунктом 2-1) следующего содержания:
      "2-1) консультант по социальной работе;";
      в абзаце первом пункта 4 слово "должен" заменить словами "и консультанта по социальной работе должна";
      дополнить пунктом 5-1 следующего содержания:
      "5-1. Требования к квалификации социального работника по уходу не распространяются на лиц, приступивших к должности до введения в действие Закона Республики Казахстан от 29 декабря 2008 года "О специальных социальных услугах".";
      в Правилах аттестации социальных работников в сфере социальной защиты населения, утвержденных указанным приказом:
      в пункте 1 после слов "(далее - Правила)" дополнить словами "разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 29 декабря 2008 года "О специальных социальных услугах" и";
      в пункте 2:
      после слова "Аттестации" дополнить словами "социальных работников в сфере социальной защиты населения (далее - аттестация)";
      после слов "специалисты по социальной работе," дополнить словами "консультанты по социальной работе,";
      в пункте 6 после слова "услугах" дополнить словами ", а также специалистов по социальной работе медико-социальных учреждений";
      в пункте 7 после слова "работе" дополнить словами ", консультантов по социальной работе";
      дополнить пунктом 10-1 следующего содержания:
      "10-1. Заседание аттестационной комиссии считается правомочным, если на нем присутствовали не менее двух третей ее состава.
      Решение аттестационной Комиссии принимается открытым голосованием большинством голосов членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя Комиссии является решающим.";
      пункт 12 дополнить абзацем вторым следующего содержания:
      "При неявке аттестуемого лица на заседание комиссии, он признается не аттестованным, кроме случая неявки по уважительным причинам (временная нетрудоспособность, нахождение в отпуске, болезнь несовершеннолетнего ребенка, смерть близкого родственника).";
      дополнить пунктом 12-1 следующего содержания:
      "12-1. Для прохождения аттестации социальные работники по оценке и определению потребности в специальных социальных услугах и специалисты по социальной работе медико-социальных учреждений подают в уполномоченный орган области, а консультанты по социальной работе и социальные работники по уходу - в уполномоченный орган района, следующие документы:
      1) заявление в произвольной форме;
      2) копию личного листка по учету кадров;
      3) нотариально заверенную копию диплома об образовании;
      4) копию трудовой книжки, заверенную кадровой службой организации.";
      пункт 13 изложить в следующей редакции:
      "13. Тестирование проводится на государственном или русском языках по выбору аттестуемого лица. Тесты должны охватывать основные виды деятельности социальных работников и состоять из 80 вопросов, разрабатываемых и утверждаемых уполномоченным органом области отдельно для социальных работников по оценке и определению потребности в специальных социальных услугах, специалистов по социальной работе, консультантов по социальной работе, социальных работников по уходу. Время, отпущенное на выполнение теста, составляет не более 60 минут.";
      пункт 23 дополнить абзацем вторым следующего содержания:
      "Сертификат действует на территории Республики Казахстан в течение 5 лет со дня его выдачи.";
      в пункте 24 после слова "органом" дополнить словом "области";
      пункт 25 изложить в следующей редакции:
      "25. Специалистам по социальной работе медико-социальных учреждений уполномоченным органом области выдается копия протокольного решения.
      Специалистам по социальной работе, консультантам по социальной работе и социальным работникам по уходу уполномоченным органом района выдается копия протокольного решения.";
      в правом верхнем углу приложения 1 к Правилам аттестации социальных работников в сфере социальной защиты населения цифру "1" исключить.
      3. Департаменту социальной помощи и социальных услуг (Манабаева К.А.) обеспечить в установленном законодательством Республики Казахстан порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и последующее его опубликование в официальных средствах массовой информации.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Нусупову А.Б.
      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    Г. Абдыкаликова

      СОГЛАСОВАНО
      Министр здравоохранения
      Республики Казахстан
      _____________ Ж. Доскалиев
      27 января 2010 года

      СОГЛАСОВАНО
      Министр образования и науки
      Республики Казахстан
      ______________ Ж. Туймебаев
      28 января 2010 года