Білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, дене шынықтыру-cауықтыру, спорттық қызметтер көрсететін заңды және жеке тұлғаларды тексеру жөніндегі тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 01-01-07/35 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 128 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6147 болып енгізілді. 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады

      Ескерту. Бұйрық 2011.01.01 дейін қолданыста болады (5-тармақты қараңыз).

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 1-тармағына және «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсететін заңды және жеке тұлғаларды тексеру жөніндегі тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті (А.Қ. Құлназаров):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Т.А. Ермегияевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасының       Қазақстан Республикасының
      Туризм және спорт министрі      Экономика және бюджеттік
      ________ Т. Досмұхамбетов       жоспарлау министрі
                                      _____________ Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы      
Туризм және спорт министрінің
2010 жылғы 3 наурыздағы     
№ 01-01-07/35 және          
Қазақстан Республикасы      
Экономика және бюджеттік    
жоспарлау министрінің       
2010 жылғы 10 наурыздағы    
№ 128 бірлескен бұйрығымен  
бекітілген           

нысан  

Білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсететін заңды және жеке тұлғаларды тексеру жөніндегі тексеру парағы

Тексерісті белгілеген уәкілетті немесе
жергілікті атқарушы орган ________________________________________

Нұсқама __________________________________________________________
                               (№, күні)

Жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе
заңды тұлғаның атауы _________________________________________

СТН (ЖСН, БСН) ___________________________________________________

Жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігі (жеке тұлғалар үшін),
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәлігі (заңды тұлғалар үшін) ____________________________________

Орналасқан орнының мекенжайы _____________________________________

р/с №

Талаптар

болуы/болмағаны

Ескерту

1.

Спорт ғимараттарын пайдаланудың сенімділігі бөлігінде, беріктілігіне техникалық тексеру актісінің болуы



2.

Спорт ғимаратының санитарлық-гигиеналық және өртке қарсы нормалар мен талаптарға сәйкестігі туралы қорытындының болуы



3.

1) заңды тұлғалар үшін – «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша жоғары кәсіптік немесе орта кәсіптік білімі бар жаттықтырушы-оқытушылар құрамының болуы;
2) жеке тұлғалар үшін – «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша жоғары немесе орта кәсіптік білімінің немесе «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша жоғары немесе орта кәсіптік білімі бар қызметкермен еңбек шартының болуы



4.

Тұрақты білікті медициналық қызметтің болуы



5.

Спорт мүкәммалдары мен жабдықтарының болуы



6.

Шұғылданушылардың сандық құрамының жоспарлы-есептік көрсеткіштері және спорт ғимаратының тәуліктік жұмыс тәртібінің болуы



7.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға спорт ғимараттарына барулары үшін қол жетімділігі



Лауазымды тұлғалар ______________________________  ____________
                                (лауазым)               (қолы)
                     ______________________________  ____________
                                (лауазым)               (қолы)

Жеке немесе заңды тұлға _________________________  ____________
                               (Т.А.Ә., лауазым)        (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады