Ақмола облысы Зеренді ауданының кейбір ауылдарын басқа қоныстар категориясына көшіру туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № А-12/487 қаулысы. Ақмола облыстық мәслихатының 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 4С-29-17 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 5 қаңтарда № 3381 тіркелді

      Ескерту. Тақырыбында және барлық мәтін бойынша "селоларын", "селолары", "селолық", "селосының", "селосы" сөздері "ауылдарын", "ауылдары", "ауылдық", "ауылының", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 15.06.2016 № А-7/287 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 11 баптарына сәйкес, Зеренді ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 459 қаулысы мен Зеренді аудандық мәслихатының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 34-222 шешімі негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысы Зеренді ауданының кейбір ауылдары басқа қоныстар категориясына көшірілсін:
      Кусеп ауылдық округінің Айғыржал ауылы, оны Кусеп ауылдық округінің Жамбыл ауылының құрамына енгізіп, басқа қоныстар категориясына көшірілсін;
      Викторовка ауылдық округінің Қызылқайнар ауылы, оны Викторовка ауылдық округінің Викторовка ауылының құрамына енгізіп, басқа қоныстар категориясына көшірілсін.
      2. Ақмола облысы әкімдігінің осы қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақмола облысының әкімі С.Дьяченко
      Ақмола облыстық мәслихаты
сессиясының төрайымы
Г.Марченкова
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Ө.Мұсабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады