Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № А-3/134 "Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № А-4/135 қаулысы. Ақмола облысы Әділет департаментінде 2010 жылғы 4 мамырда № 3354 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № А-3/112 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2011.04.06 № А-3/112 қаулысымен.
      «Жекешелендіру туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақмола облысы әкімдігінің «Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізбесін бекіту туралы» 2008 жылғы 17 сәуірдегі № А-3/134 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3250 болып тіркелген, 2008 жылғы 20 мамырда «Арқа ажары» газетінде және 2008 жылғы 20 мамырда «Акмолинская правда» газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізбесі:
      келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 135, 136 жолдарымен толықтырылсын:

«

135

Пансионат қонақ-үй ғимараты

Бурабай ауданы, «Золотой бор» туристік база аумағы

«Ақмола облысының ішкі істер департаменті» ММ

136

«Шортанды ауданның № 9 орталық дәріханасы» ЖШС-нің жарғылық капиталында 100% мемлекеттік қатысу үлесі

Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Пионерская көшесі, 7 үй

«Шортанды ауданның
№ 9 орталық дәріханасы» ЖШС

».

      2. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі                     С.Дьяченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады