Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерге тексеру жүргізу үшін тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің м.а. 2010 жылғы 15 ақпандағы N 34 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 19 ақпандағы N 80 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 20 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6081 болып енгізілді. 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады

      Ескерту. Осы бұйрық 2011.01.01 дейін қолданылады (5-т.).

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы 38-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерге тексеру жүргізу үшін тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті (Т.М. Жантикин):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Ә.М. Мағауовқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
      5. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтарына дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасы           Қазақстан Республикасы
      Экономика және бюджеттік         Энергетика және минералдық
      жоспарлау министрі               ресурстар министрінің міндетін
      _____________ Б. Сұлтанов        атқарушы
                                       ____________ Д. Тұрғанов

Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік 
жоспарлау министрінің    
2010 жылғы 19 ақпандағы  
№ 80 және          
Қазақстан Республикасы   
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің    
міндетін атқарушының     
2010 жылғы 15 ақпандағы  
№ 34 бірлескен бұйрығымен
бекітілген        

нысаны

Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерге тексеру жүргізуге арналған тексеру парағы

Тексерілетін субъект: _____________________________________________
                      (кәсіпорынның, ұйымның атауы; мекенжайы)
Қызмет түрі: ______________________________________________________
Қызметтің шағын түрлері: __________________________________________

№ р/с

Талаптар

Сәйкестігі

Ескерту

иә

жоқ

1

2

3

4

5

1.

Ядролық, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құжаттамалардың жай-күйі




2.

Персонал мен жауапты тұлғалардың біліктілігі




3.

Жүйелер мен жабдықтардың техникалық жай-күйі, оларды пайдалану жағдайлары




4.

Ядролық, радиациялық және техникалық қауіпсіздік жағдайы




5.

Персоналдың сәулеге шалдығу дозасын өлшеу және есептеу жүйесін радиациялық бақылауды ұйымдастыру




6.

Ядролық материалдарды, иондаушы сәуле көздерін, радиоактивті қалдықтарды есепке алу және бақылау жүйесін ұйымдастыру




7.

Аварияға қарсы жоспарлауды ұйымдастыру және персоналды даярлау




8.

Қорғау мен физикалық қорғауды ұйымдастыру




9.

Атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын сақтау




10.

Лицензиялардың қолданылу жағдайларын сақтау




      Ескерту: осы тексеру парағының нысаны үлгі болып табылады, оның негізінде тексеруге дайындық кезінде атом энергиясын пайдалану саласындағы нақты орындалатын жұмыстарды есепке ала отырып тексеру парақтары жасалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады