"Жасалатын нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және жекеше нотариустардың іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 5 шілдедегі № 202 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 185 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 29 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6312 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 245 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2011.06.29 № 245 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтүзбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Бұйрығымен.

      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы «Әділет органдары туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы «Нотариат туралы» Заңының 32-бабы 14) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жасалатын нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және жекеше нотариустардың іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 5 шілдедегі № 202 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2934 тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      бұйрықтың 2-тармағында «Аумақтық әділет органдарының» деген сөздерді «әділет департаметтерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жасалатын нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және жекеше нотариустардың іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесінде:
      барлық мәтін бойынша «әділет органы», «әділет органының», «әділет органына» деген сөздер «әділет департаменті», «әділет департаментінің», «әділет департаментіне», деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта «аумақтық» деген сөз алып тасталсын;
      2-тармақта «, оның мақсатын, міндеттерін, қағидаттары мен көлемін» деген сөздер алып тасталсын;
      3-тармақта орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
      7-тармақта:
      «күтіледі» деген сөз «қамтиды» деген сөзбен ауыстырылсын;
      бірінші абзацтағы «тексеруден» деген сөз «тексеру» деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы «тексеру» деген сөз «тексеруді» деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшінші абзацтағы «зерделеу» деген сөз «зерделеуді» деген сөзбен ауыстырылсын;
      төртінші абзацтағы «тексеру» деген сөз «тексеруді» деген сөзбен ауыстырылсын;
      бесінші абзацтағы «талдау» деген сөз «талдауды» деген сөзбен ауыстырылсын;
      жетінші абзацтағы «сақтау» деген сөз «сақтауды» деген сөзбен ауыстырылсын;
      жетінші абзацтағы «зерделеу» деген «зерделеуді» деген сөзбен ауыстырылсын;
      сегізінші абзацтағы «орындау» деген сөз «орындауды» деген сөзбен ауыстырылсын;
      11-тармақта «нотариустың жекеше нотариаттық сектордағы жұмысының жалпы мерзімі» деген сөздерді «тиісті нотариаттық округіндегі қызметті жүзеге асырудың жалпы мерзімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      12-тармақта «мүмкін» деген сөз алып тасталсын, «жүргізілуі» деген сөз «жүргізіледі» деген сөзбен ауыстырылсын;
      13-тармақта «мүмкін» деген сөз алып тасталсын, «құрылуы» деген сөз «құрылады» деген сөзбен ауыстырылсын, «бес адамнан» деген сөз «үш адамнан» деген сөзбен ауыстырылсын;
      14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «Нотариус қызметiн алғашқы тексеруден:
      нотариуспен нотариалдық қызметті реттейтін қолданыстағы заңнамаларды сақтау тәртiбiн;
      нотариустың үй-жайына заңнамада қойылатын талаптарды сақтауды (нотариус офисiнiң халық үшiн қол жетiмдi болуы, оның нотариус қызметiнiң аумағында орналасуы, нотариаттық iс-әрекеттер жасаудың құпиялығын қамтамасыз ету, маңдайшадағы жазу, жұмыс режимi, үй-жайға қойылатын санитарлық, өртке қарсы және басқа да талаптардың орындалуын қамтамасыз ету);
      нотариустың мөрi мен бланкiлерiн сақтау, нотариустың тiзiлiмдердi, кiтаптарды жүргiзуi мен сақтауы жағдайларын;
      азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруды;
      мұрағат үй-жайының жай-күйiн және мұрағат құжаттарының;
      нотариус қызметiнiң ақпараттық-нормативтiк жай-күйiн зерделеуді қамтиды.»;
      20-тармақта «нотариаттық өтілі бар» деген сөздерден кейін «және соңғы үш жылда тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған» деген сөздермен толықтырылсын;
      22-тармақта «жақсы» деген сөз алып тасталсын;
      мемлекеттік тілдегі мәтінінің 28-тармақпен толықтырып келесі мазмұндағы сөзбен толықтырылсын: Анықтамада алынған жағдайды толық талдау, комиссияның бағасы мен қорытындысы, сонымен қатар міндетті түрде іске асыру мерзімі көрсетілген нақты ұсыныстар болу қажет.»;
      33-тармақта алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нотариустың лицензиясын айыру, күшiн тоқтата тұру немесе жою туралы лицензиарға ұсынымдар жiберу туралы шешiмдер қабылданады.»;
      тармақтың орыс тіліндегі мәтінінің бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылып екінші абзацына түзетулер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
      34-тармақ алып тасталсын;
      2. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                             Р. Түсіпбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Республикалық нотариаттық
      палатасының төрайымы
      __________ А.Б. Жанабилова
      2010 жылғы 15 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады