Шалқар ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 20 шілдедегі № 212 шешімі. Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 24 тамызда № 3-13-138 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 112 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 22.05.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 08.11.2013 № 113 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Бүкіл мәтін бойынша:
      "ережесін, ережелері, ережелер, ережелерде, ережелерінде, ережелерімен" сөздері "қағидасын, қағидалары, қағидалар, қағидаларда, қағидаларында, қағидаларымен" деген сөздермен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 08.11.2013 № 113 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысына және "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Шалқар ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 08.11.2013 № 113 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Шалқар аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 17 ақпандағы № 190 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2010 жылы 18 наурызда № 3-13-127 санымен тіркелген, 2010 жылдың 31 наурызында № 17(80114) "Шалқар" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы М. Үмбеталы
      Аудандық мәслихаттың хатшысы С. Тулемисов

  Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 20 шілдедегі № 212 шешіміне қосымша

Шалқар ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары

      Ескерту. Қағиданың бүкіл мәтіні бойынша "тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты)" деген сөздер "кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін" деген сөздермен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 09.06.2015 № 215 шешімімен (алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шалқар ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары (әрі қарай - Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына (әрі қарай - Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі) және "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абонентік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қаулысына сәйкес әзірленген.

      2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарына;

      коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұратын жайда) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, канализацияны, газбен, электрмен, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету қызметін қамтитын қызметтер;

      қызмет көрсетуді беруші - электрмен жабдықтаумен, жылумен жабдықтаумен, сумен жабдықтаумен, канализациялаумен айналысатын заңды және жеке тұлға, сондай–ақ қоқысты әкету бойынша қызмет көрсету, абоненттерімен кондоминиум объектілеріне қызмет көрсету - жылу және электр энергиясын жеткізу болып табылады;

      өтініш иесі (жеке тұлға) - жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген адам;

      уәкілетті орган - "Шалқар ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 09.06.2015 № 215 шешімімен (алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).

      3. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет есебінен аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):

      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар-үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысының шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ аспаптарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және салыстырып тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекеленген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;

      Жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға жұмсалатын жарналар төлемін;

      тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның қалалық желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемін;

      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге көрсетіледі.

      Шалқар ауданында тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға, күрделі жөндеуге ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сай, бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға, күрделі жөндеуге жұмсалатын коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі көрсетіледі.

      Ескерту. 3 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 19.03.2013 № 69 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.11.2013 № 113 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.06.2015 № 215 (алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) шешімдерімен.

      4. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Отбасының шекті ұйғарынды шығындардың үлесі отбасының жиынтық табысының 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      Ескерту. 4 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 19.03.2013 № 69 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.11.2013 № 113 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      5. Ресми расталмаған табыс жұмысқа жарамды отбасының (азаматтың) әрбір мүшесіне ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.

      6. Белгіленген нормадан жоғары кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның қалалық желісіне қосылған телефонға абонентік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемін, тұрғын жайды пайдаланғаны үшін ақы төлеу жалпы негіздерде жүргізіледі.

      7. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын жайы (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.

      Мүгедектерді, магистратураны қоса алғанда, күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттерді, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектерді, он алты жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек - балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі балаларды бағып – күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда.

      8. Отбасының жиынтық кірісіне атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін, бала тууына байланысты бір жолғы жәрдемақы, атаулы көмек алатын аз қамтылған отбасыларына, туберкулезбен ауыратындарға берілетін жәрдемақы және әлеуметтік қорғауды қажет ететін зейнеткерлер мен мүгедектер және аз қамтылғандарға берілетін бір жолғы жәрдемақылардан басқа арыз берген айдың алдындағы үш айдың ішінде алынған ақшалай барлық табыс түрлері есептеледі.

2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері

      9. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй көмегін көрсетудің ережелерінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттар салыстыру үшін көшірме және түпнұсқада ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      10. Тұрғын үй көмегінің мөлшері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу және (немесе) күрделі жөндеу қаражат жинақтауға жұмсалатын жарналар, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның қалалық желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге кеткен нақты шығындардың сомасынан асырыла алмайды.

      11. Тұрғын үй көмегін алушы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуден өткізген жағдайда, есеп кондоминиум объектісінің қатысушыларының тіркелген үлесіне сәйкес жүргізіледі. Өтемақыны өтеу ағымдағы немесе күрделі жөндеудің бір түрі бойынша біржолғы төлеммен жүзеге асырылады.

      12. Тұрғын үй көмегі тағайындау қажетті құжаттары толық болған жағдайда өтініш берген күніне қарамастан әрбір отбасына сол ағымдағы есепті тоқсанға толық есептеледі. Тұрғын үй көмегі жылдың 15-ші қазанынан бастап 15-ші сәуір аралығында 6 ай жылыту мерзіміне коммуналдық және телефонға абоненттік ақысының өсу айырмашылығы шығындарды өтеу үшін тағайындалады.

      13. Отбасының кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға жұмсалатын жарналар, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның қалалық желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге шекті ұйғарынды шығындардың үлесі өзгерген кезде уәкілетті орган бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегін қайта санауды жүргізеді.

      14. Тұрғын үй көмегін алушылар он күн ішінде қандай да болсын тұрғын үй меншігі нысандарының, отбасы құрамының, жиынтық табысының өзгергендері туралы және тұрғын үй көмегі мөлшеріне әсер ететін басқа да факторлар туралы, сондай-ақ, тұрғын үй көмегін дұрыс емес есептеген жағдайда уәкілетті органға хабарлайды.

      15. Тұрғын үй көмегінен заңсыз алынған сомалар алушымен ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

      16. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде келесі өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтерді тұтынудың нормалары ескеріледі:

      1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормалары:

      жеке басты азаматтар үшін - 35 шаршы метр, бір бөлмелі пәтердің мөлшерінен аз емес және нақты алып жатқан алаңынан артық емес;

      екі және одан да көп адамнан тұратын- отбасының әр мүшесіне 18 шаршы метр, бірақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;

      2) электр қуатын тұтыну нормалары (бір айда):

      бірден бес адамға дейінгі отбасына – отбасының әрбір мүшесіне 50 киловатт;

      бес және одан да көп мүшелі отбасына - 200 киловатт;

      3) газ шығындарының нормасы:

      газ пешінің, орталық жылу беру және ыстық су болған жағдайда айына 1 адамға -18 текше метр.

      газ пешінің, орталық жылу беру және ыстық су болмаған жағдайда айына 1 адамға – 165 текше метр.

      Коммуналдық қызмет тұтыну нормалары табиғи монополияларды (монополистік қызметті ) реттеу бойынша аумақтық уәкілетті орган қолданатын, көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды) бекіткен кездегі коммуналдық қызметтерді босату нормаларына баламды.

3. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      17. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға жұмсалатын жарналар, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның қалалық желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге шығындарды өтеу өтемақы соммалары уәкілетті органмен екінші деңгейдегі банктер арқылы алушылардың өтініштері бойынша тиісті қызмет көрсетушілердің (қызмет жабдықтаушылардың) есеп шотына, ал телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын абоненттердің жеке есеп шотына аударылуы мүмкін.

4. Қорытынды ережелер

      18. Осы қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады