Ақтоғай ауданының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы N 01/02 қаулысы. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 қаңтарда N 8-10-99 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 3 мамырдағы N 07/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2012.05.03 N 07/01 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі N 2247, "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246 Заңдарына және Ақтоғай аудандық мәслихатының XVIII сессиясының 2009 жылдың 23 желтоқсанындағы N 192 шешіміне сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтоғай ауданының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін (қоса тіркеулі).
      2. Қосымшада көрсетілген санттардағы азаматтарға әлеуметтік көмек, қолдаулар көрсету барысында белгіленген мөлшерін сақтау Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (А.Қ. Түсіпбеков) тапсырылсын.
      3. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары С. Әбеуоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       М.С. Жарылғап

Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2010 жылдың 21 қаңтардағы
N 01/02 қаулысына
қосымша

Ақтоғай ауданының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшері

      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлгендерге 9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай жылына бір рет дәрі-дәрмек алуға қаржылай көмек төмендегідей:
      1.1. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына өтемақы мөлшері 12 (он екі) айлық есептік көрсеткішті құрайды;
      1.2. Ауғанстанда интернационалдық борышын өтегендерге өтемақы мөлшері 3 (үш) айлық есептік көрсеткішті құрайды;
      1.3. Бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) әскерінің мүгедектеріне өтемақы мөлшері 3 (үш) айлық есептік көрсеткішті құрайды;
      1.4. Ұлы Отан соғысына қатысып, бейбiт уақытта қайтыс болғандардың отбасыларына мөлшері 3 (үш) айлық есептік көрсеткішті құрайды;
      1.5. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бұрынғы кәмілеттік жасқа толмаған фашистік концлагерлерде болғандарға өтемақы мөлшері 3 (үш) айлық есептік көрсеткішті құрайды;
      1.6. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек жасағандарға мөлшері 1,5 (біржарым) айлық есептік көрсеткішті құрайды;
      2. Жалғыз басты қарияларға, ең төменгі зейнетақы алатын 75 жастан асқан зейнеткерлерге 1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай жылына бір рет дәрі-дәрмек алуға қаржылай көмек мөлшері 1,5 (біржарым) айлық есептік көрсеткішті құрайды;
      3. Жан басына шаққандағы орташа табыстары облыс бойынша белгіленген күнкөріс шегінен аспаған жағдайда І-ІІ топ мүгедектеріне 10-қазан Халықаралық мүгедектер күніне орай жылына бір рет дәрігерге қаралуға қаржылай көмек мөлшері 3 (үш) айлық есептік көрсеткішті құрайды;
      4. Денсаулығы шектеулі кемтар балаларға 1-маусым Халықаралық балалар күніне орай жылына бір рет қаржылай көмек мөлшері 2 (екі) айлық есептік көрсеткішті құрайды;
      5. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (отбасының жиынтық табысы облыста белгіленген кедейшілік шегінен аспайтын жағдайда) 2 (екі) жылда бір рет қаржылай көмек мөлшері 10 (он) айлық есептік көрсеткішті құрайды;
      6. Жедел хирургиялық операциядан өткен, жұмыссыз және ең төменгі зейнетақы мен еңбекақы алатын тұлғаларға жылына бір рет қаржылай көмек мөлшері - 13 (он үш) айлық есептік көрсеткішті құрайды;
      7. Төтенше жағдайлар кезінде жазатайым уақиғаға ұшырағандар, зілзала апаты, өрт салдарынан өмір сүруге қаражатсыз қалған отбасыларына (төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма немесе өртке қарсы қызмет қорытындысы бойынша) жылына бір рет қаржылай көмек мөлшері - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткішті құрайды;
      8. Ағымдағы жылдың 30 қарашасынан кейін берілген өтініштер бойынша төлем келесі қаржылық жылда төленеді.
      9. Отбасының жиынтық табысына азаматтарды тіркеу кітабында жазылған барлық адамдардың табыстары қосылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады