2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы N 4 Қаулысы. Жамбыл облысы Жуалы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 ақпанда 84 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 720-баптарына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне" сәйкес, жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы ұйымдардың тізбесі № 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысы № 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. «Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (К. Құрмашовқа) жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа тартқан кезде нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды ескерсін және жұмыс берушімен қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгілік шарт жасассын.
      4. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңымен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленсін.
      5. «Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б. Момбаевқа) қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен уақытылы қаржыландыру және қаражаттардың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жарылқасын Әбдіғапарұлы Айтақовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                М. Пралиев

КЕЛІСІЛДІ:

«Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі
Жамбыл облысының Әділет департаменті
Жуалы ауданының Әділет басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Р. Өміралиев
21 қаңтар 2010 жыл

«Жамбыл облысы Ішкі істер Департаментінің
Жуалы аудандық Ішкі істер
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы полиция подполковнигі
Б. Налеков
21 қаңтар 2010 жыл

«Жамбыл облысының Жуалы ауданының Қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы подполковник
Ғ. Садыбеков 21 қаңтар 2010 жыл

«Жамбыл облысы әкімдігінің Жуалы
ормандары және жануарлар дүниесін қорғау
жөніндегі» мемлекеттік мекемесінің директоры
А. Муртазаев
21 қаңтар 2010 жыл

Жуалы ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 21 қаңтардағы
№ 4 қаулысына № 1-қосымша

2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1. "Жуалы ауданы Ақсай ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      2. "Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      3. "Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      4. "Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      5. Жуалы ауданы "Нұрлыкент ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      6. "Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      7. "Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      8. "Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      9. "Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      10. "Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      11. "Қошқарата ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      12. "Қызыларық ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      13. "Мыңбұлақ ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      14. "Тоғызтарау ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      15. "Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      16. "Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      17. "Жамбыл облысы Жуалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      18. "Қазақстан Республикасы Әділет Министрі Жамбыл облысының Әділет департаменті Жуалы ауданының Әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
      19. "Жамбыл облысы әкімдігінің Жуалы ормандары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі;
      20. "Жамбыл облысы ішкі істер Департаментінің Жуалы аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      21. "Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      22. "Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      23. Жуалы ауданы әкімиятының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің “Жуалы-су" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.

Жуалы ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 21 қаңтардағы
№ 4 қаулысына № 2-қосымша

2010 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс.

Жұмыс түрлері

Нақты жұмыс

жағдайлары

Көлемі

Қаржы көздері

Сұраныс

Ұсыныс

1

Аудан аумағын экологиялық сауықтыру (көріктендіру көгеріштендіру және тазалық жұмыстары)

1. Арық тазалау
2. Күл–қоқыс шығару
3. Жол құрылысы және жөндеу жұмыстарына көмек көрсету
4. Гүл егу және оны күту

80 километр 1600 тонна
80 километр
500 метр квадрат

Жергілікті бюджет

125

125

2

«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша егілген талдардың сақталуын қамтамасыз ету.

1. Тал егу, оны күзету, суғару
2. Ескі талдарды ретке келтіру

50000 түп

50,1 гектар

Жергілікті бюджет

120

120

3

Республикалық және аймақтық науқандар өткізу шараларына қатысу.

1. Сауалнама жүргізу
2. Санақ жұмыстарына қатысу
3. Әскерге шақыру комиссиясына көмек көрсету

қажеттілікке байланысты

Жергілікті бюджет

40

40

4

Бюджеттік мекемелерді қысқы мерзімге дайындауға қатысу, соғыс ардагерлері мен тұрмысы төмен мүгедектердің, жалғызбасты қарттардың үйлерін ағымды жөндеуден өткізуге жәрдемдесу.

1. Тал әктеу
2. Отын дайындау
3. Аулаларды ретке келтіру

қажеттілікке байланысты

Жергілікті бюджет

25

25

5

Ауылдық округтер аймақтарындағы ескерткіш, мұражайды күту және күзету.

1. Мұражайдың тазалығын қадағалау
2. Күту және баптау, күзету

қажеттілікке байланысты

Жергілікті бюджет

10

10

6

Табысы аз азаматтардың әлеуметтік жағдайларын анықтау.

1. Үй шаруасына көмектесу

қажеттілікке байланысты

Жергілікті бюджет

10

10

7

Мектеп кітапханаларындағы кітап қорының сақталуын қамтамасыз ету жұмыстары

1. Кітаптардың парақтарын түгендеу, қайта түптеу, кітаптың мұқабасын жаңартуға көмектесу

қажеттілікке байланысты

Жергілікті бюджет

20

20

8

Тұрғындарға малдәрігерлік көмек көрсетуде ветеринарлық инспекторларға көмектесу

Ұрықтандыруға көмектесу

қажеттілікке байланысты

Жергілікті бюджет

20

20

9

Мектеп, балабақша ғимараттарын ағымдық жөндеу, кітапханаларда кітап қорының сақталуын қамтамасыз ету–қайта түптеу, мұқабасын жаңарту, мектеп бақтарын көріктендіру, көгеріштендіру

1. Сырлау, әктеу.
2. Күл–қоқыс шығару
3. Кітаптарды жөндеуге көмектесу
4. Гүл егу және оны күту

қажеттілікке байланысты

Жергілікті бюджет

38

38

10

Ауылдық учаскелік полицияға көмек көрсету жұмыстары

1. Ауылдық учаскелік полицияның жұмысына көмектесу

қажеттілікке байланысты

Жергілікті бюджет

25

25

11

Ауылдарға судың жеткізілуін қамтамасыз ету жұмыстары

1. Арық тазалау

қажеттілікке байланысты

Жергілікті бюджет

17

17


Барлығы




450

450

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады