Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 15 шілдедегі № А-5/295 "Ақмола облысының аумағында арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру және оларды эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережелерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы № А-1/18 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 2 наурызда № 3347 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № А-9/396 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2012.08.10 № А-9/396 қаулысымен.

      «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Ақмола облысы әкiмдiгiнiң «Ақмола облысының аумағында арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру және оларда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзiмдi баспасөз өнiмiн өткiзу ережелерiн бекiту туралы» 2008 жылғы 15 шiлдедегi № А-5/295 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 3260 болып тiркелген, 2008 жылғы 16 тамызда «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерiнде жарияланған) келесі өзгерiстер енгiзiлсiн:
      «Ғ.М. Бекмағамбетовке» сөздері «Қ.С.Әбдірайымовқа» сөздерімен ауыстырылсын;
      осы қаулымен бекітілген Ақмола облысының аумағында арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру және оларда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзiмдi баспасөз өнiмiн өткiзу Ережелерiнде:
      3-тармақта:
      2-тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «2) арнайы стационарлық үй-жай - эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімі өткізілетін іргетасы мен қабырғаларына нұқсан келтірместен бұзуға келмейтін ғимарат, құрылыс немесе оның бір бөлігі.»;
      4-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «4. Арнайы белгіленген стационарлық үй-жайлар:
      балаларға арналған және оқу орындарының, мемлекеттік мекемелердің, мәдениет, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің ғимараттарының, діни ғұрыптар орындалатын ғимараттар қоршауынан, қоршауы болмаған жағдайда ғимараттардан;
      сәулет және тарихи ескерткіштерден радиусы 100 метрден астам аумақта орналастырылады.»;
      6, 7 тармақтар алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.С. Әбдірайымовқа жүктелсін.
      3. Облыс әкiмдiгiнiң осы қаулысы Ақмола облысының әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Ақмола облысының әкiмi                     А. Рау

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады