Шашубай кентіндегі көшелердің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кентінің әкімінің 2010 жылғы 11 наурыздағы N 1 шешімі. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 сәуірде N 8-10-112 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық – географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" N 281 қаулысына және аудандық ономастикалық комиссиясының 2009 жылғы 16 қарашасындағы N 2 ұйғарымы, Шашубай кентінің ардагерлер ұйымының мүшелерінің ұсынысы негізінде шығарылған кент тұрғындарының жиналысының 2009 жылғы 13 қарашадағы жиналыс хаттамасына сәйкес Шашубай кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақтоғай ауданы Шашубай кентіндегі көшелердің атаулары өзгертілсін:
      Киров көшесі – Шашубай көшесі деп;
      Комсомол көшесі – Қараменде би көшесі деп;
      Набережная көшесі – Жағалау көшесі деп;
      Космонавт көшесі – Ғарышкер көшесі деп;
      Ленин көшесі – Жағыпар Ақбергенұлы көшесі деп қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шашубай кентінің әкімі                     Ә. Жұманбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады