2011 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы N 566 Қаулысы. Жамбыл облысы Меркі ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 31 қаңтарда 6-6-90 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы негізінде, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы мекемелердің тізбелері № 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. 2011 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, оларды каржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс № 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. «Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, (Ш.Т.Абылқасымов) аудандық мекемелердің басшылары және ауылдық округтердің әкімдері азаматтарды қоғамдық жұмысқа тартқан кезеңде нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды ескерсін.
      4.«Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.Қасабеков) қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен уақтылы қаржыландыру және қаражаттардың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етсін.
      5. Қоғамдық ақылы жұмысқа қатысқан азаматтардың еңбек ақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленсін және оларды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүргізілсін.
      6. Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары Т.Б.Рысқұлбековке жүктелсін.
      7. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан Әкімі                                С.Жұмағұлов

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау Министрлігінің мемлекеттік
зейнетақы төлеу орталығы» республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының
Жамбыл облыстық филиалының Меркі аудандық
бөлімшесінің бастығы
Е.Ахтамбердиев
31.12.2010 ж.

«Жамбыл облысы Меркі ауданының Қорғаныс
істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
К.К.Нурдинов
31.12.2010 ж.

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Жамбыл облысының Әділет департаменті Меркі
ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Ж.К. Сатылғанов
31.12.2010 ж.

«Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігі
Салық комитетінің Жамбыл облысы бойынша
салық департаментінің Меркі ауданы
бойынша салық басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Ш.Б. Бегасылов
31.12.2010 ж.

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігі
Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті
Меркі ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
О.Такеев
31.12.2010 ж.

Меркі ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 566 Қаулысына № 1-қосымша

2011 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы мекемелердің тізбесі

      1.«Меркі ауданы Меркі ауылдық округі Әкімінің аппараты » мемлекеттік мекемесі;
      2. «Меркі ауданы Жамбыл ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
      3. «Меркі ауданы Сарымолдаев ауылдық округі Әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі;
      4. «Меркі ауданы Ойтал ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
      5. «Меркі ауданы Андас батыр ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
      6. «Меркі ауданы Акарал ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
      7. «Меркі ауданы Актоган ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
      8 «Меркі ауданы Аспара ауылдық округі Әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі;
      9. «Меркі ауданы Акермен ауылдық округі Әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі;
      10. «Меркі ауданы Рыскұлов ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
      11. «Меркі ауданы Жанатоған ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
      12. «Меркі ауданы Кеңес ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
      13. « Меркі ауданы Сұрат ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
      14. «Меркі ауданы Тәтті ауылдық округі Әкімінің аппараты »мемлекеттік мекемесі;
      15. «Меркі ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
      16 «Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі»мемлекеттік мекемесі;
      17. «Меркі ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      18. «Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      19.«Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекетті мекемесі;
      20.«Меркі ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      21.«Меркі ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»мемлекеттік мекемесі;
      22.«Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      23.«Қазақстан Республикасы әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті Меркі ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
      24.«Жамбыл облысы Меркі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      25.«Меркі ауданы әкімиятының Таза су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      26«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті Меркі ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      27.«Қазакстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Жамбыл облысы бойынша салық департаментінің Меркі ауданы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
      28.«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Жамбыл облыстық филиалының Меркі аудандық бөлімшесі.

Меркі ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 566 Қаулысына № 2-қосымша

2011 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс

Жұмыс түрлері

Нақты жұмыс жағдайлары

Көлемі

Қаржы көздері

Сұраныс

Ұсыныс

1

Аудан аумағын экологиялық сауықтыру (көріктендіру көгеріштендіру және тазалық жұмыстары)

1. Арық тазалау

2. Қоқыс шығару

3. Бағаналарды сырлау

4. Аялдамаларды сырлап, әктеу

5. Гүл егу және оны күту.

Қажеттілігіне сәйкес

Жергілікті бюджет

110

110

2

«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша егілген талдардың сақталуын қамтамасыз ету

1.Тал егу оны күзету, суғару

2.Талдардың түбін әктеп ретке

келтіру

Қажеттілігіне сәйкес

Жергілікті бюджет

10

10

3

Республикалық және аймақтық науқандар өткізу шараларына қатысу

1.Сауалнама жүргізуге жәрдемдесу

2.Санақ жұмыстарына жәрдемдесу

3.Шақыру комиссиясына көмек көрсету

Қажеттілігіне сәйкес

Жергілікті бюджет

30

30


Барлығы




150

150

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады