2010 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын анықтау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 маусымдағы № С-26-6 шешімі. Ақмола облысы Жақсы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 шілдеде № 1-13-114 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабы 3 тармақтың 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес, Жақсы ауданы әкімінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 01-338 хатын қарастырып, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2010 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының 16 (он алты) мамандарына келесі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:
      1) жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау - алты жүз отыз есептік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
      2.Осы шешім Жақсы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       С.Борисенко

      Жақсы аудандық мәслихатының
      хатшысы                                    Б.Жанәділов

      КЕЛІСІЛГЕН

      Жақсы ауданы әкімінің м.а.                 С.Өтешев

      «Жақсы ауданының экономика
      және бюджеттік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Қ.Дүзелбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады