Балқаш қаласында жасыл желектерді күту және қорғау Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010 жылғы 1 желтоқсандағы N 37/287 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 10 қаңтарда N 8-4-208 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2012 жылғы 12 маусымдағы N 5/43 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2012.06.12 N 5/43 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Балқаш қаласында жасыл желектерді күту және қорғау Ережесі бекітілсін.
      2. Қалалық мәслихаттың 2003 жылғы 23 сәуірдегі N 29/278 "Жасыл көшеттерді қорғау және күту қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде N 1206 болып тіркелген, 2003 жылғы 2 шілдедегі N 51-52 "Балқаш өңірі" газетінде, 2003 жылғы 4 шілдедегі N 52 "Балхашский рабочий" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж. Омаров) жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрайымы                            Т. Шаталова

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                И. Сторожко

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қала әкімі                                 Тейлянов К.Г.
      01.12.2010 ж.

      "Балқаш қаласының
      тұрғын үй коммуналдық
      шаруашылық, жолаушылар
      көлігі және автокөлік жолдары
      бөлімі" ММ-нің бастығы                     Манамбаев Д.С.
      01.12.2010 ж.

      Балқаш қаласы ішкі істер
      бөлімінің бастығы                          Киякин Е.М.
      01.12.2010 ж.

      "Қалалық сәулет, қала
      құрылысы және құрылыс
      бөлімі" ММ-нің бастығы                     Мусин С.К.
      01.12.2010 ж.

Балқаш қалалық мәслихатының
2010 жылғы 1 желтоқсандағы
N 37/287 шешімімен бекітілген

Балқаш қаласындағы жасыл желектерді күту және қорғау Ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Балқаш қаласындағы жасыл желектерді күту және қорғау Ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес әзірленді және меншік нысандарына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғаларға Балқаш қаласындағы жасыл желектерді күту және қорғау тәртібін анықтайды.
      2. Балқаш қаласының аумағында жасыл желектер сұрақтары бойынша табиғатты пайдалануды басқару және реттеу уәкілетті орган "Балқаш қаласы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Әкімдігіктің уәкілетті органы) жүктеледі.
      Жасыл желектерді күту және қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне, иеліктерінде жасыл желектері бар жеке және заңды тұлғаларға жүктеледі.
      3. Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
      1) арнайы мамандандырылған ұйым - Жарғысында жасыл желектерді күту мен қорғау бойынша жүргізілетін жұмыстардың түрі көрсетілген, қажетті барлық материалдық және білікті еңбек ресурстары бар шаруашылық жүргізуші субъект;
      2) Балқаш қаласының жасыл желектер реестрі – түрлері бойынша ақпарат, түр құрамы, аумақ өлшемі, жасыл желектердің Балқаш қаласы аумағында орналасқан жері және жағдайы;
      3) бөрікбастарды қалыптастыру - пішіндеуге келетін, жекелеген ағаштардың, бұталардың және жолдағы өсімдіктердің бұташалары мен ұзарған жерлерін оларға белгілі бір әсемдік беру мақсатында кесу және жасыл желектерді "жасарту";
      4) жасыл желектерді еріксіз кесу - белгіленген тәртіппен түгендеуге жататын, орман ауруларын зерттеу және шаруашылық мақсаттар үшін кесу;
      5) жасыл алқап - түрлік құрамына қарамастан кемінде 0,125 га. кем емес аумақтағы 50 дана ағашы бар көгалдандырылған аумақ;
      6) жасыл желектер - азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және қаланың бірыңғай жасыл қорын құрайтын табиғи өскен және жасанды егілген ағаш бұтақты және шөпті өсімдіктер;
      7) жасыл құрылыс - қалада, өнеркәсіп және басқа да нысандарда жасыл желектер аумағын құру, сақтау және көбейту жөніндегі шаралар жүйесі. Аумағы бойынша айтарлықтай учаскелерді көгалдандыру жобалық тапсырмамен және оның негізінде жасалған техникалық жобасы бойынша жүргізіледі;
      8) жасыл желектерді түгендеу - жоспарлы негізде көгалдандырудың әрбір элементін кескіндемелік бейнелеу, сондай-ақ көгалдандыру нысандарын есепке алу бойынша сандық және сапалық сипаттамасын жан-жақты көрсеткен кешенді шаралар;
      9) жасыл желектерді қорғау - жасыл желектерді, көгалдандырылған аумақтар және жасыл алқаптарды, желектерді жаңадан өндіру (оның ішінде жойылған немесе зақымданған жасыл желектерді өтемдік қалпына келтіруге) және сақтауға құруға бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар жүйесі;
      10) жасыл алқаптардағы ландшафтық кесу - құрғақ, шіріген ажары нашар және рекреациялық ықпалға төзімділігі төмен, ең әсем тұрақты тұқымның дамуына кедергі келтіретін және ағаш сапасын жақсарту үшін ағаштар мен бұталарды кесу;
      11) жасыл желектердің қиқы-жиқы болып өсулерін, орман ауруларына бейімділігін зерттеу - зиянкестердің (жәндіктердің) бар-жоғын арнайы зерттеу, діңдерде, тамыр жүйелерінде және ағаштың ұшар басында таз ауруларымен (паразиттермен) зақымдану белгілерінің бар-жоғын, аурулардың ошақтарының және белгілерінің бар-жоғын анықтау. Егер желектердің 50 % астамы ауруларға шалдыққан болса, онда олар міндетті түрде санитарлық кесуге жатады;
      12) жасыл желектерді күту мен қорғаудың осы Ережесін бұзғандығы үшін жауапкершілік - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік және экономикалық жағынан ықпал ету шараларын қолдану;
      13) жасыл желектерді қайта отырғызу - тігінен немесе көлденеңінен тамыр жүйесіне таралуы бойынша (1,5 метрден бастап одан биігірек) жерде соқтасымен бірге қайта отырғызудың жоғары технологиясын сақтай отырып, жасы І сыныптағы соқтасы бар (жапырақты тұқымдар үшін 10 жылға дейін және қылқан жапырақтылар үшін 20 жылға дейін), сирек - жасы ІІ сыныпта (жапырақты тұқымдар үшін 11 жылдан 20 жылға дейін және қылқан жапырақтылар үшін 21 жылдан 40 жылға дейін) жапырақты және қылқан жапырақты өсіп тұрған ағаштар мен бұталарды қайта отырғызу;
      14) жасыл желектерді сақтау - көріктендіру және құрылыс жұмыстарының дағына түсетін, аса құнды желек тұқымдарын сақтауға бағытталған кешенді шаралар. Сақтау - құрылыс жүргізу кезінде желектердің бүлінуіне жол бермеу үшін қоршау және басқа да әдістермен жүзеге асырылады;
      15) жасыл желектерді зақымдау - ағаш-бұтақ өсімдіктерінің бөрікбасына, діңіне, тамыр жүйесіне, шөпті өсімдіктердің жер үсті бөлігі мен тамыр жүйесіне өсімін тоқтатуға алып келмейтін залал келтіру. Тамыр жүйесінің механикалық термиялық немесе химиялық зақымдануы, тамыр қыртысы тұтастығының, топырақ үсті жамылғысы тұтастығының бұзылуы және залалдың өзге де түрін келтіру зақымдану болып табылады;
      16) жасыл желектерді жою - өсімінің тоқтауына алып келетін жасыл желектердің зақымдануы;
      17) жасарту - қаңқалы және жартылай қаңқалы бұтақтарды қатты қысқарту, жас бұтақтарды сирету және реттеу, бас жағы мен бұталардың құрғаулары салдарынан өзінің ажарын жоғалтқан сау діңді және сүңгекті жасарту үшін жарамды ересек ағаштардың кемінде 3,5 метр биіктіктегі діңдерін кесу;
      18) жаппай санитарлық кесу - көп мөлшерде желден, қардан құлаған, құрғаған және ауырған (ағаштардың 40 % астамы) жасыл алқаптардың, саябақтардың, бақтардың белгілі бір алаңдарында жүргізілетін ағаштар мен бұталарды кесу;
      19) жалпы пайдаланылатын жерлер - халықтың мұқтаждығын қанағаттандыру үшін арналған (су құбырлары, жылыту трубалары, тазалау құрылыстары және басқадай жалпы пайдаланылатын инженерлік жүйелер), алаңдар, көшелер, жаяу соқпақтар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, бақтар, қала ормандары, бульварлар, суаттар, жағажайлар, зираттар және қала мұқтажын қанағаттандыру мақсатындағы өзге де нысандар үшін алынған және арналған жерлер;
      20) жеке тұлғалардың аралас аумақтары (жапсарлас) - қала аумақтарының жалпы пайдаланылатын жерлерімен шектесетін, жасыл желектер өсіп тұрған жеке тұлғаларға тиесілі аумақ учаскесі;
      21) күту - өсімдіктің төменгі бөлігі мен топырағына күтім жасау (қоректендіру, суару, қопсыту және т.б.);
      22) көгалдандырылған аумақ - табиғи өскен өсімдіктер, жасанды жасалған саябақ кешендері мен нысандары, бульварлар, бақтар, көкжелектер, гүлзарлар және т.б. орналасатын жер учаскесі;
      23) объекті (желек) жағдайының (тіршілік қабілетінің) коэффициенті (бұдан әрі - ОЖК) - кесуге ұсынылған объектінің тіршілік қабілетін ескеретін, жасыл желектердің сапалық жәй-күйі, оның одан әрі өмір сүруінің әлеуетті қабілеті;
      24) өтемдік (кепілдік) отырғызу жоспары - отырғызудың сандық, тұқымдық құрамы, көлемі, күнтізбелік мерзімі, сонымен қатар жоспарлы негізге орайластырылған отырғызуды орналастырудың кескіндемелік сызбасы бар, рұқсат етілген санитарлық кесуге, амалсыз кесуге немесе заңсыз кесуге ұшыраған жасыл желектер көлемін сол деңгейде өтейтін ағаштарды отырғызу жоспары;
      25) санитарлық кесу - ауырған, зақымданған, құрғай бастаған және құрғаған ағаштары кесілетін, қала жасыл желегінің санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында жүргізілетін (іріктемелік, жаппай) кесу;
      26) санитарлық қырқу - авариялық жағдай жасайтын (электр беру желілерінде, газ құбырларында жатқан, ғимараттың жамылғысын зақымдайтын, жол қозғалысына кедергі келтіретін) зақымдалған, қураған, құрғақ, ауру бұтақтарды қырқу;
      27) техникалық қадағалау - жасыл желектерді жасау (өтемдік отырғызуларды қоса кіргізгенде), күту және қорғау технологияларының сақталуына және белгіленген ережелердің, жасыл желектерді отырғызу және күту технологияларының сақталуына қадағалау (бақылау) жүргізу;
      28) іріктемелік санитарлық кесу - құрғаған, өлген, желден құлайтын, қардан құлайтын, қардан сынатын барлық сынып жастағы ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ тамыры зақымдалған, сәрпіңке мен өзге де таз ауруларына шалдыққан ағаштарды кесу.
      4. Балқаш қаласының аумағындағы барлық жасыл желектер, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өсіп тұрған жасыл желектерді, жеке үй құрылыстары мен саяжайларда және қала коммуналдық қызметтерінің қарауына жататын зираттар учаскелеріндегі өсіп тұрған жасыл желектерді қоспағанда, қол сұғылмайтын қалалық жасыл қорды құрайды.
      5. Жобалық, құрылыс және шаруашылық қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеде белгіленген жасыл желектерді қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, жүзеге асырылады. Құрылыс, шаруашылық және өзге қызметтерді ұйымдастыруға арналған жоба алдындағы және жобалық құжаттамада жасыл желектердің күйі туралы толық және шынайы мәліметтер болуға тиіс.
      6. Қала аумағындағы жалпы пайдаланылатын аумақтарда орналасқан жасыл алқаптар, белгіленген тәртіппен келісілген қала дамуының бас жоспарына кіретін жер учаскелерін қоспағанда құрылыс салуға жатпайды.
      7. Жасыл желектерді амалсыз кесуге заңда белгіленген тәртіпте, қаланы дамытудың бас жоспарын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынған жер телімдерінде ғана рұқсат етіледі.

2. Қаланың жасыл желектерін қорғау бойынша әкімдіктің уәкілетті органымен шешілуге жататын сұрақтар

      8. Әкімдіктің уәкілетті органы:
      1) жасыл желектер мәселесі бойынша тапсырыстарды (өтініштерді) төмендегідей ретте қарастырады:
      тапсырыстарда (өтініштерде) көрсетілген жерге барып жасыл желектерді анықтайды, олардың тұқымдық құрамы, жасы, сапалық жағдайы нақтыланады;
      Балқаш қаласының аумағында жасыл желектерді санитарлық кесуге (іріктемелік, жаппай), амалсыз кесуге, қайта отырғызуға, бөрікбастарын қалыптастыруға, санитарлық қырқуға, ландшафтық кесуге, жасыл желектерді қайта отырғызуға актілерді рәсімдеу мен рұқсаттарды беру, тексеру жүргізу, рұқсат материалдарын дайындауды жүзеге асырады (N 1N 2N 3 қосымшалар).
      1 тармақшадағы талаптар осы Ереженің 3839 тармақтарында қарастырылған жағдайларда қолданылмайды;
      2) жасыл құрылысты келешекте жүргізу үшін, қаланың аумағын зерттеу және айқындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      3) жасыл желектерге қатысты қоршаған ортаны қорғау саласында, өсімдіктерді қорғау мен олардың карантині саласында, орман шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органдармен бірлесіп әрекет ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      4) кепілді өтемдік отырғызу және жасыл желектерді күту жұмыстарының жүргізілуіне бақылауды ұйымдастыру.

3. Жасыл желектерді қорғау және күту, есепке алу

      9. Жасыл желектердің барлық түрі есепке алуға жатады.
      Балқаш қаласында жасыл желектерді есепке алу белгіленген нысанға сәйкес (N 4 қосымша) тізілімге енгізіліп, есепке алынатын шекараларда орналасқан жасыл желектерді түгендеу және орман ауруларына бейімділігін зерттеу арқылы жүргізіледі.
      10. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі жасыл желектердің түгендеуін және орман ауруларына бейімділігін зерттеуді Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес, арнайы мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
      Жасыл желектерді түгендеу және олардың орман ауруларына бейімділігін зерттеу материалдарының көшірмесін әкімдіктің уәкілетті органына жасыл қормен жұмыс жасау кезінде ұсыныс ретінде пайдалану үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері жібереді.
      11. Балқаш қаласының жасыл желектерін тізімдеу төменгі мақсаттарда жүргізіледі:
      1) Балқаш қаласында жасыл желектердің жәй-күйі мен саны және сапасы туралы шынайы мәліметтер алу және есебін жүргізу;
      2) қаланың көгалдандырылған аумағын дамыту және жасыл желектерді қорғау, сақтау саласындағы қалалық саясаттың негізгі бағыттарын анықтау;
      3) қалада жасыл желектердің жәй-күйі және саны туралы басқару және билік органдарын, халықты шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.
      12. Жасыл желектер тізілімін жүргізуді ұйымдастыру жұмыстары жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
      Ескерту. 12 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.03.10 N 42/326 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
      13. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі жасыл желектерді қорғау және күту төмендегі жағдайларды қоспағанда бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен жүзеге асырылады:
      1) арнайы саябақтарда меншік иелеріне немесе меншік иесі өкілеттік берген адамға;
      2) тұрғын ықшам аудандарында, тұрғын үйлердің алдындағы көшелерде құрылыстан жаяусоқпаққа дейін - ішкі аула аумағы шегінде тұрғын үй қорының иелеріне;
      3) өнеркәсіп кәсіпорындары аумақтары мен меншіктің өзге нысандарында, сондай-ақ бөлінген және бекітілген аумақтарда және санитарлық-қорғау аймақтарында - иелеріне немесе осы нысандарды пайдаланушыларға;
      4) құрылыс үшін бөлінген аумақтарда - тапсырысшыға жүктеледі.
      14. Жалпы пайдаланылатын жерлерде жүргізілетін жасыл желектерді қорғау және күту бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу" Заңына сәйкес мамандандырылған ұйымдармен жүзеге асырылады.
      15. Әкімдіктің уәкілетті органының рұқсатымен жүргізілген амалсыз кескендігі, санитарлық кескендігі үшін жасыл желектерді өтемдік қалпына келтіру биіктігі 3 метрден кем емес жапырақ тұқымдас көшеттерді отырғызу жолымен, ал қылқан жапырақтылар үшін 2 метрден кем емес көшеттерді отырғызу жолымен жүргізіледі (І немесе ІІ сыныптағы сападағы).
      Көшеттердің тамыр жүйесінен жоғары діңгегінің диаметрі кем дегенде 3 сантиметр (діңгек бөлігінің 1,3 метр биіктікте) болуы керек. Мұндай кезде амалсыз кесілген ағаштардың орнына өтемдік отырғызу сол жер телімі аумағында (қалалық сәулет шарттары ескеріліп) үш есе көлемінде жүргізіледі.
      Санитарлық кесу және жасыл желектерді кесу жүргізілетін аумақта отырғызу үшін бос алаң болмаған жағдайда әкімдіктің уәкілетті органы одан әрі өтемдік отырғызу жүргізу үшін белгіленген тәртіппен келісілген арнайы учаскелерді анықтайды.
      Жалпы пайдаланылатын жерлердегі өтемдік отырғызуларды тек қана жалпы пайдаланылатын жерлерде жасыл желектерді күту және ұстау, көгалдандыруды жүргізетін мамандандырылған ұйымдар (келісім-шарт негізінде) жүзеге асырады.
      16. Объект жағдайының коэффициенті бойынша апатты жағдайдағы, қураған және қартайған жасыл желектерді кесу кезінде заңды және жеке тұлғалар әрбір апатты жағдайдағы жасыл желекті кескені үшін жасыл желек кесілген жерде немесе әкімдіктің уәкілетті органы белгілеген учаскеге жасыл желектерді кепілді өтемдік отырғызу ретінде 1 көшет отырғызады.
      17. Апаттық ахуалдың пайда болуын - ұзақ тұрған (қартайған), апатты (құлап қауіп төндіретін және т.б), қураған ағаштардың, қатты піскен (тіршілігі қысқа мерзімді, жылдам өсетін: жасы 40-тан асқан теректердің барлық түрі; жасы 20-дан асқан жемісті ағаштар; жасы 50-ден асқан қарағаш) және басқа да ағаш түрлерінің өздігінен құлауын болдырмау үшін желектің сапалық жағдайына қарамастан сұлбасы, жапырағы, алдын ала зерттеу жүргізу.
      18. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі, ғимараттар мен үй-жайлардың, көп қабатты тұрғын үйлер аумақтарында желдің және табиғи сипаттағы өзге де оқиғалардың, жол-көлік апаттары нәтижесінде құлаған апатты ағаштарды жинау, құлаған жерлерді өз уақытында санитарлық тазалау және ағаш қалдықтарын шығару жер пайдалану шекарасындағы, сол аумақ қарайтын мекемелерге немесе қызмет көрсететін учаскелері бойынша мамандандырылған кәсіпорындарға жүктеледі.
      19. Өнеркәсіптік, азаматтық мақсаттағы ғимараттардан және жеке тұрғын үй құрылысынан кемінде 5 м қашықтықта өсіп тұрған ағаштың бөрікбасы ғимарат үшін қауіп туғызса - жабынды, балконды, лоджияны бүлдіретін және тамырлары ғимарат іргетасын қирататын болса, оларды санитарлық қырқуға, амалсыз кесуге рұқсат Қазақстан Республикасы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес шектесетін аумақта өтемдік отырғызуды анықтаумен, апатты жасыл желектерді кесу ретінде беріледі.
      20. Жасыл желектерді заңсыз кескен жағдайда өтемдік қалпына келтіру биіктігі 3 метрден кем емес жапырақ тұқымдас көшеттерін, сондай-ақ биіктігі кемінде 2 метрден кем емес (І және ІІ сыныптағы сападағы) қылқан жапырақты тұқым көшеттерін он есе көлемінде отырғызу жолымен жүргізіледі. Діңгегінің диаметрі көшеттің жоғары тамыр жүйесінен (діңгек бөлігі 1,3 метр биіктікте) 3 сантиметрден кем болмауы керек. Заңсыз кесу жүргізілген аумақта ағаш отырғызу үшін бос алаң болмаған жағдайда әкімдіктің уәкілетті органы өтемдік отырғызуды жүргізу үшін белгіленген тәртіппен арнайы учаскелерді белгілейді.
      21. Жасыл желектер заңсыз кесілген жағдайда өтемдік қалпына келтіру жұмыстары заң бұзушылыққа жол берген заңды және жеке тұлғалардың қаражаты есебінен жүргізіледі.
      22. Жасыл желектерді өтемдік қалпына келтіруді жеке тұлғалар дербес меншік аумақтарында, ал заңды тұлғалар жасыл желектерді оларды одан әрі күтудің (оның ішінде екі жыл бойы күтіп-баптау жұмыстары) міндетті шарттарын сақтай отырып арнайы мамандандырылған кәсіпорындармен келісім-шарт бойынша жүргізеді. Жалпы пайдаланудағы жерлерде көшеттерді өтемдік отырғызуда қаладағы жасыл желектерді құруға техникалық қадағалауды жүзеге асыратын арнайы мамандандырылған мекемелерді қатыстырумен жүзеге асырылады.
      23. Бюджет қаражаты есебінен құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде (күрделі құрылыс, жолдарды, жаяу соқпақтарды, арық желілерін жөндеу және т.б.) және коммерциялық құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымдарға (тапсырыс берушілер мен мердігерлер) құрылыс жобаларында жасыл желектерді құру немесе қалпына келтіру (жобада қарастырылған) жөніндегі, жұмыстарын көгалдандыру жұмыстары аяқталғаннан кейінгі екі жыл бойы оларды күтіп-баптау жұмыстарын ескере отырып қаржыландыруды қарастыруы қажет.
      24. Қатты өскен немесе зақымдалған жасыл желек өздігінен құлаған кезде, кінәлі тұлғаларды анықтау мүмкін емес жағдайда жасыл желектерді қалпына келтіру белгіленген тәртіппен жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
      25. Жалпы пайдалану жерлерінде және жеке аумақтарда өсетін жасыл желектер механикалық зақымдалған немесе жол-көлік оқиғалары салдарынан жойылған жағдайда кінәлі тараптар осы Ережелердің 20, 21 тармағына сәйкес зақымдалған немесе жойылған желектердің өтемдік қалпына келтірілуін жүргізеді.
      26. Отырғызылған жасыл желектер жойылған жағдайда оның мүддесі үшін кесу жүргізілген тұлға немесе мамандандырылған ұйым (әрекеттегі кепілді міндеттеменің келісім-шарты бойынша) жасыл желектерді қайта отырғызады және олар отырғызылғаннан кейін екі жыл ішінде әрі қарай күтілуін қамтамасыз етеді.
      27. Қажетті күтіп-ұстау, жасыл желекті қалпына келтіру мүмкіндігінің жоқтығына, механикалық зақымдалуға, көшеттердің баяу өсуіне байланысты, отырғызылған жерде көшеттердің жоқтығының (ұрланған) анықталуына байланысты жасыл желектердің жойылғандығы анықталған жағдайда (қурағандарын қоспағанда) оларды қалпына келтіру жасыл желектерді күту жауапкершілігі жүктелген тұлғалар есебінен жүргізіледі. Отырғызуды қалпына келтіру, уәкілетті органмен келісілген, мерзімі көрсетілген өтемдік қалпына келтіру жоспарына сәйкес жүргізіледі.
      28. Құрылыс және өзге жұмыс түрлерін жүргізген кезде осы учаскедегі сақталуға жататын, кесуге немесе санитарлық қырқуға жатпайтын барлық жасыл желектер тиімді қорғауды қамтамасыз ететін арнайы қорғаныс қоршауларымен (ағаш-бұта өсімдігі діңінің, көшеттің, көкжелектердің, гүлзарлардың айналасына, қажетті жағдайда бөрікбастарды қорғау) механикалық және өзге зақымдалулардан қорғалуға тиіс.

4. Жасыл желектерді санитарлық кесу (іріктемелік, жаппай), амалсыз кесу, қайта отырғызу, бөрікбастарды қалыптастыру, санитарлық қырқу, ландшафтық кесу, сүңгегін тазалау

      29. Жасыл желектерді санитарлық кесу (іріктемелік, жаппай), амалсыз кесу, қайта отырғызу, бөрікбастарды қалыптастыру, санитарлық қырқу, ландшафтық кесу, сүңгегін тазалау осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүргізіледі және жасыл желектер өсіп тұрған жер учаскесіне жер пайдалану құқығын айғақтайтын құжаттарды және өзге қажетті құжаттарды міндетті көрсетуі бойынша немесе осы Ережеде белгіленген тәртіппен бекітілген бағдарлама рұқсатымен ғана ресімделеді.
      30. Жасыл желектерді санитарлық кесу, амалсыз кесу, сүңгегін тазалау және санитарлық қырқу жыл бойында жүргізіледі.
      31. Жасыл желектерді қайта отырғызу бір жылдың ішінде әкімдіктің уәкілетті органы берген рұқсатта көрсетілген уақытта, арнайы қайта отырғызу технологиясын сақтай отырып жүргізіледі. Жапырақты және қылқанжапырақты тұқымдылардың дұрыс құтаюы мақсатында оларды күз түскеннен бастап көктемнің бас кезіне дейін отырғызу ұсынылады.
      32. Ағаштарды жасарту және қалың біткен ағаштарды сирету тозаңдану басталғанға дейін немесе күздің аяғына дейін жүргізіледі.
      33. Жаңа құрылысты оның ішінде, жаңғыртуға түсетін аумақтардағы құрылысты (бұрыннан бар жеке тұрғын үй құрылысын қоспағанда) олардың нысаналы мақсатына қарамастан (жоспарланған жеке тұрғын үй құрылысы, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс нысандары, әкімшілік ғимараттары, коммуникацияның, қызмет көрсету саласы нысандарының барлық түрлері) және жер учаскесіне құқықты ұйымдастыру кезінде жасыл желектерді кесу, түгендеу мен орман ауруларына бейімділігін зерттеу материалдары негізінде әкімдіктің уәкілетті органының ресми рұқсаты бойынша жүргізіледі.
      34. Жалпы пайдаланатын жерлердегі жасыл желектері бар аумақтарды күту жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері, заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ аумақтарында жасыл желек өсетін ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдаланушылар жыл сайын көктемгі және жазғы кезеңде жасыл желектерді зиянкестерден (жәндіктерден, паразиттік өсімдіктерден) және аурулардан сақтау үшін химиялық препараттарды тасымалдау, сақтау және қолдану тәртібін сақтай отырып химиялық әдістермен және басқа да биологиялық дәрі-дәрмектермен химиялық және фитосанитариялық өңдеу жөніндегі шараларды ұйымдастырады және өткізеді.
      35. Осы Ереженің 34 тармағында көрсетілген тұлғалардың химиялық және фитосанитариялық өңдеулерді жүргізуі, жасыл желектерді қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруы алдын ала бекітілген шаралар жоспары бойынша жүргізіледі және бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлеріне жүктеледі, ал жүргізілген жұмыстарға бақылау жасау өсімдіктерді қорғау мен олардың карантині жөніндегі уәкілетті органдарға жүктеледі.
      36. Жалпы пайдаланатын жерлерде жасыл желектерді санитарлық кесуді, амалсыз кесуді және санитарлық қырқуды осы Ереженің 33 тармағында көрсетілген жағдайлары қоспағанда, міндетті түрде әкімдіктің уәкілетті органы рұқсатын алдын ала ресімдеу арқылы, сол жер учаскесінде қызмет көрсететін арнайы мамандандырылған мекеме жүргізеді.
      37. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын сәулеттік, қала құрылысы және құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде, жасыл желекті қалпына келтіру белгіленген тәртіппен (көгалдандыру жобасы бойынша) тиісті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      38. Ағаштың құлауы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын, ғимараттар мен үй-жайлардың, коммуникациялардың зақымдалуына, жол қозғалысы (оның ішінде жол жүру белгілерін жауып тұрса) қауіпсіздігінің бұзылуына алып келетін төтенше және апатты жағдайларда аталған жасыл желектерді кесу және санитарлық қырқу рұқсатты ресімдеусіз шұғыл түрде жүргізіледі. Кесу немесе санитарлық қырқу деректері әкімдіктің уәкілетті органның актімен расталады.
      39. Шеткі өткізгіштер жолының екі жағында да тұрған электр тораптарының күзеттік және санитарлық қорғау аймақтары Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес анықталады. Бұл аумақтарда тиісті ұйымдар қызмет көрсетеді. Қорғалатын және санитарлық - қорғау аймақтары бойындағы жасыл желектерді санитарлық кесу, қажетті амалсыз кесу, санитарлық қырқу, бөрікбастарды қалыптастыру, жасарту жұмыстары уәкілетті органның рұқсатынсыз, ескерту арқылы (72 сағаттың ішінде жүргізілетін жұмыс түрлерінің кестесін ұсынып) жүргізеді. Бұл жағдайда жасалатын жұмыс түрлерін орындаудың технологиясы қатаң сақталуы қажет.
      40. Кесілген жасыл желек пен ұнталған қалдықтарды (үгінділер, бұталар, жапырақтар, бөрікбастар және т.б.) жұмыс жүргізілген жерде жинау мен сақтауға жол берілмейді. Кесілген қалдықтарды үю, буып-түю және тасымалдау бойынша барлық жұмыстар техника қауіпсіздігі талаптарына толық сәйкестікте жүргізілуге тиіс.
      Ескерту. 40 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.03.10 N 42/326 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
      41. Жасыл желектерді қайта отырғызу бойынша жұмыс жүргізілгеннен кейін тапсырысшы олардың одан әрі ұстап-күтілуін қамтамасыз етуге тиіс.
      Ескерту. 41 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.03.10 N 42/326 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
      42. Жаңадан салынып жатқан немесе жаңартылып жатқан нысандар үшін жасыл желектерді санитарлық кесуге, амалсыз кесуге, сүңгегін тазалауға, санитарлық қырқуға, қайта отырғызуға рұқсатты ресімдеу үшін мынадай құжаттар тапсырылуға тиіс:
      1) жаңадан нысан, құрылыс, үй-жай салу (жаңарту) кезінде заңды тұлғалар үшін:
      әкімдіктің уәкілетті орган басшысының атына басшының толық аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны және сұратылған жасыл желектің орны көрсетілген өтініш;
      жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесі (нысандар құрылысы, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы (бұдан әрі ЖТҚ) үшін жер учаскесін бөлген кездегі);
      жер учаскесіне құқықты айғақтайтын құжаттардың көшірмесі;
      мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы (салынып жатқан және жаңартылатын нысандар үшін);
      қайта салынатын нысандар үшін мемлекеттік органдардан сәулеттік-жоспарламалық тапсырмасы бойынша қорытынды;
      өтемдік көгалдандыру жоспары немесе жасыл желектердің орналасуы көрсетілген жобалық көгалдандыру жоспары;
      өтемдік көгалдандыру бойынша көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақыты көрсетілген кепілдік хат;
      осы Ереженің 15202124 тармақтары ескерілген, мамандандырылған ұйыммен жасалған өтемдік көгалдандыру туралы келісі-шарт.
      2) бұрыннан тұрған нысандардың аумағын көріктендіру және эстетикалық келбетін жақсарту үшін:
      әкімдіктің уәкілетті орган басшысының атына басшының толық аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны және сұратылған жасыл желектің орны көрсетілген өтініш;
      жер учаскесіне құқықты айғақтайтын құжаттардың көшірмесі;
      өтемдік көгалдандыру жоспары немесе жасыл желектердің орналасуы көрсетілген жобалық көгалдандыру жоспары;
      өтемдік көгалдандыру бойынша көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақыты көрсетілген кепілдік хат;
      осы Ереженің 1521222526 тармақтары ескерілген, мамандандырылған ұйыммен жасалған өтемдік көгалдандыру туралы келісі-шарт;
      3) жасыл желектер шектесетін аумақтарда өскен жағдайда жеке тұлғалар үшін:
      әкімдіктің уәкілетті орган басшысының атына өтініш;
      жер учаскесіне құқықты айғақтайтын құжаттардың көшірмесі;
      жасыл желектердің орналасуы көрсетілген өтемдік көгалдандырудың нобай - жоспары;
      өтемдік көгалдандыру бойынша көшеттерді отырғызуды аяқтау уақыты көрсетілген кепілдік хат.
      43. Бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері бюджет қаржысына жасыл желектерді қайта отырғызуға, санитарлық кесуге рұқсаттарды ресімдеу үшін әкімдіктің уәкілетті органға төмендегідей құжаттарды ұсынады:
      1) уәкілетті органның басшысының атына басшының аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны және жасыл желек орналасқан жерді көрсете отырып жазылған тапсырыс;
      2) өтемдік көгалдандыру жоспары немесе жасыл желектерді отырғызу сызбасы көрсетілген, жобалық көгалдандырудың жоспары;
      3) көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақыты көрсетілген, өтемдік көгалдандыру жөніндегі кепіл хат.
      Жасыл желектердің санын, тұқымдық құрамын, сапасын Ереженің 14 тармағына сәйкес анықталған, арнайы мамандандырылған ұйымдарды қатыстыра отырып, бағдарламалардың әкімгерлері өз бетінше анықтайды.
      44. Қайта салынатын нысандар үшін жеке және заңды тұлғалар жасыл желектерді кесуге рұқсат беру туралы өтініш жасаған кезде, олар осы Ереженің 42 тармағының а) тармақшасына сәйкес құжаттардың көшірмелерін тапсыруы қажет.
      45. Өтініш әкімдіктің уәкілетті орган маманының сол жерге барып жер учаскесіне міндетті тексеріс жүргізуімен қаралады, оған тапсырысшының немесе өтініш берушінің өкілі қатысады.
      46. Санитарлық кесуге, амалсыз кесуге, санитарлық қырқуға және сүңгектерін қалыптастыруға түсетін (қаралатын учаскедегі) желектің 10 бірліктен артық сандық құрамын алдын ала анықтаған жағдайда тапсырысшы алдын ала өтінішке қоса белгіленген тәртіппен түгендеу және орман ауруларына бейімділік деңгейін зерттеу материалдарын тапсырады.
      47. Жасыл желектерді санитарлық кесуге, амалсыз кесуге, санитарлық қырқуға, отырғызуға, сүңгектерін түзетуге рұқсат күшінің мерзімін климаттық жағдайларға және желектердің түрлік құрамына байланысты, алайда ағымдағы күнтізбелік жыл айының соңғы күнінен кешіктірмей әкімдіктің уәкілетті органы дербес анықтайды
      48. Көгалдандырылған аумақтарға осы Ережемен мыналарға жол берілмейді:
      1) жасыл желектерді зақымдауға немесе құртуға;
      2) алау жағуға, түскен жапырақ пен құрғақ шөпті жағуға;
      3) тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтармен, ағынды сумен қоқыстауға және ластауға;
      4) ағаштан шырын өндіруге, жазулар, оюлар салуға, ағаштарға жарнама, хабарландыру, нөмірлік белгілер, әртүрлі көрсеткіштерді, сымдарды орналастыруға және ағашқа ілмек пен шеге қағуға;
      5) автокөлік құралдарының, құрылыс техникасы мен өзге техниканың, осы аумақты пайдалануға және жасыл желекті күтуге байланысты техниканы қоспағанда, өтуі мен тұруына;
      6) автокөлік құралдарын жууға;
      7) көкжелекке көлік құралдарын қоюға;
      8) мал жаюға;
      9) ауыл шаруашылық жануарларды қараусыз қалдыруға, ауыл шаруашылық және үй жануарларымен ағаштарға, көкжелекке, бұталарға зиян келтіруге;
      10) әртүрлі жүктерді, оның ішінде құрылыс материалдарын үюге;
      11) ағаштар мен бұталардың сақталуын қамтамсыз ететін шараларды сақтамай, жасыл желектер алып жатқан учаскелерге төбеден қар түсіруге;
      12) жасыл желекке залал келтіруге қабілетті өзге әрекеттер жасауға және шарасыздық танытуға.
      Ескерту. 48 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.03.10 N 42/326 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
      49. Осы Ереженің күші жеке тұрғын үй мен азаматтардың саяжай учаскелеріне, қала коммуналдық қызметтерінің қарауына жататын зираттар учаскелеріне және республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға тарамайды.
      Жасыл желектерді санитарлық және амалсыз кесуді, қайта отырғызуды, бөрікбастарды қалыптастыруды, санитарлық қырқуды, ландшафтық кесуді, сүңгегін тазалауды олар қолданыстағы "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" заңмен реттелетін, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоспағанда, өздерінің қарауынша жалпы табиғатты пайдалану тәртібімен рұқсатсыз жүзеге асырылады.

5. Жасыл желектерді қорғау мен күту саласындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік

      50. Жасыл желектерді заңсыз зақымдау немесе жою үшін әкімшілік жауапкершілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы негізінде анықталады.
      51. Осы Ережелерді бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.
      Ескерту. 51 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.03.10 N 42/326 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

Балқаш қаласындағы
жасыл желектерді күту
және қорғау Ережесіне
N 1 қосымша

Жасыл желектерді зерттеу АКТІСІ

200___ ж. "____" ____________

Көше_________________________________________________________________
____________________________________________________________________
________________________________________ Балқаш қ.
      Бiздер, төменде қол қоюшылар,__________________________________

атқарушы органның лауазымды тұлғасы
_____________________________________________________________________
     (лауазымы, А.Ж.Т, органның атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      және тапсырыс берушiнiң өкiлi
_____________________________________________________________________
      зерттеу жүргiздi
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      түсетiн жасыл желектерге
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Нәтижесiнде анықталды:

N

Жасыл желектердің тұқымдық құрамы

Кесілетін

Қайта отырғызу

Сақталады

Сапалық (нақты) жағдайы

Көлем

дм.

Көлем

дм.

Көлем

дм.

Жақсы

Қанағат.

Қанағат емес

1











2











3











4











5











6











7











8











9











10











      Осы акт _____ дана болып жасалды.

      Ескертпе: Тексеру актісі ағашты кесуге немесе отырғызуға құқық беретiн құжат болып табылмайды.

      Тапсырысшының өкiлi алды ________ А.Ж.Т.

      Атқарушы органның лауазымды тұлғасы қолы А.Ж.Т.

Балқаш қаласындағы
жасыл желектерді күту
және қорғау Ережесіне
N 2 қосымша

Жасыл желектердi санитарлық кесуге, амалсыз кесуге, қайта отырғызуға берілген
РҰҚСАТ

      1. Кәсiпорынның аталуы (СТН) (тапсырысшы, өтініш беруші)
      2. Кәсiпорынның басшысы (А.Ж.Т.) (тапсырысшы, өтініш беруші)
      3. Сұралған учаскенің мақсаты
      4. Орналасқан жерi
      5. Шараларды өткiзу үшiн негiздеме
      6. Жер учаскесінiң меншiк түрi (N, күнi)
      7. Уәкiлеттi органның жасыл желектерді зерттеу актiсi
      8. Балқаш қаласы жасыл желек қорын өтемдiк қалпына келтiру жөніндегі мiндеттеме (кепiлдiк хат)
      9. Көгалдандырудың (көріктендірудің) жобалық жоспары

ҚОРЫТЫНДЫ

      Атқарушы орган (толық атауы) жасыл желектердiң жәй-күйiн ескере отырып, зерттеу актiсiне сәйкес жасыл желектерді санитарлық кесуді, амалсыз кесудi келiсiеді:
      " - ағаш-бұтақты жасыл желектердің нақты (сандық, сапалық) жағдайын, сондай-ақ қайта отырғызу жұмыстарын жүргізу мерзімі мен жұмыстардың аяқталатын күнін көрсету қажет".
      Бұл жағдайда бірінші басшыға мына талаптарды орындау міндеттеледі:
      1. Жер асты және жер үстi коммуникацияларын қорғау нормаларымен ережелерiн сақтай отырып, сәнді-бағалы жасыл желектерді отырғызу жолымен өтемдiк қалпына келтiру бойынша шараларды жүргiзу.
      2. Жасыл желектердi қорғау, күту мен сақтау бойынша шаралардың толық кешенiн жүргiзу.
      3. Рұқсат күшінің мерзімі
      4. Тапсырысты рұқсаттың қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін, тапсырысшыға жазбаша түрде атқарылған жұмыстар туралы есеп беруге тиіс.
      Қосымша: ____________
      Ескертпе: ___________

Атқарушы органның басшысы А.Ж.Т.

Балқаш қаласындағы
жасыл желектерді күту
және қорғау Ережесіне
N 3 қосымша

Жасыл желектердi
Пішіндемелік қырқуға (жасартуға),
санитарлық кесуге, сүңгегін тазалауға
РҰҚСАТ

      1. Кәсiпорынның атауы (СТН) (тапсырысшы, өтініш беруші)
      2. Кәсiпорынның басшысы (А.Ж.Т.) (тапсырысшы, өтініш беруші)
      3. Сұралған учаскенің мақсаты
      4. Орналасқан жерi
      5. Шараларды өткiзу үшiн негiздеме
      6. Жер учаскесінiң меншiк нысаны (N, күнi)

ҚОРЫТЫНДЫ

      Атқарушы орган (толық атауы) жасыл желектердiң жәй-күйiн ескере отырып, зерттеу актiсiне сәйкес жұмыс түрлеріне (тұқымдық құрамын, желектер санын, диаметрін, өсетін жерін, сондай-ақ жұмыс жүргізу мерзімін көрсете отыра төмендегі жасыл желектерді түзеуді, пішіндемелік немесе санитарлық кесуді, сүңгегін тазалауды) келіседі.
      Бұл жағдайда бiрiншi басшыға мына талаптарды орындау мiндеттеледi:
      1. Жасыл желектердi күту, ұстау мен сақтау бойынша шаралардың толық кешенiн жүргiзу.
      2. Рұқсат күшінің мерзімі.
      3. Тапсырысты рұқсаттың қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін, тапсырысшыға жазбаша түрде атқарылған жұмыстар туралы есеп беруге тиіс.

      Ескертпе: ____________

      Атқарушы органның басшысы А.Ж.Т.

Балқаш қаласындағы
жасыл желектерді күту
және қорғау Ережесіне
N 4 қосымша

20___ жылдың 1 қаңтарына дейiнгi
Балқаш қаласы жасыл желектерiнiң
тiзілімi

Жасыл желек нысандарының (учаскелерін) алаңын жер санаты,
өсiмдiк түрлерi және функционалдық мақсаты
бойынша бөлу

Балқаш қ.

Жауапты иесі: _________________________________________

Жасыл желектер тізілімі

Кесте

N р/н, инвентарлық жасыл желек төлқұжаты
N

Жердің функционалдық мақсаты, (жасыл желектер санаты)

Ағаш өсімдігі

Жекелеген ағаштар, дана

Топтар, куртиналар

Тоғайлар, алқаптар, бақтар га

Бағытты көшеттер, дана

НЖК

Барлығы:
дана

      кестенің жалғасы

Бұта өсімдіктері

Жекелеген дана

Жасыл қоршау, дана

Қатарлық көшеттер, дана

Топтық отырғызулар, дана

ОЖК

Барлығы:
қума метр/ дана













      кестенің жалғасы

Ашық кеңістік

Гүлзарлар

Бір жылдық МІ

Көпжылдық, МІ/дана

Контейнерлік, дана

Вазон, МІ

Альпинарий, рокарий, МІ

ОЖК

Барлығы: МІ/дана















      кестенің жалғасы

Ашық кеңістік

Көкжелектер

Партерлік, МІ

Кәдімгі, МІ

Топырақ беті жамылғысы, МІ

ОЖК

Барлығы: МІ/дана











Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады