Ақтөбе қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағына атау беру туралы

Жаңа

Бірлескен Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 286 шешімі және Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 2624 қаулысы. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 қыркүйекте № 3-1-141 тіркелді

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабының 4 тармағына сәйкес, Ақтөбе қаласы халқының пікірін ескере отырып, қалалық ономастикалық комиссияның 2010 жылғы 7 маусымдағы № 2 қаулысының негізінде Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағына Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев есімі берілсін.
      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім ресми жарияланған алғашқы күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қаласының               Ақтөбе қалалық мәслихаты
           әкімі                       сессиясының төрағасы

       А.Мұхамбетов                          К.Цхай
      
 



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады