"Қазақстан Республикасында нотариаттық іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнің 1998 жылғы 16 шілдедегі № 83 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 30 қыркүйектегі N 272 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 30 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6513 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 294 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2011.08.23 № 294 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «электрондық үкіметті» дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасында нотариаттық іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнің 1998 жылғы 16 шілдедегі № 83 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 655 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында нотариаттық іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық):
      мынадай мазмұндағы 4-14-24-34-4-тармақтармен толықтырылсын:
      «4-1. Жекеше нотариустың бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі - БНАЖ) электрондық тізілімдегі мәліметтеріне қол жеткізу құқығы аумақтық нотариалдық палатаның тиісті жекеше нотариаттық мұрағатына мынадай түрде беріледі:
      лицензиар БНАЖ-ға жекеше нотариус лицензиясының қолданылуын тоқтату туралы бұйрық туралы мәліметті (күні, нөмірі, негіздеме) енгізеді;
      облыстардың, Астана және Алматы қалалары аумақтық әділет органдары БНАЖ-ға жекеше нотариусты есептік тіркеуден шығару туралы бұйрық туралы мәліметті (күні, нөмірі, негіздеме) енгізеді;
      тиісті Нотариаттық палата БНАЖ-ға нотариаттық палатаның мүшелігін жоғалтқаны туралы бұйрық туралы мәліметті (күні, нөмірі, негіздеме) енгізеді.
      Көрсетілген деректерді тіркеген жағдайда БНАЖ-да қамтылған мәліметтерге қол жеткізу аумақтық нотариаттық палатаның жекеше нотариаттық мұрағатына беріледі.
      Мемлекеттік нотариустың БНАЖ электрондық тізіліміндегі мәліметтерге қол жеткізу құқығы мемлекеттік нотариусты жұмыстан шығару туралы бұйрық туралы мәліметтерді (күні, нөмірі, негіздеме) БНАЖ-ға енгізу жолымен тиісті мемлекеттік мұрағатқа беріледі.
      4-2. Жекеше нотариустың лицензиясының қолданылуы тоқтаған немесе тоқтатыла тұрған кезде лицензиар бұйрық шығарылған күннен бастап 24 сағаттың ішінде бұйрық туралы мәліметтер (күші, нөмірі, тоқтату немесе тоқтата тұру, тоқтата тұру мерзімі) көрсетілген осы жекеше нотариустың БНАЖ электрондық тізілімінде нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу мүмкіндігін тұйықтайды. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе қалпына келтіру мерзімі өткен кезде лицензиар бұйрық шығарылған күннен бастап 24 сағаттың ішінде оны ажыратады.
      4-3. БНАЖ жұмысын техникалық себептермен тоқтатқан жағдайда нотариус бұл туралы акті жасайды және нотариаттық әрекеттерді тіркеу үшін тізілімге жазба жүргізеді. БНАЖ-дың жұмысы қалпына келтірілген кезде БНАЖ электрондық тізілімінде көрсетілмеген жазбалар нотариаттық әрекеттерді тіркеу үшін тізілімде жазба жүргізілген кезегімен 24 сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі.
      4-4. Нотариустардың БНАЖ арқылы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардан жеке мақсаттарға мәліметтерді пайдалануына жол берілмейді.»;
      22-тармақтың екінші бөлігінде «тізілімдер» деген сөздің алдынан «нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған» деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тарау атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімін жүргізу тәртібі. Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу»;
      37-тармақтың бірінші бөлігінде «тізілімдерде» деген сөз «нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімдерде және БНАЖ электрондық тізілімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      38-тармақта «Тізілімдер», «нотариус тізілімі» деген сөздер тиісінше «Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімдер», «нотариустың нотариаттық іс-әрекеттерін тіркеуге арналған тізілім» деген сөздермен ауыстырылсын;
      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әрбiр нотариустың нотариаттық iс-әрекеттердi тiркеу үшiн жеке өзiнiң тiзiлiмi болады. Бір мезгілде бірнеше тізілімдер жүргізуге жол берілмейді.
      Әрбір нотариаттық іс-әрекетке жеке реттік нөмір беріледі. Нөмірлер қайталанбауы, бөлшек арқылы жазылмауы тиіс.»;
      40-тармақта «тізілімге» деген сөз «нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімге және БНАЖ электрондық тізіліміне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      41-тармақта:
      «Тізілімдегі», «Тізілімді», «тізілімнің» деген сөздердің алдынан тиісінше «Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған», «Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған», «нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «БНАЖ электрондық тізілімінде түзетулер мен қателер «Ескерту»» деген бағанда ескертіледі.»;
      42-тармақта:
      «Жалпы», «тіркеу» деген сөздер алып тасталсын, «тізіліміне» деген сөз «Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімге және БНАЖ электрондық тізіліміне» деген сөздермен ауыстырылсын, «№ 12-қосымша» деген сөздер «№ 12, 12-1-қосымшалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімдегі нөмірлер мен жазбалар БНАЖ электрондық тізіліміндегі нөмірлер мен жазбаларға сәйкес келуі тиіс.»;
      43-тармақта «Тізілім кітабы» деген сөздер «Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілім» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:
      «43-1. Нотариаттық іс-әрекеттер осы Нұсқаулыққа 12-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша БНАЖ электрондық тізілімде де тіркеледі.
      БНАЖ электрондық тізілімі 9 бағаннан тұрады.
      1-бағанда – нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімге сәйкес келетін нотариаттық іс-әрекеттің реттік нөмірі көрсетіледі. 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап тізілім нөмірі БНАЖ-де автоматты түрде беріледі.
      2-бағанда - нотариаттық iс-әрекеттiң жасалынған күнi көрсетiледi (автоматтық түрде қойылады);
      3-бағанда – нотариаттық іс-әрекеттің нақты жасалған күні көрсетіледі (деректер нотариаттық іс-әрекет жасалған күні емес енгізілген, техникалық себептер бойынша, нотариаттық іс-әрекет көшпелі түрде жасалған жағдайда);
      4-бағанда - нотариаттық iс-әрекеттер жасалған азаматтардың немесе олардың өкiлдерiнiң (ата-аналар, қамқоршылар, қорғаншылар) тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың туған жері мен күні, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), заңды тұлғалардың атауы мен тұрған орны көрсетiледi. Егер мәмiлеге қатысушылардың бiреуi сенiмхат бойынша әрекет жасайтын болса, сенiм бiлдiрушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, сенiмхаттың нөмiрi мен берiлген уақыты қосымша көрсетiледi. Өз бетiмен қол қоя алмайтындар үшiн қол қойған азаматтардың, сондай-ақ аудармашылардың тегi мен аты-жөнi, тұрғылықты мекенi де осы бағанда көрсетiледi.
      5-бағанда - нотариаттық iс-әрекет жасауға өтiнiш берген азаматтардың жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлiгi немесе төлқұжаты), нөмірі, қашан және кім бергені, ЖСН мен БСН-нің деректері;
      6-бағанда – нотариаттық іс-әрекетті жасағаны үшін төленген сома көрсетіледі;
      7-бағанда – құжаттың мәртебесі (жасалған және күші жойылған) көрсетіледі. Жасалған – нотариус куәландырған құжат, күші жойылған – тараптардың өтініштерінің, сот шешімінің негізінде күші жойылған нотариаттық іс-әрекет және т.б.
      8-бағанда - нотариаттық іс-әрекеттің қысқаша мазмұны көрсетіледі.
      9-бағанда – ескертуде БНАЖ электрондық тізіліміндегі бағандарды толтыру кезінде нотариус жол берген қателіктер, нотариаттық іс-әрекетті жарамсыз деп тану негізі жазылады.»;
      50-тармақтың бірінші бөлігінде «тізілім нөмірі» деген сөздер «нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімнің реттік нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      51-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Нотариустың «Электрондық құжат және электронды цифрлы қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электронды цифрлық қолтаңбасы болады.»;
      52-тармақта «Әдiлет министрiнiң 1997 жылғы 1 тамыздағы № 64 бұйрығымен бекiтiлген «Мемлекеттiк нотариустың мөрi туралы» Ереженiң талаптарына» деген сөздер «Мемлекеттік нотариустың мөрі туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 20 тамыздағы № 113 бұйрығына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 12-1-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.
      3. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрінің
      міндетін атқарушы                        Д. Құсдәулетов

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрінің   
міндетін атқарушысының  
2010 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 272 бұйрығына қосымша 
12-1-қосымша      

Нысан

БНАЖ электрондық тізімі     

Тізім бойынша нөмірі

Тіркеу күні

Нотариаттық іс әрекет жасаған нақты күн

Қатысушылар

Қатысушының жеке басын куәландыратын құжат

Төленді

Мәртебесі

Нотариаттық іс-әрекеттің мазмұны

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады