Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 мамырдағы N 29-5 Шешімі. Жамбыл облысы Тараз қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 16 маусымда 106 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Тараз қалалық мәслихатының 2011.12.14 № 45-5 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Тараз қалалық мәслихатының 2011.12.14 № 45-5 Шешімімен.

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына және «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi N 512 Қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Қоса берiлiп отырған Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерi бекiтiлсiн.
      2. «Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерiн бекiту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 қазандағы № 11-5 шешiмiнiң (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6-1-81 болып тiркелген, 2008 жылдың 3 желтоқсанында № 98 «Жамбыл-Тараз» газетiнде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешiм Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қалалық мәслихаттың                        Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      Е.Митрофанова                              Ө. Байшығашев

Тараз қалалық мәслихаттың
2010 жылғы 14 мамырдағы
№ 29-5 шешiмiмен бекiтiлген

Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерi 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерi (әрi қарай - Ережелер) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына (әрі қарай - Қазақстан Республикасы Үкiметiмен бекітілген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесi) және «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 Қаулысына сәйкес сәйкес әзiрленген.
      2. Осы Ережелерде келесi негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын жайда) көрсетiлетiн және сумен жабдықтауды, канализацияны, газбен, электрмен, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметiн көрсетудi қамтитын қызметтер;
      қызмет көрсетудi берушi - электрмен жабдықтаумен, жылумен жабдықтаумен, сумен жабдықтаумен, канализациялаумен айналысатын заңды және жеке тұлға, сондай-ақ қоқысты әкету мен лифт бойынша қызмет көрсету, абоненттерi мен кондоминиум объектiлерiне қызмет көрсету - жылу және электр энергиясын жеткiзу болып табылады;
      өтiнiш иесi (жеке тұлға) - жеке өзiнiң немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш берген адам;
      уәкiлеттi орган – «Тараз қаласы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi.
      3. Тұрғын үй көмегi жергілікті бюджет есебінен аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін;
      тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемін;

жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.
      Тараз қаласында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сай, бюджет қаражаты есебінен тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін жұмсалатын коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі көрсетіледі.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Тараз қалалық мәслихатының 2011.10.12 № 43-6 Шешімімен.

       4. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Тараз қалалық  мәслихатының 2011.10.12 № 43-6 Шешімімен.
      5. Ресми расталмаған табыс жұмысқа жарамды отбасының (азаматтың) әрбiр мүшесіне ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасының жиынтық табысы атаулы әлеуметтік көмек туралы заңнамасымен айқындалған тәртіпте есептеледі.

      Ескерту. 5-тармаққа толықтыру енгізілді - Тараз қалалық  мәслихатының 2010.12.23 № 36-7(2011 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      6.Белгiленген нормадан жоғары тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтыну төлемiн, тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн ақы төлеу жалпы негiздерде жүргiзiледi.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Тараз қалалық  мәслихатының 2011.10.12 № 43-6 Шешімімен.
      7. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын жайы (үйi, пәтерi) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.
      Мүгедектердi, магистратураны қоса алғанда, күндiзгi оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттердi, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектерді, он алты жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда тiркелмеген, еңбек iстеуге қабiлетi болса да жұмыс iстемейтiн адамдары бар табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.

2. Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерi

      8. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн азамат (отбасы) уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тұрғын үй көмегiн көрсетудiң ережелерiнде көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттар салыстыру үшін көшірме және түпнұсқада ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      9.Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге кеткен нақты шығындардың сомасынан асырыла алмайды. Жеке тұтыну есептеуіші бойынша пайдаланған коммуналдық қызметтердің нақты сомасы қызметтің сол түрі бойынша бекітілген нормадан аспауы қажет.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - Тараз қалалық  мәслихатының 2011.10.12 № 43-6 Шешімімен.
      10. Алынып тасталды - Тараз қалалық  мәслихатының 2011.10.12 № 43-6 Шешімімен.
      11.Отбасының тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге шектi ұйғарынды шығындардың үлесi өзгерген кезде уәкiлеттi орган бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегiн қайта санауды жүргiзедi.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - Тараз қалалық  мәслихатының 2011.10.12 № 43-6 Шешімімен.
      12. Тұрғын үй көмегiн алушылар он күн iшiнде қандай да болсын тұрғын үй меншiгi нысандарының, отбасы құрамының, жиынтық табысының өзгергендерi туралы және тұрғын үй көмегi мөлшерiне әсер ететiн басқа да факторлар туралы, сондай-ақ, тұрғын үй көмегiн дұрыс емес есептеген жағдайда уәкiлеттi органға хабарлайды.
      13. Тұрғын үй көмегiнен заңсыз алынған сомалар алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртiбiмен қайтарылуға жатады.
      14. Тұрғын үй көмегiн тағайындау кезiнде келесi өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтердi тұтынудың нормалары ескерiледi:
      1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормалары:
      жеке басты азаматтар үшiн – 30 шаршы метр, бiрақ бiр бөлмелi пәтердiң мөлшерiнен аз емес және нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
      екi және одан да көп адамнан тұратын – отбасының әр мүшесiне 18 шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
      2) электр қуатын тұтыну нормалары (бiр айда):
      бiрден бес адамға дейiнгi отбасына – отбасының әрбiр мүшесiне 80 киловатт;
      бес және одан да көп мүшелi отбасына – 200 киловатт;
      3) газ шығындарының нормасы:
      газ пешінің, орталық жылу беру және ыстық су болған жағдайда айына 1 адамға – 18 текше метр;
      газ пешінің, орталық жылу беру және ыстық су болмаған жағдайда айына 1 адамға – 22 текше метр.
      Коммуналдық қызмет тұтыну нормалары табиғи монополияларды (монополистiк қызметтi) реттеу бойынша аумақтық уәкiлеттi орган қолданатын, көрсетiлетiн қызметтерге тарифтердi (бағаларды) бекiткен кездегi коммуналдық қызметтердi босату нормаларына баламды.

      Ескерту. 14-тармаққа 2)тармақшасына өзгерту енгізілді - Тараз қалалық мәслихатының 2010.12.23 № 36-7(2011 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

3. Тұрғын үй көмегiн төлеу тәртiбі

      15.Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге шығындарды өтеу өтемақы соммалары уәкілетті органмен екiншi деңгейдегi банктер арқылы алушылардың өтiнiштерi бойынша тиiстi қызмет көрсетушiлердiң (қызмет жабдықтаушылардың) есеп шотына, ал телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылу өтемақысын абоненттердiң жеке есеп шотына аударылуы мүмкін.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - Тараз қалалық  мәслихатының 2011.10.12 № 43-6 Шешімімен.

4. Қорытынды ережелер

      16. Осы ережелермен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады