Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Степняк қаласындағы көшенің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № А-10/369 қаулысы. Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № С-28/10 шешімі. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 11 қаңтарда № 1-10-132 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабы 5-1 тармақшасына, Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің жанындағы ономастика және тілдер саясаты жөніндегі комиссияның 2010 жылғы 6 желтоқсандағы шешіміне сәйкес, тұрғындар пікірлерін ескере отырып, Еңбекшілдер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Степняк қаласындағы Свердлов көшесі Алпысбай Жақыпов атындағы көше болып өзгертілсін.
      2. Осы қаулы мен шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Еңбекшілдер ауданының әкімі                Т.Хамитов

      Еңбекшілдер аудандық мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       Қ.Хамзин

      Еңбекшілдер аудандық
      мәслихатының хатшысы                       М.Исажанов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Ақмола облысы
      Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің
      жанындағы ономастика және
      тілдер саясаты жөніндегі
      комиссияның төрағасы                       Қ.Шаяхметов

      Ақмола облысы
      Еңбекшілдер аудандық
      «Сәулет және қала құрылысы
      бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Т.Абдрахманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады