Бұланды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-23/6 "Бұланды ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 наурыздағы № 4С-26/2 шешімі. Ақмола облысы Бұланды ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 31 наурызда № 1-7-111 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 қарашадағы № 5С-33/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 12.11.2014 № 5С-33/3 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10 бабына сәйкес Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Бұланды аудандық мәслихатының «Бұланды ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-23/6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-7-105 тіркелген, 2010 жылғы 12 ақпанда «Бұланды таңы», «Вести Бұланды жаршысы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      осы шешімнің қосымшасындағы 12 тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы шешім Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      26-сессияның төрағасы                      Ш.Құсайынов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    П.Веселов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Бұланды ауданының әкімі                    Е.Нұғыманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады