Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегі радиосәулелендіру құралдарының жарамдылық куәліктерін беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 12 тамыздағы N 354 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 21 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6504 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 631 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.09.21 № 631 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегі радиосәулелендіру құралдарының жарамдылық куәліктерін беру ережесі бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегі радиосәулелендіру құралдарының жарамдылық куәліктерін беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 136 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5210 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 13 маусымдағы № 89 (1489) «Заң газеті» газетінде жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                          Д. Көтербеков

      КЕЛІСІЛГЕН:
      Қазақстан Республикасы
      Ақпарат және байланыс министрі
      _______________ А. Жұмағалиев
      2010 жылғы 27 тамыз

Қазақстан Республикасы     
Көлік және коммуникация    
министрінің міндетін атқарушының
2010 жылғы 12 тамыздағы    
N 354 бұйрығымен бекітілген 

Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегі
радиосәулелендіру құралдарының жарамдылық куәліктерін
беру ережесі.

Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегі радиосәулелендіру құралдарының жарамдылық куәліктерін беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясы ұйымдарының жердегі радиосәулелендіру құралдарының (бұдан әрі - радиосәулелендіру құралдары) жарамдылық куәліктерін (бұдан әрі - жарамдылық куәліктері) беру тәртібін анықтайды.
      2. Жарамдылық куәліктерін беруді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - Азаматтық авиация комитеті) жүзеге асырады.
      3. Әрбір радиосәулелендіру құралына осы Ережеге 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша жарамдылық куәлігі беріледі.
      Көрсетілген құжатсыз немесе қолданылу мерзімі өтіп кеткен радиосәулелендіру құралдарын пайдалануға рұқсат етілмейді.
      4. Азаматтық авиация комитеті радиосәулелендіру құралдарын есепке алу мақсатында оларды журналда (қағаз түрінде және электронды нұсқада) тіркейді.

2. Жарамдылық куәліктерін беру тәртібі

      5. Жарамдылық куәліктерін беру осы Ережеге 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша азаматтық авиация ұйымының өтініші негізінде жүргізіледі.
      Жарамдылық куәліктері:
      бес жылға - дайындаушы кәсіпорын белгілеген мерзімнен қалған қызмет ету мерзімі бес жылдан аса радиосәулелендіру құралдары үшін және дайындаушы кәсіпорын белгілеген қызмет ету мерзімі көрсетілмеген радиосәулелендіру құралдары үшін;
      радиосәулелендіру құралдарының қызмет ету мерзімінен қалған қолданыс мерзімі кезеңінде, егер ол кемінде 5 жылды құраса;
      Қазақстан Республикасының үкіметінің 2007 жылғы 10 қыркүйекте № 785 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы ұшуларды радиотехникалық және авиациялық радиобайланыспен қамтамасыз ету ережесіне сәйкес дайындаушы кәсіпорын көрсеткен радиосәулелендіру құралдарының қызмет ету мерзімін ұзарту кезінде анықталған мерзімде беріледі. Қараңыз.P101525
      6. Өтінішке төмендегі құжаттар қоса беріледі:
      1) радиосәулелендіру құралдарын пайдалануға қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесі;
      2) жердегі радиосәулелендіру құралдарының техникалық жай-күйінің актісі осы Ережеге 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша жарамдылық куәлігі беріледі;
      3) жердегі тексеру және күйіне келтіру хаттамасы осы Ережеге 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша жарамдылық куәлігі беріледі;
      4) радиосәулелендіру құралдарының техникалық жай-күйі туралы есептер мен қорытындылар (тек қызметінің немесе қорлардың мерзімін ұзартқан жағдайда ғана);
      5) ұшуда тексеру актісі (өте жоғары жиілік ауқымындағы авиациялық электр байланыс құралдарынан басқа);
      6) әуе кемелерімен жүргізілетін екі жақты радиобайланыстың қашықтық кестесі (өте жоғары жиілік ауқымындағы авиациялық әуе электр байланысы құралдары үшін);
      7) жабу бұрыштарының кестесі (бірінші және екінші реттік шолу радиолокаторлары үшін, азимуттық-қашықтық радиомаяктар үшін);
      8) индикаторда негізгі жолдар мен жарық аймақтарын көрсете отырып, полярлық координаттардағы шолу радиолокаторларының әрекет ету қашықтығының кестесі;
      9) күту және қонуға кіру аймақтарында әуеайлақтық шолу радиолокаторының көрінім аймағының сызбасы;
      10) объектіні электрмен жабдықтау сызбасы (бір желіде орындау);
      11) объектінің ұшу-қону жолағына қатысты орналасу жоспары (әуеайлақ жанындағы құралдар үшін);
      7. Жарамдылық куәліктерінің қолданылуы төмендегі жағдайларда уақытша тоқтатылады:
      1) радиосәулелендіру құралдарының пайдаланылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылданғанда;
      2) радиосәулелендіру құралдарын жаңа объектіге (орынға) орнату мақсатында бөлшектеген кезде (әуеайлақ шегіндегі авиациялық электр байланысы құралдарынан басқа);
      3) радиосәулелендіру құралдары аварияға ұшыраған жағдайда, одан кейін олар жөндеуге және қалпына келтіруге жатады.
      8. Тоқтатылу себебі жойылғаннан кейін және осы Ереженің 6-тармағының 2)-6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде жарамдылық куәліктерінің қолданылуы қайта жаңартылуы мүмкін.
      9. Жарамдылық куәліктерін беру осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса өтініш түскен күнінен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
      10. Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, Азаматтық авиация комитеті қайтару себебін көрсете отырып, оларды өтініш берушіге қайтарады.
      Өтінішті қайтару қайта өтініш жасауға кедергі болып табылмайды.

Қазақстан Республикасы   
азаматтық авиациясының жердегі
радиосәулелендіру құралдарының
жарамдылық куәліктерін беру 
ережесіне 1-қосымша     

Нысан

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрлігі
Азаматтық авиация комитеті

       Жердегі радиосәулелендіру құралының
жарамдылық куәлігі №       

Астана қаласы

1-қосымшаның артқы беті

Жердегі радиосәулелендіру құралының
№ жарамдылық куәлігі

      1. Жердегі радиосәулелендіру құралының атауы, түрі
      ______________________________________________________________
      2. Сериясы (зауыттық) № ______________________________________
      3. Әзірлеуші _________________________________________________
         Куәлік берудің негіздемесі ________________________________
         ___________________________________________________________
            (кәсіпорынның өтініші, қабылдау, аралап ұшу актісі)
      4. Осы Куәлік арқылы жоғарыда аталған жердегі радиосәулелендіру құралының Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында қолданылатын пайдалануға жарамдылық нормаларына (талаптарына) сәйкес келетіндігі расталады.
      5. Егер сертификатта белгіленген шектеулер мен құжаттамаға сәйкес техникалық қызмет көрсету және пайдалану жүргізілетін болса, белгіленген тәртіппен арнайы оқудан өткен және жұмысқа жіберілген қызметкер техникалық қызмет көрсету мен пайдалануды жүргізетін болса, онда жоғарыда аталған радиосәулелендіру құралы пайдалануға жарамды болып табылады.
      6. Куәліктің қолданылу мерзімі __________ дейін немесе ________ сағат.

      ААК төрағасының орынбасары _____________________________
                                                 (Т.А.Ә.)

                         М.О.
                     (елтаңбалы)
                                    _________________________________
                                                 (қолы)

                                    20____жылғы «_____»______________

Қазақстан Республикасы   
азаматтық авиациясының жердегі
радиосәулелендіру құралдарының
жарамдылық куәліктерін беру
ережесіне 2-қосымша    

Нысан

Қазақстан Республикасы   
Көлік және коммуникация министрлігі
Азаматтық авиация комитетінің
төрағасы         

Өтініш

______________________________________________ әуежайында орнатылған
____________________________________________________________________
               (радиосәулелендіру құралдарының атауы)
_________________________________________________________ құжаттарды
қарауыңызды, радиосәулелендіру құралдарының жарамдылық куәлігін беруіңізді сұраймын.
      Радиосәулелендіру құралының құрамы, орналасу жағдайы, тактикалық сипаттамасы, электрмен жабдықталуы Қазақстан Республикасының әуежайларын пайдалану жарамдылығы нормаларының және пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкес келеді.
      Қызмет персоналы радиосәулелендіру құралдарын пайдалануға және қолдануға үйретілген.

      Қосымша: ___________________________________
               ___________________________________
               ___________________________________
               ___________________________________

      Азаматтық авиация ұйымының басшысы
      ____________________________________________
                     (Т.А.Ә.) (қолы)

      20____жылғы "____"__________________________

Қазақстан Республикасы   
азаматтық авиациясының жердегі
радиосәулелендіру құралдарының
жарамдылық куәліктерін беру
ережесіне 3-қосымша   

Нысан


Бекітемін
Ұйым бастығы
20__ж.«_»_________

ҰРТҚ мен байланыс құралдарының техникалық жай-күйінің
актісі

_________________________________________________
      (пайдаланушы кәсіпорынның атауы)

____________________________________________________________ жасалды.
                     (күні, айы, жылы)

Комиссия құрамында төраға ___________________________________________
және мүшелері _______________________________________________________
__________________________________________ бұйрықпен тағайындалған,
_______________________________техникалық жағдайына қарау жүргізді.
      (құралдардың атауы)
Зауыттық нөмірі __________________, шығарылған күні _________________
Пайдаланудан бастап ҰРТҚ мен байланыс құралдарының сағаттық жұмысы
_____________________________
Қызмет ету мерзімі __________________________________________________
Жөндеу жүргізілген (жөндеу түрі) ____________________________________
_____________________________________________________________________
                      (қашан және жөндеу саны)
Жоспарлы жөндеуден кейінгі ҰРТҚ мен байланыс құралдарының сағаттық
жұмысы ______________________
Негізгі түйіндер мен агрегаттардың техникалық жай-күйі ______________
_____________________________________________________________________
ӨРТҚ мен байланыс құралдарының техникалық жай-күйі туралы комиссияның
қорытындысы: қызмет ету мерзімі (ресурстар) _________________________
жылға (сағатқа) ұзартуға жатады,
жөндеуге (жөндеу түрі) жатады _______________________________________
_______________________________________________________ жоюға жатады.

Комиссия төрағасы ___________________________________________________
Комиссия мүшелері ___________________________________________________
20__ж. «___»_____________
Келісілген: _________________________________________________________
                            (қолы, т.а. ә.а.)

Қазақстан Республикасы    
азаматтық авиациясының жердегі
радиосәулелендіру құралдарының
жарамдылық куәліктерін беру
ережесіне 4-қосымша    

Нысан

Жердегі тексеру мен дәлдеп келтіру хаттамасы

_________________________________
(құрал атауы)

зауыт нөмірі _________________ шығарылу күні _______________________
кәсіпорында белгіленген ____________________________________________
                               (Азаматтық авиация ұйымының атауы)

Тексерілетін
шамалар

Номиналдық мәні, рұқсаты, бірлігі, өлшемі

Өлшеу кезінде алынды

Қолданылатын өлшеу аппаратурасы

Ескертпе






Қорытынды: __________________________________________________________
             (құралдың белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігі
_____________________________________________________________________
   және ұшуда тексеруге даярлығы туралы қорытынды беріледі)

Өлшеуді жүргізген (жүргізгендер):
_____________________________________________________________________
         (лауазымы)                      (тегі, аты, әкесінің аты)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады