"Бал араларының ауруларын алдын алу, емдеу және бал аралары қауымының зиянкестерімен күресу жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 қыркүйектегі № 514 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 3 шілдедегі N 432 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6336 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 8-бабы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бал араларының ауруларын алдын алу, емдеу және бал аралары қауымының зиянкестерімен күресу жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 қыркүйектегі № 514 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3159 болып тіркелген, 2005 жылғы 14 қазандағы № 126-127 (751) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      бұйрықтың кіріспесінде «8) тармақша» деген сөздер «6) тармақша» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық және Астана, Алматы қалаларының аумақтық инспекцияларымен бірігіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан шығатын қажетті шараларды қабылдасын.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бал араларының ауруларын алдын алу, емдеу және бал аралары қауымының зиянкесерімен күресу жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесінде:
      2-тармақтағы «орналасуы қажет» деген сөздер «орналастырылады» деген сөзбен ауыстырылсын;
      20-тармақтағы «болуға тиіс» деген сөздер «бар» деген сөзбен ауыстырылсын;
      бүкіл мәтін бойынша «ветеринариялық инспекторына», «ветеринариялық инспекторы», «ветеринариялық инспекторларына», «ветеринариялық инспекторының» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық инспекторына», «ветеринариялық-санитариялық инспекторы», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларына», «ветеринариялық-санитариялық инспекторының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      29-тармақ алынып тасталсын;
      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «30. Бал аралық қауымдарда, пакеттерді, аналықтарды өткізу ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеріп қарағаннан кейін жүзеге асырылады. Әр омартаға «Баларасы шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 27 мамырдағы № 297 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2374 болып тіркелген) нысан бойынша ветеринариялық паспорт жүргізіледі.»;
      63-тармақтағы «ғана қолдануға болады» деген сөздер «қолданылады» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветеринриялық қауіпсіздік департаменті (Токсеитова Р.Ә) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         А. Күрішбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады