Ырғыз ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 151 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2011 жылдың 14 қаңтарда № 3-5-125 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 64 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 29.03.2013 № 64 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы», 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» қаулыларына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ырғыз ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасы бекітілсін.
      2. «Ырғыз ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын берудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы» аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 23 қарашадағы № 4 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1350 болып тіркелген, 2001 жылғы 25 желтоқсанда «Ырғыз» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың        Аудандық мәслихаттың
        сессия төрағасы:                хатшысы:

        Ж.Д.Сүлейменов               М.Өтемұратов

Ырғыз аудандық мәслихатының
2010 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 151 шешімімен бекітілген

Ырғыз ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы», 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» қаулыларына сәйкес әзiрлендi және Ырғыз ауданында аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындайды.
      2. Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      Тұрғын үй көмегі-Ырғыз ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген (отбасыларға) азаматтарға коммуналдық қызметтерді тұтынуға, байланыс қызметтеріне, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
      отбасының жиынтық табысы-тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған табыстардың сомасы;
      телефонға абоненттік тарифтерінің арту өтемақысы - 2004 жылдың қыркүйек айының жағдайы бойынша құрылған тарифтерінің және қолданыстағы тарифтер аралығындағы айырмашылықты белгілейтін және телефонға абоненттік ақы тарифтерінің өсуіне байланысты шығындарды өтеуге арналған тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін ақшалай өтемақы;
      өтініш иесі (жеке тұлға) – жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген адам;
      уәкілетті орган-тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын «Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

2. Тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      3. Тұрғын үй көмегі егер өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын ауданның белгіленген нормасы шегінде, бірақ іс жүзінде алып отырған ауданнан және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінен көп емес коммуналдық қызметтерді,жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына шығындар және байланыс қызметін тұтынғаны үшін шығындар осы мақсаттарға арналған шекті мүмкін шығындар үлесінен артық жағдайда Ырғыз ауданында тұрақты тұратын және тіркелінген меншік түріне қарамастан тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушы (қосымша жалдаушылар) болып табылатын аз қамтылған (отбасыларға) азаматтарға беріледі.
      Коммуналдық қызметтерді тұтынғанына ақы төлеуге арналған шекті мүмкін шығындар үлесі жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына шығындар және байланыс қызметі отбасының жиынтық кірісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      4. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесіне, жалдаушыға (жалға берушіге) есептелген сомамен салыстыру бойынша коммуналдық қызметтерді тұтынғаны және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы шығындарының орынын толтыру үшін төлемақыны азайту ретінде қолма-қол емес түрде беріледі.
      5. Тұрғын үй көмегін алушылар өзінің тұрғын жайының меншік түрінің, отбасы құрамындағы және оның жиынтық кірісіндегі кез-келген өзгерістер, көмекті дұрыс есептемеген жағдайлар туралы өкілетті органға 10 күн ішінде ақпарат береді.
      6. Тұрғын үй көмегі түрінде алынған заңсыз сома заңда белгіленген тәртіппен бюджетке қайтарылады.
      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау оны алу үшін жолыққан күннен бастап ағымдағы тоқсанның аяғына дейін мерзімде жүргізіледі. Жолығу айы деп қоса берілетін құжаттармен бірге өтініш тапсырған ай есептелінеді.
      8. Еңбек қызметінен түскен табыс отбасының жиынтық кірісі есебінде жұмыс орнынан еңбекақы туралы берілген мәліметтерге сәйкес (салықтық және зейнетақылық шегерілімдерді алып тастағанда) төлеуге арналған сома мөлшерінде есептелінеді
      9. Отбасының жиынтық кірісін анықтау кезінде жергілікті өкілетті және атқарушы органдар шешімдері және қаулыларына сәйкес төленетін әлеуметтік көмектер атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегінен,бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақыдан және жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақыдан басқа арыз берген алдыңғы тоқсан ішінде алынған ақшалай немесе заттай түріндегі барлық кіріс түрлері есептеледі.
      10. Өткен тоқсан ішіндегі отбасының жиынтық кірісіне есептелінетін жеке қосалқы шаруашылықтан (оның ішінде үй малынан, үй маңындағы учаскеден, бақшадан) түскен кіріс мөлшері 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қабылданады.
      11. Коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметіне тарифтер өзгерген жағдайда бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегіне ағымдағы тоқсанда қайта есептеу жүргізіледі.
      12. Тұрғын үй көмегінің мөлшері өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегіндегі коммуналдық және телефонға абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына сәйкес байланыс қызметтерін тұтынғаны үшін меншік иесінің, жалға алушының (жалдаушының) және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы шығындарымен меншік иесінің төлем сомасы мен сол отбасының осы мақсаттарға шығындарының шекті мүмкін деңгейі арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі және шын мәніндегі сомадан артуы мүмкін емес.
      13. Берілген өтініш және оған қосымша берілетін құжаттарды қарау нәтижелері бойынша екі данада белгіленген үлгідегі келісім-шарт жасалынады, оның біреуі меншік иесінде, жалға алушыда (жалдаушыда), ал екіншісі- уәкілетті органда сақталынады. Аталған келісім-шарт тұрғын үй көмегін ұсыну үшін негіз болады.

3. Қаржыландыру көздері

      14. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру аудандық бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылады.
      Тұрғын үй көмегін төлеуге арналған бюджеттік қаражаттың есептелуі мен шығыстарының дұрыстығын тексеру заңнамамен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады