Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарына 2011 жылы көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит беру туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 200 шешімі. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 21 қаңтарда № 3-8-123 тіркелді. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2012 жылғы 14 наурыздағы № 28 хаты.

      Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2012.03.14 № 28 Хаты.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қаулысының 2, 3 тармақтарына және жоғарыда бекітілген Ереженің 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Мәртөк ауданына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарына 2011 жылы:

      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит берілсін.

      Ескерту: 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2011.08.10 № 247 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      2. Мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит он бес жыл мерзімге беріледі, кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасынан жылдық 0,01 % -ы мөлшерінде белгіленеді.

      3. Аудандық мәслихаттың "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарына 2010 жылы көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит беру туралы" 2010 жылғы 05 ақпандағы № 152 шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-106, 2010 жылғы 17 ақпандағы "Мәртөк тынысы" № 11 газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы

хатшысы

И. Жұмабаев

А.Смағұлов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады