Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы N 38 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 22 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6186 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 257 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 257 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4602 тіркелген, 2007 жылғы наурыз-сәуір айларында Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жылғы 25 сәуірде "Заң газеті" газетінде № 62 (1091) санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережелерінде:

      3-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) кредиттеудің барлық кезеңінде төлеуге жататын сыйақының жалпы сомасы және кредит беру туралы шартты жасау күніне - кредиттің және сыйақының жиынтық мәні.

      Егер шартты жасау мен кредит беру күндері сәйкес келмеген жағдайда, нақты сыйақы сомасы мен шарт талаптарына сәйкес есептелінген кредит бойынша кредиттің және сыйақының жиынтық мәні міндетті түрде кредит беру туралы шартқа қосымша берілетін кредитті өтеу кестесінде нақтыланады.

      Осы тармақшаның талаптары оның аясында кредит беру туралы шарт жасалынуы тиіс кредит алу үшін кредиттік желіні ашу туралы шешімге, сондай-ақ кредиттік лимиті бар төлем карточкаларын беру туралы шартқа таратылмайды;";

      5) тармақшадағы "кредитті" деген сөздің алдынан "заемшының төлем қабілеттілігін ескере отырып, оның таңдауы бойынша анықталатын" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Кредитті өтеу кестесінде сонымен қатар кредиттеудің барлық кезеңінде төлеуге жататын кредиттің және сыйақының жалпы сомалары және олардың жиынтық мәні, кредит беру туралы шарт тараптарының қойылған қолдары, сондай-ақ заемшының оларды қолданудан бас тартуы туралы белгісімен банк ұсынған өтеудің өзге де әдістерінің тізбесі бар. Кредит беру туралы шартты жасағанға дейін заемшыға кредитті өтеу әдісін таңдау үшін әртүрлі әдістермен есептелген кредитті өтеу кестесін танысуға береді.".

      2. Осы қаулы, ол бірінші рет ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті (Л.Е. Үсенбекова):

      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

Төрайым

Е. Бахмутова


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады