Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрылу, жұмыс істеу және таратылу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 42 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6276 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 919 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.12.2018 № 919 (11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрылу, жұмыс істеу және таратылу ережесі бекітілсін.

      2. "Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрылу, жұмыс істеу және жойылу ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 99 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3580 тіркелді, 2005 жылғы 7 қазанда "Заң газетінде" № 121-122 (746) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар

      министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Ғ.М.

      Мұхамбетов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.С. Камалиевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндетін атқарушы

А. Рау



  Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің м.а.
2010 жылғы 23 сәуірдегі № 42
бұйрығымен бекітілген

Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрылу, жұмыс істеу және таратылу ережесі

      Осы ереже "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және таратылу тәртібін белгілейді.

      Осы ереже талаптары, ұйымдастырушы-құқықтық нысандарға және бағыныстылығына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан техникалық комитеттер мамандарына таратылады.

1. Жалпы ережелер

      1. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер (бұдан әрі - ТК) мемлекеттік органдар мен мүдделі тараптардың ұсыныстары бойынша

      салааралық деңгейде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін

      экономика салаларында құрылады.

      2. ТК-экономика салаларында стандарттарды әзірлеу және бекітілген стандарттау объектілері немесе қызмет бағыттары бойынша техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін құруға қатысу үшін ерікті негізде құрылатын консультативтік-кеңесші орган.

      3. ТК мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу, жобалық-құрастырылымдық және технологиялық институттардың, құрастырылымдық бюролардың және ұйымдардың, өндірушілер мен тұтынушылардың, қауымдастықтардың (олар ТК қызметі саласында құрылған жағдайда), сондай басқа мүдделі тараптардың өкілдерінен тұрады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 14.08.2013 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. ТК-ны құру туралы шешімді және оның құрамын техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекітеді.

      4-1. ТК құрамы мүдделі тараптардың өкілдерінің тең санын есепке ала отырып құрылады.

      Ескерту. Ереже 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 14.08.2013 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. ТК орындалатын жұмыс деңгейіне байланысты, Қазақстан Республикасының техникалық комитеттеріне (ТК), мемлекетаралық техникалық комитеттерге (МТК), стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымының және халықаралық электр техникалық комитеттеріне (ХЭТ, ИСО ТК) бөлінеді.

      6. ТК Кеңесі қызмет саласында және оларға бекітіліп берілген стандарттау объектілері бойынша шешім қабылдауға арналған техникалық хатшылық төрағаларының жиналысын білдіреді және төраға, оның орынбасары (қажет болған кезде), хатшы, ТК-ға өкілетті мүше - өкілдерден тұрады.

      7. ТК хатшылығын ТК Кеңесінің хат-хабарын жүргізу, отырыс құжаттарын дайындау және рәсімдеу, ТК қызметін үйлестіру мақсатында базасында ТК құрылған ұйым жүргізеді. Техникалық хатшылықтың құрамы және Төрағаның кандидатурасы ТК-ның барлық мүшелерімен келісіледі және уәкілетті орган бекітеді. Техникалық хатшылық хат-хабарды осы ұйымның бланкісінде қажетті деректеме жинақтамасымен жүргізеді.

      8. ТК-ның мүшелері дауыс құқығын және өз функцияларын ТК Кеңесінің мәжілістерінде немесе ТК-ның тапсырмасы бойынша жұмыстарды орындау процестерінде жүзеге асырады.

      9. ТК-ның ұйымдастырушылық және жұмыс мәжілістері сырттай,

      жазбаша (пошталық немесе электрондық) талқылау және пікір алысу жолымен өткізіле алады. Осындай мәжілістердің қорытындыларын қарастырудан кейін (құжаттарды бекітуге немесе оларды әрі қарай қарастыру мен әзірлеуден алып тастау туралы) түпкілікті шешімді ТК Кеңесі қабылдайды. Шешімдер дауыстардың көпшілігімен қабылданады. Кеңестің шешімін Техникалық хатшылық ТК-ның барлық мүшелеріне бір апталық мерзімде жеткізеді.

      10. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген ТК мүшелері ТК Төрағасының келісімімен уәкілетті органға берілген жазбаша өтініш негізінде ТК құрамына кіреді және құрамынан шығады. Өтінішті қарастыру мерзімі берілген күннен бастап бір айдан аспауы керек.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 14.08.2013 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10-1. ТК қызметіне 2 жыл бойы қатыспаған ТК мүшелері ТК құрамынан шығарылады және уәкілетті өкілдердің - ТК мүшелері отырысының хаттамасы негізінде уәкілетті органның шешімі бойынша басқа мүдделі өкілдермен ауыстырылады.

      Ескерту. Ереже 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 14.08.2013 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. ТК құру тәртібі

      11. Базасында ТК құрылатын ұйым уәкілетті органға ТК құру туралы негіздемесі болатын өтініш жібереді.

      Ұсынысты мыналар қамтылады:

      1) ТК-ны ерікті түрде құру туралы өтініш;

      2) ТК хатшылығын жүргізуге келісім берген ТК-ны құруға негіз болатын заңды тұлғаның, оның қызметі және ТК жұмысына жағдайлар жасау мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпараты бар толық және қысқартылған атауы. Келісім еркін формада жазбаша ресімделеді;

      3) ТК-га бекітілген стандарттау объектілерінің тізімі немесе ТК қызметінің саласы;

      4) ағымдағы жылдағы және (немесе) болашақтағы болжалған жұмыс бағдарламасы;

      5) ТК жұмысына қатысуға жазбаша келісімі бар ТК-ға мүше ұйымдар тізімі;

      6) базасында ТК құрылатын ұйым (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, нотариалдық куәландырылған) жарғысының көшірмесі.

      12. Уәкілетті орган егер көрсетілген қызмет саласы әрекет етуші ТК өтініш жасамаған жағдайда ғана ТК құру туралы ұсынысты қарастырады. ТК құрған кезде қолданылу саласы мен стандарттау нысандарын олардың қайталануын болдырмай әрекет ететін ТК нақты шектеуі керек.

      Егер уәкілетті орган оң шешім қабылдаған жағдайда, ол ТК құру және оның құрамын бекіту туралы бұйрық шығарады. Теріс шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган өтінімді және оған қосымша құжаттамаларды өтініш беруші-ұйымға толықтыру үшін қайтарады немесе ұсынылған ұсыныстан бас тарту себептері туралы негіздемесімен өтінімді қабылдамайды.

      13. Уәкілетті орган ТК-ға идентификациялық (реттік) нөмір және атау береді. Техникалық комитеттің белгісі "ТК" әріптері мен идентификациялық нөмірден тұрады (мысалы ТК 156). ТК туралы мәліметтер Интернет-ресурсқа (www.memst.kz) орналастырылатын Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізіліміне енгізіледі.

      14. Хатшылық ТК қызмет ету саласы, құрылымына қатысты барлық өзгерістерді уәкілетті органға жібереді.

      15. ТК хатшылығы осы Ереженің 7-бабында айқындалған талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті орган хатшылықты жүргізуді ТК құру және тіркеу процедурасын қайта өткізетін, яғни осы ТК мүше - ұйымдармен келісе отырып, ТК құрамына кіретін басқа ұйымға береді және ТК құрамына және құрылымына тиісті өзгерістер енгізеді.

      16. ТК құрылған және құрамы бекітілген күннен бастап екі ай ішінде ТК хатшылығы уәкілетті органға ТК туралы құрылым мен ережені дайындайды және келісу үшін жібереді.

      17. ТК құрылымы ерікті формада мынадай қосымшаларымен бірге

      ұсынылады:

      1) ТК төрағасы, төраға орынбасары, хатшысы және уәкілетті мүше-өкілдерін қамтитын тізімдік құрамы;

      2) әрбір ішкі комитет үшін стандарттау саласының (қызмет ету салалары)объектілері, оның құрамы және хатшылық мекенжайы көрсетілетін ішкі комитеттер тізбесі (бар болса).

      18. ТК туралы ережені ТК төрағасы бекітеді.

      19. Базасында ТК бар заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде, ТК мүшелерінің байланыс деректері өзгерген жағдайда, хатшылық ақпаратты қайта ұйымдастырылған күннен бастап немесе осындай өзгерістер түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 14.08.2013 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. ТК стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін өзінің шешімімен барлық ТК-ға қарағанда барынша санаулы стандарттау салаларында бір немесе бірнеше ішкі комитеттерді (ІК) анықтау және осы шешімде осы ішкі комитеттердің жұмыс тәртібін анықтайды.

      21. Әрбір ішкі комитет өзінің меншікті идентификациялық (реттік) нөмірі мен атауын алады. Ішкі комитет белгісі ТК белгісінен, көлбеу сызық, "ІК" әріптерінен, кіші комитет нөмірінен және оның атауынан тұрады. Қысқаша атауы атаусыз белгілерді қамтиды (мысалы, ТК 156/ІК 2).

      22. ТК, ІК шегінде нақты жобамен жұмысты ұйымдастыру үшін (мысалы, стандарт әзірлеу үшін) жоба аяқталғаннан кейін өз жұмысын тоқтататын жұмыс топтары (ЖТ) құрылады. Жұмыстық топтың басшысы мен жұмыс тәртібі ТК Кеңесінің отырысында анықталады.

      23. ТК ІК және ЖТ құрылымы, құрамы ТК отырыстарында

      қалыптастырылады.

3. ТК-ның жұмыс тәртібі

      24. ТК жұмысы отандық өнімнің ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ шетел мемлекеттерімен өнімдермен (технологиялармен, көрсетілетін қызметтермен) сауда мақсатында алмасу кезінде техникалық кедергілерді жою үшін ұлттық стандарттардың сапалық деңгейін көтеруге, оларды халықаралық стандарттармен үйлестіруге бағытталған.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 14.08.2013 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Мемлекеттік стандарттау саласында ТК мынадай функцияларды ұйымдастырып, жүзеге асырады:

      1) бекітілген объектілер бойынша және қызмет бағыттары бойынша

      мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын

      анықтау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      2) техникалық реттеу саласындағы заңнамаға сәйкес ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, шетел мемлекеттерінің халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттарын және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін және олар енгізілетін өзгерістерді әзірлеуге және сараптауға қатысу;

      3) техникалық регламенттерді және ұлттық стандарттарды әзірлеу

      бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      4) мемлекеттік стандарттау бойынша жыл сайынғы жұмыс жоспарлары

      мен бағдарламаларына ұсыныстар әзірлеу.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 14.08.2013 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. ТК жұмыс жоспары жоспарланатын жұмыстардың орындалу

      жылының алдындағы жылдың 1 шілдесіне дейін уәкілетті органға ұсынылады.

      27. ТК жарты жылғы қорытынды есептері келесі есептік кезең айының 5-іне дейін уәкілетті органға ұсынылады.

4. ТК халықаралық және мемлекетаралық ТК - мен (ИСО/ТК, МТК және ХЭК/ТК) өзара әрекет ету тәртібі

      28. ТК халықаралық, мемлекетаралық техникалық комитеттермен өзара әрекеті уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.

      29. ТК ИСО/ТК, МТК және ХЭК/ТК ену үшін уәкілетті органға ТК төрағасының қолы қойылған өтінімді жіберу керек.

      30. ИСО/ТК немесе ХЭК/ТК, ТК-нің өзара әрекеті бойынша жұмыстарды жүргізу үшін ТК штатында ИСО/ТК немесе ХЭК/ТК хатшылығынан түсетін стандарттардың жобаларын аудару үшін ИСО немесе ХЭК стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың ресми тіліне сәйкес келетін шетел тілін білетін маман болуы қажет.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 14.08.2013 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Уәкілетті орган халықаралық және мемлекетаралық ТК-мен хат жазысуды жүзеге асырады және ИСО немесе ХЭК стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың ресми тіліне сәйкес келетін шетел тіліндегі стандарттардың жобаларын ТК-ға қарауға жібереді.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 14.08.2013 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Мемлекетаралық және халықаралық ТК-ға мүше болған ТК мынадай міндеттемелер атқарады:

      1) пікір жинауға жіберілген стандарттардың жобаларын қарастырады, және ұсыныстар мен ескертулерді уәкілетті органға қайтарусыз ұсынады;

      2) стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеуге қатысады;

      3) стандарттар әзірлеу кезінде қатысатын сарапшылар мен

      қадағалаушыларды ұсынады;

      4) стандарттар жобалары бойынша дауыс беру сатыларында қорытынды әзірлейді.

      Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 14.08.2013 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5. ТК тарату

      33. ТК мынадай жағдайларда таратылады:

      1) осы Ереженің 3-тарауында көрсетілген функцияларды орындамаған кезде;

      2) егер ТК құруды жүзеге асыру үшін барлық жұмыстар орындалған болса;

      3) ТК бастамасы бойынша;

      4) ТК қызметі туралы есептерді 2 жыл бойы ұсынбаған кезде.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 14.08.2013 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады