Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оны беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 301 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6261 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 60 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2018 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы

      1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.12.2015 № 18-03/1111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аңшы куәлігінің нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес балықшы куәлігінің нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қорықшы куәлігінің нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес аңшы, балықшы және қорықшы куәлігін беру ережесі бекітілсін.

      2. Келесі бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының аңшы куәлiгiн беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi төрағасының 2004 жылғы 19 қарашадағы № 246 (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 3274 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлерiнiң бюллетенiнде жарияланған, 2007 ж., № 5, 261-құжат) бұйрығы;

      2) "Қазақстан Республикасы аңшысының куәлігін беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 19 қарашадағы № 246 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi төрағасының міндетін атқарушысының 2007 жылғы 12 шілдедегі № 231 (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 4830 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жылғы шілде-тамызда жарияланған) бұйрығы.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Министр

А. Күрішбаев


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 29 сәуірдегі
№ 301 бұйрығына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда қарастырылады - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 29.11.2013 № 362-Ө (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      Нысан

Аңшы куәлігі
Аңшы куәлігінің мұқабасы

      (көлемі 105 х 80 мм, түсі жасыл, жазбасы қою сары түсті,

      қысып басу әдісімен жасалады)


Қазақстан Республикасы

Аңшы куәлігі


      Аңшы куәлігі бланкісінің 1-парағы

      (мұқабаның ішкі бетінің сол жағына желімденеді)

Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері
қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы
№ _____ аңшы куәлігі

3 х 4 см

фотосуретке

арналған

орын


М.О.

____________________________________________

(тегі)

_____________ ______________________________

(аты, әкесінің аты)

Туған күні "____" ______________ ______ж.

Аңшы өтілі _____ж.


      Куәлікті берген _____________________________________________________

      (аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық

      бірлестіктері қауымдастығы филиалының немесе өкілдігінің атауы)

      _____________________________________________________________________

      (куәлікті берген тұлғаның қолы және аңшылар мен аңшылық шаруашылығы

      субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының мөрі)

      Аңшылық минимумын тапсыру туралы белгі _____________________________

      (емтихан алу комиссиясы

      хаттамасының нөмірі мен күні)

      Куәлік 20 __ ж. "__" _______ берілді, 20__ ж. "__"____ дейін жарамды.

      2-парақ

АҢШЫЛЫҚ СУЫҚ ҚЫЛЫШ ҚАРУДЫ ТІРКЕУ

Қарудың атауы

Нөмірі

Сатушы ұйымның белгісі










АҢ АУЛАЙТЫН ИТТЕРДІ, ҚЫРАН ҚҰСТАРДЫ ТІРКЕУ

Тұқымы (түрі), түсі, сақина, микрочип нөмірі

Туған күні

Иттің ветеринарлық тіркеу құжаты, паспорты

Итті аң аулауға жіберу туралы белгі, қыран құсты қолда ұстау мерзімі














      3-парақ

ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ ТУРАЛЫ БЕЛГІ

Есепке алынды

Есептен шығарылды

Тұрақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы











      4-парақ

      (куәлік мұқабасының ішкі оң жағына желімделеді)

      Куәлік тіркелді:

      "__" _________ 20 ___ ж. "____" ____________________ 20 ___ ж.

      "__" _________ 20 ___ ж. "____" ____________________ 20 ___ ж.

      "__" _________ 20 ___ ж. "____" ____________________ 20 ___ ж.

      "__" _________ 20 ___ ж. "____" ____________________ 20 ___ ж.

      "__" _________ 20 ___ ж. "____" ____________________ 20 ___ ж.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 29 сәуірдегі
№ 301 бұйрығына
2-қосымша

      Нысан

Балықшы куәлігі
Аңшы куәлiгiнiң мұқабасы
(көлемi 105х80 мм, түсi көк, жазбасы қою сары түстi, қысып басу әдiсiмен жасалады)


Балықшы куәлігі


      Балықшы куәлiгі бланкiсiнiң 1-парағы

      (мұқабаның iшкi бетiнiң сол жағына желiмденедi)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (балық шаруашылығы субъектісінің Т.А.Ж, атауы)

      №___балықшы куәлігі

3х4 см фотосуретке арналған орын


      _________________________________________________________________

      (Тегi, аты, әкесiнiң аты)

      Туған күнi "____" ______________ ______ж.

      М.О.

      Аңшының өтiлi _____ж. бастап

      Куәлiк_____________________________________________________________

      (балық шаруашылығы субъектісінің атауы, мөр, куәлікті берген лауазымды тұлғаның қолы)__________________________________ берілді

      Берілген күні 20__ж. "__"_______, 20__ж. "__"______ дейiн жарамды.

      Балықшы куәлiгі бланкiсiнiң 2-парағы

      (мұқабаның iшкi бетiнiң оң жағына желiмденедi)

      Куәлiк

      20 __ж. "__" ________ 20 __ж. "__" _________ 20 __ж. "__" __________

      20 __ж. "__" ________ 20 __ж. "__" _________ 20 __ж. "__" __________ 20 __ж. "__" ________ 20 __ж. "__" _________ 20 __ж. "__" ____ дейiн ұзартылды.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 29 сәуірдегі
№ 301 бұйрығына
3-қосымша

      Нысан

Қорықшы куәлігі
Қорықшы куәлiгiнiң мұқабасы
(көлемi 95х66 мм, түсi қызыл, жазбасы алтын түстi, көгілдір түсті фонда баспаханалық тәсілмен жасалады)


Қорықшы куәлігі


      Қорықшы куәлiгі бланкiсiнiң 1-парағы

      (мұқабаның iшкi бетiнiң сол жағына желiмделедi)

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________ (аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектісінің Т.А.Ж, атауы)

№___қорықшы куәлігі

3х4 см фотосуретке арналған орын


      _____________________________________________________________

      (Тегi, аты, әкесiнiң аты) ______________________________________________________________

      (лауазымы)

      Туған күнi "____" ______________ ______ж.

      М.О.

      Куәлiк __________________________________________________________ (аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектісінің атауы, мөр, куәлікті берген лауазымды тұлғаның қолы)

      ____________________________________________________________ берілді

      Берілген күні 20__ж. "__"_______, 20__ж. "__"_______ дейiн жарамды.

      Қорықшы куәлiгі бланкiсiнiң 2-парағы

      (мұқабаның iшкi бетiнiң оң жағына желiмделедi)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________ (аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектісінің Т.А.Ж, атауы)

№___қорықшы куәлігі

      __________________________________________________________________

      (Тегi, аты, әкесiнiң аты

      __________________________________________________________________ аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектісінің атауы)

      "Қорықшыларға арналған айырым белгiлерi бар арнайы киiм киюге, қызметтік қаруды алып жүруге және табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны жөніндегі хаттама толтыруға құқығы бар".

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 29 сәуірдегі
№ 301 бұйрығына
4-қосымша

Аңшы, балықшы және қорықшы куәлiгiн беру ережесі
Жалпы ережелер

      1. Осы Аңшы, балықшы және қорықшы куәлiгiн беру ережесі (бұдан әрi – Ереже) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзiрленді және аңшы, балықшы және қорықшы куәлiктерін беру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.12.2015 № 18-03/1111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

      1) аңшы – аң аулауға құқық алған жеке тұлға;

      2) балықшы – бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде өз еңбек міндеттеріне қарай балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісінің қызметкері;

      3) қорықшы – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғауды жүзеге асыратын қорықшы қызметiнiң қызметкерi;

      4) аңшы куәлiгi – жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәландыратын құжат;

      5) балықшы куәлігі – жеке тұлғаның балықшы функцияларын жүзеге асыру құқығын куәландыратын, балық шаруашылығы субъектісі беретін құжат;

      6) қорықшы куәлігі – жеке тұлғаның қорықшы қызметі қызметкерінің функцияларын жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат;

      7) балық шаруашылығы субъектісі – негізгі қызметінің бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға;

      8) аңшылық шаруашылығы субъектісі – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда аңшылық шаруашылығын жүргiзетін жеке немесе заңды тұлға;

      9) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап (аңшылық минимумы) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы бойынша арнайы бағдарлама.

2. Аңшы куәлiгiн беру тәртiбi

      3. Аңшы куәлігін тұрғылықты жері бойынша 10 жылға аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының (бұдан әрі - қауымдастық) филиалдары мен өкілдіктері береді.

      Аңшы куәліктерін жыл сайын тіркеуді қауымдастық жүргізеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 29.11.2013 № 362-Ө бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      4. Аңшы куәлiгiмен бiр мезгiлде қауымдастық филиалдары мен өкілдіктері осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттiк баж төленгенi туралы түбіртек қоса тіркелетін аңшының есепке алу карточкасын толтырады, содан кейін аңшының жеке iсi қалыптастырылады, ол аңшы куәлiгiн қолдану мерзiмi бойы бөгде адамдардың қолы жетпейтін жабық шкафтарда сақталады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Жеке тұлғалар аңшылық минимумы бойынша емтихан тапсырғанға дейін аңшылық минимумы бағдарламасы бойынша даярлық курсынан өтеді.

      Аңшылық минимумы бағдарламасы бойынша даярлық курсынан өткеннен кейін жеке тұлғаға қолданылу мерзімі 1 жылдық сертификат беріледі, осы мерзім ішінде жеке тұлға аңшылық минимумы бойынша емтихан тапсырады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 29.11.2013 № 362-Ө бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      6. Аңшы куәлігін алу үшін жеке тұлғалар қауымдастық филиалына немесе өкілдігіне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама ұсынады.

      Сауалнамаға мына құжаттар қоса тіркеледі:

      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі (азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік азаматтар үшін - төлқұжатының және Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығын растайтын құжаттың көшірмесі);

      2) көлемі 3x4 сантиметр фотосуреттер (түрлі-түсті) - 3 дана;

      3) аңшылық минимум бойынша курсты аяқтағаны туралы сертификаттың көшірмесі (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін).

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 29.11.2013 № 362-Ө бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      7. Ескерту. 7-тармақ алынып тасталды - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Ескерту. 8-тармақ алынып тасталды - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Ескерту. 9-тармақ алынып тасталды - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Аңшы куәлiгiн беруді осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген қауымдастық филиалының немесе өкілдігінің жауапты тұлғасы құжаттарды тапсырғаннан кейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Аңшы куәлiгiн оның қолданыста болу мерзiмi аяқталғанғаннан кейін ауыстыру, сондай-ақ қолданыста болу мерзiмi бітпей жоғалту себебінен немесе жарамсыз болып қалғандықтан дубликат беру есепке алу карточкасының негiзiнде жүргiзiледi.

      12. Аңшыларды есептен шығару және есепке қою олар аумағында аңшы куәлiгi берiлген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктен (облыстан) тыс жерлерге тұрақты тұратын жерге көшіп келген кезде жүргiзiледi.

      Бұл жағдайда аңшы келген күннен бастап 30 күнтізбелік күн iшiнде жаңа тұрғылықты жерi бойынша қауымдастықтың филиалында немесе өкілдігінде есепке тұрады. Бұл ретте қауымдастықтың тиiстi филиалы немесе өкілдігі аңшының ол тiркелген бұрынғы орыннан кеткенi туралы белгiсi бар есепке алу карточкасының түпнұсқасын және оның жеке iсiн сұратады. Аңшының бұрынғы тiркелген орны бойынша қауымдастықтың филиалында немесе өкілдігінде аңшының есепке алу карточкасының және есепке алу карточкасы мен жеке iстiң түпнұсқасын жаңа есепке алу орнына жіберу туралы белгiсi бар және оларды жіберудің негiзi көрсетiлген iлеспе хаттың көшiрмесi сақталады.

      Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк (облыс) шегiнде аңшының тұрақты тұратын жерi өзгерген кезде, сондай-ақ аңшы куәлiгi мен есепке алу карточкасында ескерілетін басқа да деректер өзгерген кезде аңшы 30 күнтізбелік күн iшiнде болған өзгерiстер туралы өзi есепте тұрған жерге хабарлайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Ескерту. 13-тармақ алынып тасталды - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Аңшы куәлігінің берілуі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшы куәлігін беру журналында тіркеледі.

      Аңшы куәлігін беру және жыл сайын тіркеу кезінде ол осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы мөрмен (бұдан әрі - арнайы мөр) куәландырады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 29.11.2013 № 362-Ө бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      15. Ескерту. 15-тармақ алынып тасталды - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Ескерту. 16-тармақ алынып тасталды - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Ескерту. 17-тармақ алынып тасталды - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Белгіленген нысан бойынша берілген аңшы куәліктері туралы есептілік "Аңшы куәлiктерін беру жөніндегі есептіліктің нысанын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің

      2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11735 болып тіркелген) сәйкес беріледі.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.12.2015 № 18-03/1111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Балықшы куәлiгiн беру тәртiбi

      19. Балықшы куәлігін беру бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде атқаратын міндеттеріне сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асыратын осы балық шаруашылығы субъектісінің қызметкерлеріне балық шаруашылығы субъектісінің өкілімен жүзеге асырылады.

      20. Балықшы куәлігін беруді жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісінің өкілі балық шаруашылығы субъектісі басшысының бұйрығымен тағайындалады.

      21. Егер балықшы куәлігі жоғалса немесе жарамсыз болып қалса балық шаруашылығы субъектісі балықшының өтініші бойынша балықшы куәлігіне дубликат береді.

      22. Балықшы куәлігінің қолданылу мерзімі балық шаруашылығы субъектісімен бекітіледі.

      23. Куәліктің әрекет ету мерзімі аяқталса немесе балықшы жұмыстан босатылған жағдайда куәлік балық шаруашылығы субъектісіне қайтарылып беріледі.

4. Қорықшы куәлiгiн беру тәртiбi

      24. Қорықшы куәлігін беру аңшылық және балық шаруашылығы субъектісімен бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғауды жүзеге асыратын қорықшы қызметiнiң қызметкерлеріне Инспекцияға жұмысқа қабылданған қызметкерлер туралы ақпарат ұсынылып жүзеге асырылады.

      25. Қорықшы куәлігін беруші аңшылық және балық шаруашылығы субъектісінің өкілі аңшылық және балық шаруашылығы субъектісі басшысының бұйрығымен тағайындалады.

      26. Қорықшы куәлігі жоғалса немесе жарамсыз болып қалса қорықшының өтініші бойынша қорықшы куәлігіне дубликат беріледі.

      27. Қорықшы куәлігі мерзімінің ұзарту мүмкіншілігімен бір жылға жарамды.

  Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiгiн беру ережесіне
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.12.2015 № 18-03/1111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысан

Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы

      _____________________________________________________________________

      (аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық

      бірлестіктері қауымдастығының филиалы немесе өкілдігі)

      Аңшының есептік карточкасы

3 х 4 см

фотосуретке

арналған орын

Тегі ______________________________________________

Аты ________________ Әкесінің аты _________________

Туған күні "__" ______________ ______ жылы

Жеке куәлігі/паспорты _____________________________

ЖСН _______________________________________________

Үйінің мекенжайы, телефоны ________________________

Аңшының өтілі 20__жылы бастап


      № _____ аңшы куәлігі "__"________20 __ жылы берілді.

      Аңшылық минимумы бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгі ______

      _____________________________________________________________________

      (емтихан алу комиссиясы хаттамасының нөмірі және күні)

      Тұлғаның қолы және мөр ________________________________________

      Ерекше белгілер

      1. Аңшылық қарудың бар-жоғы туралы мәліметтер

Түрі

Маркасы

Калибрі

Шығарылған жылы

Зауыттық нөмірі

Басқа да














      2. Аң аулайтын итті, қыран құсты тіркеуге алу

Тұқымы (түрі), түсі, сақина, микрочип нөмірі

Туған жылы

Иттің ветеринариялық тіркеу құжаты, паспорты

Итті аң аулауға жіберу туралы белгі, қыран құсты қолда ұстау мерзімі














      3. Жол берілген жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және

      пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын

      бұзушылықтар туралы белгілер _____________________

      _______________________________________________________________

      Аңшы куәлігі тіркелді:

      20 ___ жылғы "__" _________ 20 ___ жылғы "____" _______________

      20 ___ жылғы "__" _________ 20 ___ жылғы "____" _______________

      20 ___ жылғы "__" _________ 20 ___ жылғы "____" _______________

      20 ___ жылғы "__" _________ 20 ___ жылғы "____" _______________

      20 ___ жылғы "__" _________ 20 ___ жылғы "____" _______________

      Есепке алу және есептен шығару туралы белгі

Есепке алынды

Есептен шығарылды

Тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы







  Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiгiн беру ережесіне
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.12.2015 № 18-03/1111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысан

      Сырт жағы

      Сауалнама

3 х 4 см

фотосуретке

арналған

орын

мөр орны

Тегі ___________________________________________________

Аты ______________Әкесінің аты _________________________

Туған күні ______жылғы "___"____________________________


      Азаматтығы __________________________________________________________

      Жеке куәлігі/паспорты _______________________________________________

      ЖСН _________________________________________________________________

      Үйінің мекенжайы, телефоны __________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық

      ___________________________________________________________ басшысына

      бірлестіктері қауымдастығының филиалының немесе өкілдігінің атауы)

      _____________________________________________________________________

      (аңшы куәлігін (аңшылық билетін) берген ұйымның атауы және берген

      күні)

      ________________________________ берген № _____________ аңшы куәлігін

      беру/ауыстыру үшін мынадай құжаттар беріледі:

      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі

      (азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдік азаматтар үшін – аңшылық

      шаруашылығы субъектісімен аң аулауды ұйымдастыруға жасалған шарттың

      және тұратын елінде берілген олардың аң аулау және жануарлар дүниесін

      пайдалануға рұқсат алу құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесі);

      2) ____________________________________________________________

      (сауалнамада көрсетілген мекенжайы бойынша өтініш берушінің

      тұратынын растайтын құжат)

      3) Mөлшері 3 х 4 сантиметр фотосурет (түрлі түсті) – 3 дана;

      4) Аңшылық минимумы бойынша курсты аяқтағаны туралы

      сертификаттың көшірмесі.

      Жеке тұлғаның тегі, қолы _____________/_______________________/

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Күні 20 ___ жылғы "___" __________

      Сауалнаманы қабылдадым ________________________________________

      Өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы,

      қолы)

      Күні 20__ жылғы "___" __________

      1. Аңшылық минимумы бойынша курсты өткені туралы белгі

Аңшылық минимумы бойынша курсты 20__ жылғы "__" _____ бастап 20 __ жылғы "__" ______ аралығында өтті.

Курсты аяқтағаны туралы құжат 20 __ жылғы "__" __________ берілді.

Курсты өткізген ұйым басшысының қолы ________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

Мөр орны Күні 20 __ жылғы "___" ____________


      2. Емтиханға жіберілгені туралы белгі

Емтиханға ___________________________________________________________

(жіберілді/жіберілген жоқ)

Емтихан тапсыруға жіберуден бас тарту негіздемесі ___________________

Емтиханға жіберген тұлғаның қолы __________/________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

Таныстым, жеке тұлғаның қолы_______________/_________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

Мөр орны Күні 20 __ жылғы "__" _____________

Емтиханды қайтадан тапсыруға ________________________________________

(жіберілді/жіберілген жоқ)

Емтиханды қайтадан тапсыруға жіберуден бас тарту негіздемесі ________

Таныстым, жеке тұлғаның қолы _______________/________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

Мөр орны Күні 20 __ жылғы "__" _____________


      3. Емтихан нәтижелері туралы белгі

Тест тапсырмасының нөмірі ________

Емтихан нәтижелері:

дұрыс жауаптар ___________________

(жауаптар саны)

бұрыс жауаптар ___________________

(сұрақтар саны)

жіберілген қателіктер ____________

(сұрақтар саны)

Емтиханның нәтижесі:

Емтихан __________________________

(тапсырылды/тапсырылған жоқ)

Емтихан қабылдау комиссиясының хатшысы

__________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

Күні 20 __ жылғы "___" ___________

Таныстым, жеке тұлғаның қолы/_________/


Тест тапсырмасының нөмірі ________

Емтихан нәтижелері:

дұрыс жауаптар ___________________

(жауаптар саны)

бұрыс жауаптар ___________________

(сұрақтар саны)

жіберілген қателіктер ____________

(сұрақтар саны)

Қайталама емтиханның нәтижесі:

Емтихан __________________________

(тапсырылды/тапсырылған жоқ)

Емтихан қабылдау комиссиясының хатшысы __________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

Күні 20 __ жылы "___" ____________

Таныстым, жеке тұлғаның қолы/_________/

  Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiгiн беру ережесiне
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымша алынып тасталды - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiгiн беру ережесiне
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысан

Аңшы куәлігін беру
журналы

      _____________________________________________________________________

      (аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық

      бірлестіктері қауымдастығының филиалы немесе өкілдігі)

р/с №

Аңшының тегі, аты, әкесінің аты

Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы

Аңшы куәлігінің нөмірі, берілген күні

Алғаны туралы қолы

1

2

3

4

5

















      Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық

      бірлестіктері қауымдастығы филиалының немесе өкілдігінің басшысы _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (қолы) (Т.А.Ж.)

      М.О. "___" ____________ 20 __ ж.

  Аңшы, балықшы және
қорықшы куәліктерін
беру қағидаларына
4-1-қосымша

      Ескерту. Қағида 4-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 29.11.2013 № 362-Ө бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

Аңшы куәлігіне арналған мөрдің
ЭСКИЗІ


      Ескертпе:

      Мөр дөңгелек пішінді болып келеді, мөрдің диаметрі 25 миллиметр, ішкі диаметрі 15 миллиметр. Сыртқы және ішкі диаметрінің аралығында мемлекеттік тілде "Қансонар" қауымдастығы" деген жазу, ішкі шеңбердің ортасында мемлекеттік тілде "Аңшы куәлігіне арналған мөр" деген жазулар бар.

  Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiгiн беру ережесiне
5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымша алынып тасталды - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады