2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы N 01/04 қаулысы. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 02 ақпанда N 8-11-87 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы N 35/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау әкімдігінің 2010.12.07 N 35/03 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысына сәйкес және жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі анықталсын (1 қосымша).
      2. Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері анықталсын (2 қосымша).
      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздардың еңбек төлемі Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы "2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңымен бекітілген еңбекақының ең аз мөлшерінде жүргізілсін.
      4. Аудандық қаржы бөлімі (Мұрат Ойдашұлы Исабаев) аудан бюджетінде қарастырылған қаржы шегінде қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Надежда Григорьевна Алексеева):
      1) ұйымдардың басшыларымен дер уақытында шарттар жасауды және ұйымдардың берілген өтінімдеріне сәйкес жұмыссыздардың келісімімен бағыттауды қамтамасыз етсін;
      2) қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға еңбекақы есептеу мен төлеуді жұмыс беруші ұсынған акті мен жұмыс уақыты есебінің табелі бойынша жүргізсін.
      6. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы N 02/01 "2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысының (тіркеу нөмірі 8-11-70, аудандық N 6 "Сарыарқа" газетінде 2009 жылдың 14 ақпанында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
      8. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді және 2010 жылдың 1 қаңтарынан туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі                                Е. Нашаров

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 15 қаңтардағы
N 01/04 қаулысына 1 қосымша

Қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі

      1. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Бұқар жырау бөлімшесі.
      2. "Бұқар жырау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      3. "Бұқар жырау ауданының жастармен жұмыс Орталығы" мемлекеттік мекемесі.
      4. "Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      5. "Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      6. Бұқар жырау ауданы бойынша салық Басқармасы.
      7. Бұқар жырау ауданының ішкі істер басқармасы.
      8. Бұқар жырау ауданының Әділет басқармасы.
      9. "Бұқар жырау ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. "Бұқар жырау ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Бұқар жырау ауданының прокуратурасы.
      12. Бұқар жырау ауданы Ботақара кенті әкімінің аппараты.

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 15 қаңтардағы
N 01/04 қаулысына 2 қосымша

Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері

      1. Жалғыз басты мүгедектерге және егде азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету - сомасы 2454,0 теңге.
      2. Мемлекеттік балалар жәрдемақысын, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және басқа да әлеуметтік көмек түрлеріне қажетті құжаттар пакетін қалыптастыру – сомасы 1000.0 мың теңге.
      3. Зейнетақыны және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны қайта есептеуді жүргізуге құжаттар қалыптастыру - сомасы 179.4 мың теңге.
      4. Жастар және жасөспірімдер арасында тұрғылықты жерінде аула клубтарында жұмыс ұйымдастыру - сомасы 717,6 мың теңге.
      5. Халықпен жұмыс, мүлікке, транспорт құралдарына салық төлеу жөніндегі хабарламалар мен квитанцияларды жеткізу - сомасы 1151,0 мың теңге.
      6. Оралмандарды тіркеуге және құжаттандыруға қажетті құжаттарды жинау және ресімдеу – сомасы 179,4 мың теңге.
      7. Меншік құқығын тіркеу үшін қажетті мұрағаттық құжаттар пакетін қалыптастыру – сомасы 179,4 мың теңге.
      8. Транспорт құралдарының картотекасын жүргізу, номенклатуралық құжаттарды ресімдеу - сомасы 179,4 мың теңге.
      9. Ботақара кентін көгалдандыру және көркейту - сомасы 1671,2 мың теңге.
      10. Қарулы Күштер қатарына әскерге шақыру жөнінде халықпен жұмыс, шақыру қағазын жеткізу - сомасы 269.1 мың теңге.
      11. Электрондық мәліметтер базасын техникалық өңдеу - сомасы 358,8 мың теңге.
      12. Әділет органдарында құжаттарды өңдеу жөніндегі жұмыс - сомасы 358,8 мың теңге.
      13. Диспетчерлік жұмыс – сомасы 717,7 мың теңге.
      14. Мұрағатқа тапсырылатын тізілімдерді, хабарландыруларды әзірлеу, құжаттарды өңдеу жөніндегі жұмыс - сомасы 179,4 мың теңге.
      15. Электрондық база жүргізу, құжаттарды өңдеу - сомасы 179,4 мың теңге.
      16. Құжаттармен жұмысқа көмек көрсету – сомасы 179,4 мың теңге.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады