Сарышаған кентіндегі көшелердің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарышаған кентінің әкімінің 2010 жылғы 19 ақпандағы N 1 шешімі. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 06 сәуірде N 8-10-105 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық – географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" N 281 қаулысына және аудандық ономастикалық комиссиясының 2008 жылғы 24 маусымындағы N 98/2-2 ұйғарымына сәйкес Сарышаған кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақтоғай ауданы Сарышаған кентіндегі көшелердің атаулары өзгертілсін:
      Школьная көшесі – Мектеп көшесі деп;
      Школьный переулок көшесі – Мектеп қиылысы деп;
      Степная көшесі – Бейбітшілік көшесі деп;
      Средне-Степная көшесі – Ынтымақ көшесі деп;
      Комсомольский переулок көшесі – Жастар қиылысы көшесі деп;
      Вокзальная көшесі – Теміржол көшесі деп;
      Путейцев көшесі – Бәйтерек көшесі деп;
      Дорожников көшесі – Болашақ көшесі деп;
      N 1 микрорайон көшесі – N 1 ықшам ауданы көшесі деп;
      N 2 микрорайон көшесі – N 2 ықшам ауданы көшесі деп;
      N 3 микрорайон көшесі – N 3 ықшам ауданы көшесі деп;
      Центральная көшесі – Тәуелсіздік көшесі деп;
      Набережная көшесі – Балқаш көшесі деп;
      Северная көшесі – Достық көшесі деп;
      Энергетиков көшесі - Энергетик көшесі деп;
      Комсомольская көшесі – Абай көшесі деп қайта аталсын.
      2. Линейная көшесін жойылып, Энергетик көшесіне біріктірілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарышаған кентінің әкімі                   И.Б. Наурызбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады