"Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің м.а. 2010 жылғы 9 шілдедегі N 369 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 14 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6333 болып енгізілді.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 тіркелген, 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1481) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      осы бұйрықпен бекітілген, Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесінде:
      18-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «Негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлікке енгізуге жататын барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары «5» болған 9 (10)-сынып бітірушілеріне негізгі орта білім туралы үздік куәлік беріледі.
      10 (11) және 11 (12)-сыныптардағы оқу кезеңінде барлық пәндерден жылдық, қорытынды және қорытынды аттестаттаудағы бағалары «5» болған 11 (12)-сынып бітірушілеріне жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.
      Жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер ҰБТ-да бір балл жетпеуіне байланысты жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын растамаған жағдайда, оған жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.».
      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Н.Р. Аршабеков):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Министрдің міндетін атқарушы                        М. Сарыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады