"Жастар практикасын" ұйымдастыру мен өткізу мақсатында Ақсу ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі 2010 жылы көрсетілетін қосымша қағидасын іске асыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы N 75 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Ақсу ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 25 наурызда N 2-4-106 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы N 949 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2011.12.21 N 949 Қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына және 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жастар практикасын" ұйымдастыру мен өткізу мақсатында Ақсу ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі 2010 жылы көрсетілетін қосымша шаралардың қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Бекбаланов Қайрат Тынбайұлы:
      1) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген жоғары оқу орындарының, колледждердің және кәсіптік лицейлердің түлектерінің арасында жастар практикасынан өтуін ұйымдастырсын;
      2) жұмыссыз жастарға уақытша жұмыс орындарын ұсынуға тілек білдірген жұмыс берушілермен жастар практикасын ұйымдастыру жөнінде келісім жасасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қорғанбаев Сәбит Бейсебекұлына жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін
      атқарушы                                   Б. Тынышбаев

Ақсу ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 22 ақпандағы
N 75 қаулысына
қосымша

"Жастар практикасын" ұйымдастыру мен өткізу мақсатында Ақсу
ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі 2010 жылы
көрсетілетін қосымша қағидасы

      Ақсу ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар, жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлерді бітірген жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен тәжірибесін арттыру мақсатында әзірленген.

1. Жалпы ережелер

      1. Кәсіби мамандыққа диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру (бұдан әрі - жастар практикасы) азаматтарды әлеуметтік қолдаудың басты бір бағыты және олардың жұмысқа орналасуына қосымша ықпал жасау болып табылады.
      2. Ақсу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі -Бөлім) жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлерді бітіріп, кәсіби мамандық алған жұмыссыз жастарды өз мамандықтары бойынша тәжірибе жинақтауға, еңбек нарығындағы бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатын жастар практикасын өткізеді.
      3. Жастар практикасы меншік түрінен қарамастан кәсіпорындарында, мекемелерде және ұйымдарда (бұдан әрі - жұмыс беруші) ұйымдастырылады.
      4. Жастар практикасын ұйымдастыру мен бақылауды бөлім жүргізеді.

2. Жастар практикасын ұйымдастыру

      Жастар практикасын ұйымдастыру кезінде төмендегі ерекшеліктер ескеріледі:
      1) жұмыссыз жастардың саны - жалпы жұмыссыз азаматтардың бөлігін құрайтындығы;
      2) жастар арасында ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтіндер санының өсуі;
      3) кәсіби оқу орындарын бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндігін шектейтін еңбек өтілінің болмауы.
      5. Бөлім жұмыс беруші жөнінде олардың дамуы, өндірісінің кеңеюі жөніндегі мәліметтерді жинап, жастар тәжірибесіне қатысушыларды жұмысқа қабылдау мүмкіндігін анықтайды.
      6. Жұмыс берушілер жөніндегі мәліметті талдау қорытындысын негізге ала отырып, бөлім жастар практикасына қатыстыруға кәсіби оқу орындарын бітірген жұмыссыз азаматтарды жасақтайды.
      7. Үміткерлерді іріктеу кезінде келесі өлшемдер ескеріледі:
      1) үміткерлердің бөлімде жұмыссыз есебінде тіркелуі;
      2) іріктеу кезінде кәсіби мамандығы бойынша жұмыстың болмауы;
      3) жасы 29 жасқа дейінгі жастар.
      8. Жастар практикасына қатысушы 12 ай ішінде осы тәжірибе басталған уақыттан бастап 1 рет қатыса алады және жұмыссыз ретінде тіркелген күніне сәйкес жүзеге асырылады.
      9. Уақытша жұмыс орнын ұсынғысы келетін жұмыс беруші бөліммен келісім жасайды. Келісімде қабылданатын жұмыссыздардың саны көрсетіледі. Жастар практикасының ең жоғарғы мерзімі 6 айдан аспауға тиіс.
      10. Осы келісім негізінде бөлім жұмыссыздың келісімімен жұмыс берушіге жолдама береді.
      11. Жұмыс беруші жолдаманың бір данасын бөлімге қайтаруға міндетті.
      12. Жастар практикасына қабылданған жағдайда, жұмыс беруші жұмыссызбен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасап, жұмысқа қабылданғаны жөнінде бұйрық шығарады және үш жұмыс күні ішінде бөлімге тапсырады.
      13. Егер келісімде көзделген міндеттердің орындалуы бұзылған жағдайда жастар практикасын жұмыс берушінің ұсынысымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзылады. Бұзылған жағдайда үш жұмыс күні ішінде жұмыс беруші бөлімге бұйрықтың көшірмесін беруге міндетті.
      14. Жастар практикасына қатысушының Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес келісім бұзылған жағдайда, үш жұмыс күні ішінде жұмыс беруші бөлімге бұйрықтың көшірмесін беруге міндетті.
      15. Еңбек шартының мерзімі аяқталған жағдайда, жұмыс беруші бөлімге хабарлауға немесе тұрақты жұмысқа қабылданған жағдайда бұйрықтың көшірмесін беруге міндетті.
      16. Жұмыс беруші әр айдың 20-на дейін бөлімге жұмыс уақытын есепке алу табелін ұсынады.

3. Жастар практикасын қаржыландыру

      17. Жастар практикасы "Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар практикасы бағдарламасын кеңейту" арқылы қаржыландырылады.
      18. Жастар практикасына қатысушылардың еңбек ақысын төлеу келісімге сәйкес бөлім арқылы бюджеттен бір қызметкерге орташа айлық 20 мың теңге көлемінде төленеді.
      19. Жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысы олардың жеке есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады