Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданы мәслихатының 21 сессиясының 2010 жылғы 18 наурыздағы N 21/258 шешімі. Қарағанды облысы Абай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 07 сәуірде N 8-9-79 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы мәслихатының 34 сессиясының 2011 жылғы 28 наурыздағы N 34/406 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы мәслихатының 34 сессиясының 2011.03.28 N 34/406 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Абай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі аудандық уәкілетті орган ("Абай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ж.М. Мәкенова) ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына бекітілген бюджетке және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленген мөлшеріне сәйкес әлеуметтік қолдау шараларын уақытында берілуі жүзеге асырылсын.
      2. Ауыл және кент әкімдері, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт басшылары:
      1) әлеуметтік қолдау шараларын алатын үміткерлермен ұйымдастыру жұмысын жүргізсін;
      2) әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала мамандарын ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі аудандық уәкілетті органға жіберсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика және аграрлық реформа, бюджеттік сала және кәсіпкерлік қызмет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (Г.Т. Бахраева).
      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Л. Мухутдинова

      Абай аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б. Цай

      КЕЛІСІЛДІ

      "Абай ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Ж. Мәкенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады