"Астана қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 29 мамырдағы № 23-10-482қ қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 06 желтоқсандағы N 23-1148қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2010 жылғы 29 желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 659 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 158-2247 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 16.11.2016 № 158-2247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 29 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 29 мамырдағы № 23-10-482қ қаулысына (Астана қаласының Әділет департаментінде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 441 болып тіркелді, "Астана хабары" газетінде 2006 жылғы 24 маусымдағы 96-98; "Вечерняя Астана" газетінде 2006 жылғы 20 маусымдағы 91 нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астана қаласында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы";

      1-тармақтағы "орындарына квота" деген сөздер "орындарының квотасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Астана қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

Әкім

И.Тасмағамбетов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады