Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 наурыздағы N 37-224 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Ескелді ауданының әділет басқармасында 2010 жылы 28 сәуірде N 2-9-104 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 мамырдағы N 6-36 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2012.05.21 N 6-36 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне" және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 қаулысымен бекітілген "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абонеттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне" сәйкес Ескелді ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ескелді ауданындағы табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері N 1 қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы шешімнің орындалуы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінің бастығы М.Б.Тілеубергенге жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Қ.Әлібаевқа жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Ескелді ауданы мәслихатының
      IV шақырылымындағы ХХХVII
      сессиясының төрағасы                       Бөгенбаев Мәлік Ауымханұлы

      Ескелді ауданы
      мәслихатының хатшысы                       Тастанбаев Қалабек Тастанбайұлы

Ескелді ауданы мәслихатының
2010 жылғы 30 наурызындағы
37-224 санды "Табысы аз
отбасыларына (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің
тәртібі мен мөлшерін
белгілеу туралы" шешіміне
N 1 қосымша

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      шекті жол берілетін шығыстар үлесі – отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығындардың рұқсат етілген шекті деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық табысына пайызбен қатынасы;
      отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
      кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы.
      учаскелік комиссия – тұрғын үй көмегін алуға өтініш жасаған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытынды дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия.
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын, сенім хаты бар жалдаушыға немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі нормалар шегінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шекті жол берілетін шығыстар деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      3. Шығыстардың шекті деңгейі отбасы табысының 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу шығындары отбасы жиынтық табысының 10 пайызы үлесінен жоғары болған жағдайда тағайындалады.
      5. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйлер) бар немесе тұрғын жайды жалға беруші (қосымша жалға беруші), сондай-ақ жалдауға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегі берілмейді.
      6. Бірінші, екінші топтағы мүгедектердің, мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейінгі баланың күтімімен айналысатын тұлғаларды, стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды қоспағанда, еңбекке жарамды отбасындағы тұлғалар жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, армияда қызметін өткермейтін және жұмыспен қамту органында тіркелмеген кезеңге тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      7. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуын немесе қайта оқуын өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздардың отбасы тұрғын үй көмегін алмайды.
      8. Тұрғын үй көмегін алу құқығы өтініш беруші қажетті құжаттарын тапсырған тоқсаннан басталады және сол тоқсанға төленеді.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      9. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      6) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
      7) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      8) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      9) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      Өтініш иесіне құжаттары қабылданғаны жайлы түбіртек беріледі, тағайындалмаған жағдайда себептері көрсетілген хабарлама беріледі.
      10.Тұрғын үй көмегін алатын алушылар тоқсан сайын отбасының табысы туралы мәліметтерді бере отырып растайды.
      11. Уәкілетті орган, қалалық, кенттік, ауылдық (селолық) округтің әкімі құжаттарды қабылдап алғаннан кейін қажеттілігіне қарай әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытынды дайындау үшін учаскелік комиссияларға тапсырады.
      12. Учаскелік комиссия жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша отбасына тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындамау жайлы қорытындысын 5 күн ішінде қалалық, кенттік, ауылдық (селолық) округтің әкіміне немесе уәкілетті органға ұсынады.
      13. Қалалық, кенттік, ауылдық (селолық) округтің әкімі өтініш берушілердің құжаттарын учаскелік комиссия дайындаған қорытындымен бірге өтініш берушіден құжаттар қабылданғаннан күннен бастап жиырма күннен кешіктірмей тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға тапсырады.
      14. Уәкілетті орган қалалық, кенттік, ауылдық (селолық) округтің әкімінен немесе өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алған күннен бастап он жұмыс күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
      Бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган бас тарту себебін көрсете отырып, өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      15. Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күн ішінде уәкілетті органға отбасы құрамының және жиынтық табыстарының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
      16. Берілген ақпараттың дұрыстығы туралы күмән пайда болған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті орган немесе учаскелік комииссия отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерлері, табыстары туралы қажетті ақпаратты тиісті орындардан сұрап алуға, тексеруге құқығы бар.
      Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеуді ұйымдастырудың дұрыстығына, ал өтініш беруші жалған мәліметтер мен жасанды құжаттарды тапсырғаны үшін Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес жауапты.
      17.Тұрғын үй көмегінің мөлшеріне немесе оны алу құқығына әсер ететін мән-жайлар болған жағдайда, қайта есептеу олар анықталған кезінен бастап немесе келесі тоқсанда жүргізіледі.
      Артық төленген сомалар ерікті тәртіппен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
      18. Тұрғын үй көмегіне өтініш білдірген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
      19. Өтініш беруші мен алушы уәкілетті органның және оның қызметкерлерінің іс-әрекеттері мен шешімдеріне жоғары тұрған уәкілетті органдарға, сондай – ақ сот тәртібімен шағымданады.

3. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      20. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган жергілікті өкілді органдар айқындаған тәртіппен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

4. Тұрғын үй көмегін есептеудегі нормативтер

      21. Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі. Шоттар болмаған жағдайда, тұрғын үй көмегі норма және нормативтер шегінде тағайындалады.
      22. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
      1) орталықтандырылған от жағылатын пәтерлерге:
      жалғыз тұратын азаматтар үшін – 30 шаршы метр;
      отбасында екі адамы барлар үшін - 42 шаршы метр;
      отбасы үш және одан көп адамнан тұратындар үшін - әрқайсысына 18 шаршы метр, бірақ үйдің ( пәтердің) жалпы ауданынан аспауы керек;
      2) газ тұтыну - 1 айға 1 кішкене газ балон.
      3) электр жүйесін қолдану:
      1 адамға – 45 киловатт;
      2 адамға – 90 киловатт;
      3 адамға – 135 киловат;
      4 және одан көп адамнан тұратын отбасына – 150 киловатт.
      4) сумен қамтамасыз ету тарифын қызмет берушілер ұсынады.
      5) от жағу маусымына 3 тонна көмірді жыл бойына беру есептелінеді.
      6) телекомуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы қамтамасыз ету тарифын қызмет берушілер ұсынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады