Әйтеке би ауданы бойынша бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды өткізудің тәртібі мен орынын қосымша регламенттеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 шілдедегі № 199 шешімі. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 10 тамызда № 3-2-97 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 шілдедегі № 142 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 12.07.2017 № 142 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын, 7 бабының 4 тармағын және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабын басшылыққа алып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздік, көліктің, инфрақұрылым объектілерінің толассыз жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Әйтеке би ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды өткізетін орындар белгіленіп аумақтарға қосымшаға сәйкес бөлінсін.

      2. Аудандық ішкі істер бөлім бастығына (А.Доданов) қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуі жүктелсін.

      3. Осы шешім ресми басылымда жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы С. ЖАЛҒАСБАЕВ
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А.ЕРМАҒАМБЕТ

  Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 22 шілдедегі № 199 шешіміне қосымша

Өтетін село

Өтетін аумақтар

1

Комсомол

Т.Жүргенов көшесінде орналасқан "Комсомол" ЖШС кеңсесінің алдындағы алаң

2

Талдыса

Талдысай селосының орталық стадионы

3

Қарабұтақ

Қарабұтақ селосының орталық стадионы

4

Белқопа

У.Құдайбергенов көшесіндегі алаң

5

Жарөткел

Орталық көшедегі алаң

6

Еңбекту

Орталық көшедегі алаң

7

Жабасақ

Мәдениет үйінің алдындағы алаң

8

Аққұм

Байланыс бөлімшесінің алдындағы алаң

9

Байжанкөл

Орталық көшедегі алаң

10

Тереңсай

Әбілхайыр хан көшесі ескі кеңсенің орнындағы алаң

11

Әйке

"Псков А" ЖШС кеңсесінің жанындағы алаң

12

Сұлукөл

Абай көшесінде орналасқан алаң

13

Ақтасты

Әйтеке би көшесі орталық клубтың алдындағы алаң

14

Толыбай

Т.Жүргенов көшесі 10 үйде орналасқан әкімшілік кеңсесінің алдындағы алаң

15

Құмқұдық

Мәдениет үйінің алдындағы алаң

16

Басқұдық

Мәдениет үйінің алдындағы алаң

17

Сарбұлақ

Мамыт көшесіндегі алаң

18

Сарат

"Әсем-Наз" ӨК кеңсесінің алдында орналасқан алаң

19

Жамбыл

"Ярослав" ЖШС кеңсесінің алдындағы алаң

20

Үшқатты

"Даут" ЖШС кеңсесінің алдындағы алаң

21

Аралтөбе

Абай көшесіндегі алаң

22

Ақкөл

Селолық клуб алдындағы алаң

23

Талдық

Талдық көшесіндегі алаң

24

Аралтоғай

Аманкелді көшесіндегі алаң

25

Ұлғайсын

С.Бекбаев көшесінде орналасқан алаң

26

Милы

Қ.Шаңғытбаев көшесінде орналасқан алаң


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады