Жаңаарқа ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы мәслихатының 2010 жылғы 16 тамыздағы N 26/227 шешімі. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 қыркүйекте N 8-12-80 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2011 жылғы 15 қарашадағы N 41/353 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2011.11.15 N 41/353 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына сәйкес Жаңаарқа ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1.Қоса беріліп отырған Жаңаарқа ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.
      2. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2007 жылғы 9 шілдедегі XXXIX сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және аудандық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" N 39/315 шешімінің (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде нормативтік құқықтық актінің тіркелген нөмірі N 8-12-34, "Жаңаарқа" газетінің 2007 жылғы 23 тамыздағы N 39(9224) санында жарияланған), Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2009 жылғы 7 қыркүйектегі XVIII сессиясының "Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2007 жылғы 9 шілдедегі XXXIX сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және аудандық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" N 39/315 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" N 18/160 шешімінің (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде нормативтік құқықтық актінің тіркелген нөмірі N 8-12-59, "Жаңаарқа" газетінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 47(9341) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық Мәслихаттың кезекті
      XXVI-шы сессиясының төрағасы               А. Беков

      Аудандық Мәслихат хатшысы                  Д. Жұмасейітов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          Ш. Ибраева
      2010 жылғы 16 тамыз

Жанаарқа аудандық мәслихатының
2010 жылғы 16 тамыздағы
XXVI сессиясының
26/227 шешіміне қосымша

Жанаарқа ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету
Ережесі

      Осы Жанаарқа ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 241-297 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 19 шілдедегі N 710 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" Қаулысына сәйкес әзірленді және Жанаарқа ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға "азаматтарға" тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін анықтайды.

1. Негізгі ережелер

      1.Осы Ережеде мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) арнайы комиссия – тұрғын үй көмегін тағайындау немесе бас тарту мәселелері бойынша шиеленісті, даулы немесе ерекше жағдайларды қарайтын, уәкілетті органның жанындағы комиссия;
      2) коммуналдық қызметтер - тұрғын жайды электрмен, жылумен, сумен, кәрізбен жабдықтау, қоқысты әкету және газбен қамтамасыз етуді қамтитын қызметтер;
      3) кондоминиум – үй-жай жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің бөлек (жеке) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлесті меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда бірыңғай мүліктік кешен (кондоминиум обьектісі) ретіндегі жылжымайтын мүлікке меншіктің ерекше нысаны;
      4) кондоминиум обьектісі - жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігіндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардан және оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
      5) кондоминиум обьектісін басқару органы – кондоминиум обьектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      6) кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеу үшін қаражат жинақтауға арналған жарналар - өтініш иесінің кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге немесе күрделі жөндеу үшін қаражат жинақтауға үлестік негізде төлеген ай сайынғы қаражат шығыны;
      7) кондоминиум обьектісін күрделі жөндеу – ғимраттың (обьектінің) негізгі техникалық–экономикалық көрсеткіштерін өзгертпей, қажет болған жағдайда конструктивтік элементтері мен инженерлік жабдықтар кешенін ауыстыру арқылы, физикалық және моральды тозығын жоюға бағытталған құрылыс және ұйымдастыру–техникалық шаралар кешені;
      8) қызмет жеткізуші – кондоминиум обьектісін басқару органы және аудан тұрғындарын электрмен, сумен, кәрізбен жабдықтауды, қоқысты әкетуді, газбен, телекоммуникация қызметімен қамтамасыз ететін жеке және заңды тұлғалар, жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алу құқы бар жергілікті атқарушы орган;
      9) отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес құқықтармен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы;
      10)өтініш беруші (жеке тұлға) – тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өз атынан немесе отбасы атынан өтініш берген тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);
      11) тұрғын жай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген техникалық, санитариялық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін үй бірлігі (тұрғын үй, пәтер);
      12) уәкілетті орган - "Жанаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      13) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы.
      шекті жол берілетін шығыстар үлесі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің критерийі болып табылады.
      14) шот – өтініш беруші тұрғын үй көмегі тағайындалған кезеңде қағаз жеткізгіште немесе қызметтермен жабдықтаушы электрондық жеткізгіште ұсынатын кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді (тұрғын үй-жайды) жалдауға, байланыс қызметтеріне, қатты отын алуға ақы төлеу құжаты.
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жанаарқа ауданында тұрақты тұратын тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
      тұрғын жайды күтіп-ұстауға;
      коммуналдық қызметтерді тұтыну және газ бен қатты отынды сатып алуға;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына;
      телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаю бөлігінде байланыс қызметтеріне ақы төлеуге беріледі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2010.12.22 N 31/272 (ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Тұрғын үй көмегі кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеу үшін қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын жайды күтіп ұстауға, коммуналдық қызметтер мен газбен, қатты отынды сатып алуға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаю бөлігінде байланыс қызметіне жұмсаған отбасының шығыстары отбасының орташа айлық жиынтық табысының шекті жол берілетін шығыстар үлесіне шаққандағы сомасынан жоғары болған жағдайда осы екі соманың айырмасы мөлшерінде төленеді.
      4. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының орташа айлық жиынтық табысының 18 % құрайды.
      5. Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
      6. Тұрғын үйді жалдау – тұрғын үйді немесе оның бөлігін жалға алушыға тұрақты немесе уақытша ақы төлеп жалдауға береді.
      7. Тұрғын үйді ұстау шығындары – жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген тұрғын үй (пәтер) иелеренің ай сайынғы жарналары арқылы жиналатын міндетті шығын сомалары.

2. Тұрғын үй көмегін алуға өтініш беру тәртібі.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші тоқсан сайын тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне белгіленген үлгіде өтініш береді.
      Өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) отбасының табысының растайтын құжаттар;
      5) кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      6) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум обьектісін басқару органы басшысының қолымен расталған, кондоминиум обьектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
      7)коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      8) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек – шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      9) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін қызмет жеткізуші берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      9. Тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқық отбасы мүшелерінің табысы (өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсандағы) туралы мәліметтерді тоқсан сайын және тұрғын жайды күтіп - ұстауға жұмысалған шығындар мен коммуналдық қызметтер, телекоммуникация қызметі бойынша шығындар туралы мәліметтерді ай сайын бере отырып расталады.
      10. Тұрғын жайдың меншік иесі немесе тұрғын жайды жалдаушы адам белгілі бір себептермен өзі өтініш жасай алмайтын жағдайда, сенімхат негізінде отбасының басқа адамына өкілеттік беруге құқылы.
      11. Өтініш беруші уәкілетті органға, ал аудандық жерлерде кент, ауыл (село) ауылдық (селолық) округ әкіміне құжаттардың (жеке басын куәландыратын құжат, тұрғын жайға құқық беретін құжат, азаматтарды тіркеу кітабы) түпнұсқалары мен көшірмелерін (өзгеріс болмаған жағдайда) жылына бір рет тапсырылады.
      Уәкілетті орган, ал аудандық жерлерде кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі құжаттарды түпнұсқамен салыстырып, тексергеннен кейін "түпнұсқамен салыстырылған" белгісін қояды.
      12. Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі құжаттарды қабылдайды, тұрғын үй көмегін тағайындауға берілген құжаттарды қабылдау және тапсыру журналына тіркейді және өтініштің бекітілген нысанасына сәйкес құжаттарды қабылдағаны туралы растаманы өтініш берушіге береді.
      Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі құжаттарды қабылдап алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға тапсырады.
      13. Уәкілетті орган өтініштерді қабылдайды және тұрғын үй көмегін тағайындауға берілген өтініштерді тіркеу журналына тіркейді.

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі.

      14. Тұрғын үй көмегі келесілерге берілмейді:
      1) еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін (мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейінгі баланың күтімімен айналысатын жағдайларды қоспағанда), отбасындағы еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, армияда қызмет өткермейтін және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген кезеңге тұрғын үй көмегі тағайындалмайды;
      2) N 1, N 2 тізім бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушылар, егер олар жұмыс істемесе және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген кезеңге тұрғын үй көмегі тағайындалмайды;
      3) Тұрғын үйдің (пәтерлер, үйлер) бір бірлігінен артық үйі бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға (жалдауға) беретін отбасыларға тұрғын үй көмегі көрсетілмейді.
      15. Мына адамдардың жағыдайын есепке алмағанда:
      1) Алкогольге немесе есірткіге тәуелді отбасы мүшелерімен сонымен қоса, 18 жасқа толмаған адамдармен бірге тұратын және пәтерлердің меншік иесі болып табылатын зейнеткерлерге және мүгедектерге бір бөлмелі немесе көп бөлмелі пәтерде тұратынына қарамастан, бір адамға тұрғын үй ауданының нормасы (18 шаршы метр) және бір адам үшін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері шегінде тұрғын үй көмегі беріледі;
      2) кіші баласы 8 жасқа толғанға дейін өзіне және балаларына асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
      3) күтім қажет деп танылған мүгедектерге күтім жасайтындар;
      4) туберкулез, психоневрологиялық, онкологиялық диспансерлерде, емдік-профилакториялық мекемелерде бір айдан астам уақыт стационарлық немесе амбулаторлық емдеудегі адамдар;
      5) кіші баласы бірінші сыныпты аяқтағанға дейін (9 жастан аспаған) төрт және одан да көп баланың тәрбиесімен айналысатындар;
      6) үш жасқа дейінгі бір немесе одан да көп баланың тәрбиесімен айналысатындар;
      7) Ақпараттық – маркетингтік қызметпен айналысатын және жеке компанияның сауда белгісінің өнімінін өткізуде сауда делдалдығын жүзеге асыратын адамдар салық басқармасында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлға ретінде немесе уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс не болмаса негізгі жұмыс орнынан анықтама ұсынуы тиіс;
      8) Жанжалды немесе қалыпсыз жағдайлар пайда болған кезде, тұрғын үй көмегін тағайындау мәселесі сот тәртібімен шешіледі.
      9) Өтемақының артық немесе кем тағайындалуына әкеп соқтырған әдейі жалған мәліметтерді берген жағдайда тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады. Тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар ерікті түрде қайтарылуы тиіс, бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылады.
      Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі өтініш берушінің отбасының құрамы туралы мәліметтерді растайды.
      16. Өтініш берушінің меншік иелігінде бірден артық жылжымайтын мүлік тіркелген болса, сонымен қатар, тұрғын жайын жалға берген жағдайда тұрғын үй көмегі төленбейді.
      17. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап тағайындалады.
      18. Коммуналдық қызметтерді тұтыну мен телефон үшін абоненттік төлемақылар ай сайын төленбеген жағдайда өтініш беруші сол тоқсанда тұрғын үй көмегін ала алмайды.
      Өтініш беруші уәкілетті органға немесе ауылдық жерлерде кент, ауыл село, ауылдық селолық округ әкіміне шоттарды төлем жасалған айдан кейінгі айдың 10-на дейін тапсырмаған жағдайда, тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      Ескерту. 18 тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы  Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2011.06.28 N 35/309 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      19. Уәкілетті орган өтініш берушіден немесе халыққа қызмет көрсету орталығынан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық ) округ әкімінен құжаттарды қабылдап алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде істі қалыптастырады және тұрғын үй көмегін тағайындайды (тағайындамайды).
      Бас тартқан жағдайда, бас тарту себебін көрсете отырып, өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      20. Мәліметтердің шындығына сенімсіздік туған жағдайда уәкілетті орган заңды және жеке тұлғаларға сұраныс жасауға құқылы.
      21. Өтініш беруші 15 күн мерзімде уәкілетті органға тұрғын үй көмегі мөлшерінің өзгеруіне негіз болатын немесе оны алу құқығына әсер ететін мән-жайлар туралы хабардар етуі қажет. Уақтылы хабардар етпеген жағдайда қайта есептеу келесі айда жүргізіледі.
      Ескерту. 21 тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы  Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2011.06.28 N 35/309 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      22. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін төлеуді екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар арқылы өтініш берушілердің жеке шоттарына аудару арқылы жүзеге асырады.
      Тұрғын үй көмегінің құрамындағы кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналар мен тұрғын жайды күтіп ұстауға тиесілі сома кондоминиум обьектісінің басқару органының есепшотына аударылады.

4. Коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары.

      23. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органдарымен келесі мөлшерде беріледі:
      1) өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңнамамаларымен бекітілген (18 шаршы метр) отбасының әр мүшесіне ұсынылатын тұрғын үй нормаларына балама, көп бөлмелі пәтерде тұратын жалғызілікті азаматтар үшін 30 шаршы метр, бір бөлмелі үйде тұратын азаматтарға - жалпы көлемі;
      2) 1985 жылға дейін салынған тұрғын ғимараттар үшін 1-2 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына) 161 килограмм көмірден артық емес, 3-4 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына) 98 килограмм көмірден артық емес;
      1985 жылдан кейін салынған тұрғын ғимараттар үшін 1-2 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына) 125 килограмм көмірден артық емес, 3-4 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылы маусымына) 72 килограмм көмірден артық емес;
      Жылыту маусымы ретінде қазан айынан бастап сәуір айын қоса алғанда жеті ай мерзім қабылданады, осы мерзімге қатты отынның жалпы шығыны әр отбасына он тоннаға дейінгі мөлшерде белгіленеді.
      Тұрғын үй көмегін есептеу үшін облыстық статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы облыстың қалалары мен аудандарында қалыптасқан көмірдің орташа бағасы пайдаланылады;
      3) нақты шығындар бойынша, отбасының электроэнергияны тұтынуы газ плиталарымен жабдықталған үйлерде айына 150 киловаттан, электр плитасымен жабдықталған үйлерде 250 киловаттан аспау керек;
      4) газ шығыны отбасына айына он килограммдық бір газ баллоны;.
      5) суық суды, канализацияны, ыстық суды, қоқыс төккішті, газды, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары (пәтер меншіктерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және басқарудың заңды үлгісін рәсімдегендер) басқару үлгісіне байланыссыз қызмет көрсетуді берушімен немесе тарифтерді бекітетін органдармен белгіленеді;
      6) суға, канализацияға, қоқыс шығаруға, жұмсалған шығын бекітілген тариф бойынша отбасындағы адам санына есептеледі;
      7) тұрғын үй төлемі мен коммуналдық қызметке белгіленген мөлшерден жоғары тұтыну жалпы негізде жүргізіледі;
      8) кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің түрлеріне ақы төленуі тиіс. Кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің түрлеріне ақы төлеу кезегі жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй комиссиясымен) келісіліп, пәтер иелері жалпы жиналысында келісіледі;
      9) Кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу үшін және (немесе) күрделі жөндеу үшін қаражат жинақтауға төлеген жарналар бойынша, тұрғын үйді ұстауға жұмысалған шығынды, коммуналдық қызметтер үшін жұмысалған шығынды, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюына байланысты жұмысалған шығыстарының төлемі жалпы негізде жүргізіледі;
      10) Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтері үшін абоненттік төлемақы тарифінің арттырылуының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте өтелуі тиіс.

5. Тұрғын үй көмегін беру мерзімдері мен мерзімділігі.

      24. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап, табыстар және осы тұрғын үйде отбасы құрамының тіркелуі жөніндегі мәліметтерді тоқсан сайын ұсынумен 6 ай мерзімге тағайындалады.
      25. Тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер ақысын төлеуге және кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге отбасы шығындарының мүмкіндік шегіндегі деңгейі, коммуналдық қызметтер тарифтері өзгерген жағдайда, сәйкес өзгерістер енгізілген айдан кейінгі айдан бастап бұрын тағайындалған жәрдемақылар қайта есептеледі.
      26. Жәрдемақы алу құқығын анықтау кезінде басқа қалада уақытша тұратындығы тиісті құжатпен куәландырылған отбасының мүшесі есепке алынбайды.
      27. Тұрғын үй көмегін алушыларға он күн ішінде өзінің меншікті тұрғын үйі, отбасы құрамы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерістер жөнінде уәкілетті органға хабарлау қажет.

6. Тұрғын үй көмегін төлеу

      28. Тұрғын үй көмегі ақшалай немесе аударма түрінде беріледі. Аударма түрі - бұл ақша қаражаттарын қызмет көрсетушілердің есепшоттарына, сонымен қоса кондоминиум обьектісін басқару органының (ағымдағы, жинақтаушы) шоттарына аударылады.
      Тұрғын үй көмегін коммуналдық қызметтерді жеткізушінің есептік шотына аударуға мүмкіндік болмаған жағдайда (кәсіпорынның таратылуы, қайта ұйымдастырылуы, банк реквизитінің өзгеруі, қатты отынға, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне байланыстыақы төлеу), ол өтініш иесіне қызмет көрсететін басқа жеткізушілердің арасында үлестіріледі немесе ақшалай төленеді. Ақшалай түрі екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы операцияны жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдары арқылы азаматтардың жеке есепшоттарына аудару жолымен ақшалай төлемдер түрінде белгіленеді. Жеке шоттарға аудару үшін өтініш иесі келесі құжаттарын ұсынуы тиіс:
      1) салық төлеушінің тіркеу номері;
      2) әлеуметтік жеке коды;
      3) екінші деңгейдегі банкте немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда ашылған жеке шоты.
      Ескерту. 28 тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы  Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2011.06.28 N 35/309 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

7. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері

      29. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

8. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу тәртібі.

      30. Тұрғын үй көмегіне алуға үміткер отбасының жиынтық табысын (бұдан әрі – жиынтық табыс) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орған есептейді (бұдан әрі – уәкілетті орган).
      31. Отбасынын жиынтық табасын есептегенде отбасы құрамында бірге тұратын, шаруашылықты бірге жүргізтеін және тұрғылықты бір жерде тіркелген отбасындағы барлық адамдардың табысы қосылады.
      Есепті кезенде құрамында өзгерістер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде келген (кеткен) отбасы мүшесінің табысы келген (кеткен) күнінен бастап есепке алынады (есепке алынбайды).
      32. Отбасының орташа айлық жиынтық табысы тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы (бұдан әрі есепті кезең) отбасының жалпы жиынтық табысын үш айға бөлу жолымен есептеледі.
      33. Бір тоқсаннан астам уақытта төленуге тиесілі табыс бір мезгілде алынған кезде (оның ішінде жалақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақылар және т.б. бойынша берешектер) жиынтық табысқа есептік кезенде алынған табыстың сомасы есептеледі.
      34. Шетелдік валютада алынған табыс Казақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлік есеп стандарттарында белгіленген тәртіппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледі.
      35. Өтініш беруші тұрғын үй көмегінің заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған табысы туралы толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер ұсынған кезде, өтініш беруші сол тоқсанға тұрғын үй көмегін алу құқынан айырылады (төлем тоқталады).

9. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде
есепке алынатын табыс түрлері.

      36. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасының және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлері есепке алынады:
      1) еңбекақы, зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;
      2) кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыс;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс;
      4) жеке қосалқы шаруашылықтан – мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
      5) өзге табыс.
      37. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      2) тұрғын үй жәрдемақысы;
      3) жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;
      4) бала тууына байланысты берілетін бір жолғы жәрдемақы;
      5) есепті кезеңде белгіленген ең төмен күнкөріс денгейінен төмен жалпы сомада көрсетілген, ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек. Есепті кезеңде көрсетілген қайырымдылық көмек ең төмен күнкөріс деңгейінен асып түскен жағдайда, көрсетілген көмек сомасы мен облыс бойынша есепті кезеңде қалыптасқан ең төмен күнкөріс деңгейі арасындағы айырма жиынтық табысқа есепке алынады;
      6) жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек. Егер жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналаған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледі;
      7) отбасы мүшелерінің біреуі осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтін алимент;
      8) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
      9) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
      10) азаматтарды елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
      дәрілік препараттар;
      санаторийлік-куроттық емдеу;
      протездік - ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
      жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлінген басқа да сауықтыру құралдары;
      - білім алу кезеңінде оқушыларды тегін тамақтандыру түрінде көрсетілген заттай көмек түрлері;
      12) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
      13) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек;
      14) оралмандарға көші - қон заңнамаларымен белгіленген біржолғы жәрдемақы, тұрақты қоныстану үшін жұмсалған жол шығынын өтеуге, тұрғын үй алуға төленген қаражат;
      15) әлеуметтік қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға жалпы білім беретін мектептерді ағымдық ұстауға бөлінетін бюджеттік қаражаттың бір пайызынан кем емес мөлшерде қаржылық және материалдық жәрдем көрсетуге бағытталған қаражаттың есебінен көрсетілген ыстық тамақпен көмектің және азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне байланысты аз қамтамасыз етілген азаматтарға көрсетілген ақшалай немесе заттай түрдегі көмектің құны;
      16) 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы;
      17) негізгі азық-түлік тауарларына бағалардың қымбаттауына байланысты Жанаарқа ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына көрсетілген ай сайынғы әлеуметтік көмек;
      18) Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға төленетін материалдық қамсыздандыру;
      19) бөгде адамның көмегіне мұқтаж бірінші, екінші топтағы жалғызбасты мүгедектердің күтіміне мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша үстемақы.
      Ескерту. 37 тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2011.06.28 N 35/309 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

10. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын еңбекақы,
әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс.

      38. Жиынтық табысты есептеу кезінде отбасының мынадай (осы Ереженің 36-тармағында көрсетілгендерден басқа) есепке алынады.
      1) жұмыс беруші еңбекақы ретінде есептеген, атап айтқанда:
      еңбекақының барлық түрлері, оның ішінде келісімдік, уақытша, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйақылар, қосымша ақылар, үстемақылар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақысы сақталатын кезеңге қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетін ақшалай соманы қоса алғанда, қаржыландыру көзіне қарамастан);
      демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін ақшалай өтемақы;
      ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушінің (жеке тұлғаның) қызметі тоқтатылған, қызметкерлерге саны немесе штаты қысқартылған жағдайда жеке еңбек шартының бұзылуы кезінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде төленетін өтемақы;
      уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңіндегі жалақы;
      сақтандыру агенттері мен брокерлерге төленетін комиссиялық сыйақы;
      бала туғанда және жерлеуге берілетін жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезінде ескерілмейтін және ұйым қаражатының есебінен төленетін басқа да төлем түрлері;
      мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің ақшалай үлесін қоспағанда, әскери қызметшілердің, оның ішінде келісім-шарт бойынша қызмет өткеріп жүргендердің және ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестірілген азаматтар санаттарының үстемақылар мен қосымша ақылар ескерілген ақшалай үлесі;
      жалдау бойынша төленетін еңбекақы;
      жұмыс беруші төлеген несие сомасы. Көрсетілген төлемдер несиені өтеудің белгіленген мерзімінен бөліп таратылады;
      шарт жасамай, жекелеген азаматтарда жұмыспен қамтылған тұлғалардың жиынтық табысында олардың нақты еңбекақысы есепке алынады.
      Осы жағдайда еңбекақының заттай бөлігі нарық бағалары бойынша ақшалай баламада жиынтық табысқа енгізіледі. Еңбекақыны өтініш беруші ерікті түрде көрсетеді, бірақ заңнамамен бекітілген төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен емес.
      2) әлеуметтік төлемдер, атап айтқанда:
      Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерінде белгіленген тәртіппен тағайындалатын жасына байланысты берілетін мемілекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
      арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
      жерасты және ашық жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар;
      мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;
      бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі жөнінде тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақы;
      үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру;
      қаржыландыру көзіне қарамастан оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындарының тыңдаушыларына төленетін стипендия;
      жұмыс берушінің қаражаты есебінен берілетін әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақылар;
      бірінші, екінші топтағы жалғызілікті, басқа адамның көмегіне мұқтаж мүгедектердің мемілекеттік әлеуметтік жәрдемақыларына қосылатын күтімге арналған қосымша үстемақылар мен жергілікті мемлекеттік баскару органдарының шешімі бойынша бюджеттен берілетін басқа да ұдайы төлемдер;
      Казақстан Республикасының заңдары мен заңнамаларына және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес берілетін, осы Ереженің 34-тармағының 11) тармақшасында көрсетілгендерден басқа, заттай көмек түрлерінің құны, сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін сома;
      осы бөлімде көрсетілген, Казақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде белгіленген, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, мекемелер мен басқа да ұйымдар белгілеген барлық төлем түрлеріне өзге де үстемақылар мен қосымша ақылар.
      Ескерту. 38 тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2011.06.28 N 35/309 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      39. Жиынтық табыстың кұрамына қызметкер еңбек және қызметтік міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы заңнамаға сәйкес жұмыс беруші төлейтін бір жолғы төлемдер мен ай сайынғы сома қосылады.
      40. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша (мердігерлік және басқа) жұмыстарды орындайтын адамдардың табысы шарт колданылатын бүкіл кезеңге жиынтықталады. Алынған табыс жұмысты орындау үшін шартта көзделген айлардың санына бөлінеді және есепті кезеңге келетін айлардағы жиынтық табыста есепке алынады.
      41. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша, оның ішінде ғылыми, әдеби және өнер туындыларын және т.б. жасауға, шығаруға, орындауға немесе өзге де пайдалануға алынған, осы шарт есебіне аванспен төленетін сыйақылар аванс берудің бүкіл кезеңіне (ай сайын, теңдей, үлеспен) есепке алынады, ал қалған сома шарттың аванс бергеннен кейінгі қолданылу кезеңіне (ай сайын, теңдей, үлеспен) есепке алынады.
      42. Авторлық сыйақылар (шарттар болмаған кезде), сондай-ақ жаңалық ашқаны, өнертабыстар мен рационализаторлық ұсыныстары үшін сыйақылар жиынтық табысқа сыйақы сомасын ол алынған айлардың санына бөлуден алынған үлес мөлшерінде қосылады және есепті кезеңге келетін айлардың санына көбейтіледі.
      43. Еңбекақы, стипендия және әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыстар олардың мөлшері туралы ресми расталған анықтамалар негізінде есепке алынады.

11. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен алынған табыс.

      44. Жиынтық табысты есептеу кезінде кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерінен түскен мынадай табыстар есепке алынады:
      1) өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан;
      2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлікті сату кезіндегі құн өсімінен;
      3) шаруа қожалығы қызметінің нәтижесінде және шартты жер үлесі мен мүлік жарнасынан алынған;
      Шаруа қожалығы мүшелерінің жиынтық табысын есептеу салық органдарына ұсынылатын, табысы туралы декларацияда көрсетілген ауыл шаруашылығы өнімін сатудан нақты алынған табыс ескеріле отырып жүргізіледі. Бұл ретте жылдық табыс он екі айға бөлінеді және оның тиісті бөлігі айқындалатын кезеңдегі жалпы жиынтық табысқа қосылады.
      4) өзін-өзі жұмыспен қамтудан түскен табыс.
      45. Жекелеген азаматтарда жұмыс істейтін адамдар жалақысын шарттың көшірмесінен, жалға алушының анықтамасымен немесе өз қолымен жазылған өтініш негізінде растайды.
      Жекелеген азаматтарда шарттар жасамай жұмыс істейтін адамдардың жиынтық табысы олардың өтініштері негізінде расталады. Бұл ретте жалақының заттай бөлігі жиынтық табысқа нарықтық баға бойынша ақшалай баламада қосылады.
      46. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың табысы жазбаша өтінішпен расталады.
      47. Кәсіпкерлік қызметпен арнаулы салық режимі жағдайында айналысатын адамдардың табысы біржолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негізінде расталады.
      Ресми расталмаған табыс, шаруа қожалығы қызметінің нәтижесінде алынған табысты қоса алғанда, әрбір жұмыс істеушіге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.

12. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс.

      48. Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент жиынтық табыс құрамында есепке алынады.
      Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушінің жалақысының қайта есептеуге байланысты алынған алименттің қосымша сомасы жиынтық табысқа олардың алынған уақыты бойынша есепке алынады.
      49. Адамдардың асырауындағыларды ұстауға міндетті адамның тұрғылықты жері туралы мәліметтердің болмауы себебінен алимент өндіріп алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, отбасының жиынтық табысы көрсетілген адамның іздеуде жүргені туралы тиісті органдардан алынған құжаттар қоса берілген жазбаша өтініш негізінде есептеледі.
      Егер алимент төлеуші:
      1) жұмыс істемейтін және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген анықтамасын ұсынған кезде;
      2) бас бостандығынан айыру органдарында немесе уақытша ұстау изоляторында болған (алимент аударылмайтыны туралы түзету мекемесінің анықтамасын ұсынған кезде);
      3) наркологиялық диспансердің анықтамасымен немесе учаскелік комиссияның қорытындысымен расталған, спиртті ішімдіктерді, есірткі заттарын құмарлықпен салынып пайдалануына байланысты балалары мен басқа да асырауындағыларды асыраудан жалтарған жағдайда, алиментті есепке алмай есептеледі;
      4) туберкулез, психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), еңбекпен емдеу профилакториінде емдеуде жүрген немесе есепте тұрғандарға (анықтамасын ұсынған кезде);
      5) Қазақстан Республикасы тиісті келісім жасаспаған мемлекеттерге тұрақты тұруға кеткен жағдайларда жиынтық табысты есептеу алимент мөлшерінсіз жүргізіледі;
      6) қамқорлық ресімделген балаларға алимент төленбеген жағдайда, ата-анасынан алимент алу жөніндегі анықтаманы ұсынбай, жиынтық табыс есептелінеді.
      50. Егер ата-анасының арасында неке бұзылмай жұбайлардың біреуінен алимент өндіріп алынса, осы жұбайы отбасымен бірге тұрған кезде оның табысы жиынтық табысқа толық есепке алынады. Жұбайлар бөлек тұрған жағдайда, отбасының жиынтық табысында алимент есепке алынады.
      51. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент ұйымдардың аударылған алимент туралы анықтамаларымен немесе почта аудармаларының алынған алимент туралы түбіртегімен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндіріп алу туралы шешімі қоса берілген жазбаша өтініш негізінде расталады. Алимент бойынша 3 айдан астам кезең үшін берешек пайда болғанда сот орындаушысының алимент бойынша берешекті айқындау туралы қаулысы ұсынылады.

13. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыс.

      52. Отбасының жиынтық табысында есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы гүл өнімдерін өсіруден, мал мен құс ұстаудан және өсіруден алынған табыс кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі растаған жеке қосалқы шаруашылығы туралы және оның мөлшері туралы мәліметтердің негізінде есептеледі.
      53. Уәкілетті орган жеке қосаплқы шаруашылықтан алынған табысты нормативтік карточка (5-қосымша) негізінде есептейді.
      Жеке қосалқы шаруашылықта өсірілген гүл өнімдерін сатудан, терісі бағалы аңдар, құс (тауықтан, қаздан, үйректен басқа) өсіруден алынған табыс жиынтық табысқа жазбаша өтініштің негізінде қосылады.
      54. Бір соток жерден (бір бастан) өндірілген өнімнің құны өсірілетін дақылдың орташа түсімін (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнімділігін) бір килограмм өнімнің орташа бағасына көбейту жолымен анықталады және одан шығыстардың орташа деңгейі шегеріледі.
      55. Табысты есептеу үшін алдыңғы күнтізбелік жылдың өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдеріне облыста қалыптасқан, облыстық уәкілетті органға ұсынған орташа жылдық бағалар пайдаланылады.
      56. Малды (құсты) есепті кезеңде сату кезінде жиынтық табысқа облыстық статистика органдарының деректері бойынша тірі мал нарығында қалыптасқан бағалар бойынша біржолғы табыс қосылады.
      57. Жиынтық табыс жұмыс малы (мәселен, қысыр сиыр) түскен табыс ескерілмей есептеледі. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетілген мал бір жылдан астам ұсталса, табыс ет бағытындағы малдан түскен табыс ретінде есепке алынады.
      58. Осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес өнім бермейтін жастағы (төл) үй малын, құстан түсетін табыс ол сыйға тартылған немесе өткізілген (сату, сою және т.б.) жағдайда ғана есепке алынады. Төлдің құны отбасының жиынтық табысына тірі мал нарығында қалыптасқан, облыстық статистика органдары ұсынған бағалар бойынша қосылады.
      59. Осы Ереженің 54-тармағында көрсетілгендерден басқа, үй малы, құс болған кезде жиынтық табыс табыстың жылдық сомасын он екі айға бөлу жолымен айқындалады. Шыққан сан есепті кезеңдегі айлардың санына көбейтіледі.
      60. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс есебінің жеке нормативтік карточкасын осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес уәкілетті орган өтініш берушінің деректері негізінде толтырады:
      1) жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден;
      2) бағалы қағаздардан (дивиденттер);
      3) шетелдік валютаны өткізуден;
      4) асыл тастар мен қымбат бағалы металлдарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен қымбат бағалы металлдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариат сатудан;
      5) жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын сатудан;
      6) авторлық сыйақы түріндегі;
      7) жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және бақа да мүлікті сыйға тарту, мұрагерлікке алу түрінде алынған;
      8) несиені (шағын несиені) пайдаланудан;
      9) қайтарымсыз алынған ақша;
      10) ақша салымдары бойынша сыйақы (мүдде);
      11) ақшалай аударымдар;
      12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлік бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай (немесе) заттай түрдегі ұтыстар;
      13) туысқандардың және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегін (құн түрінде) қоса алғанда, өзге де мәлімдеген табыс.
      Көрсетілген табыс алынған уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтінішпен расталады.
      Ескерту. 60 тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2011.06.28 N 35/309 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      61. Жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден алынған, ресми расталмаған табыс бір айдағы ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
      62. Алынған несиелердің (шағын несиелердің) сомасы жиынтық табыста есепке алынбайды.
      63. Жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын сатудан алынған табыс он екі айға бөлінеді және оның тиісті бөлігі есепті кезеңдегі жалпы жиынтық табысқа қосылады.
      Басқа тұрғын үй (көлік құралын) сатып алған жағдайда, жылжымайтын мүлікті (көлік құралын) сатудан алынған сома мен сатып алынған тұрғын үй (көлік құралы) құнының арасындағы айырма отбасының жиынтық табысында есепке алынады.

Жанаарқа ауданы бойынша
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
1 қосымша

Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы
өтініш

      Өтініш берушіні есепке алғанда, ________ адамнан тұратын менің отбасыма тұрғын үйді ұстауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді пайдалануға, тұрғын үйді жалға алуға (жалға беруге), сондай-ақ аудандық телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты жұмсалатын шығындардың орнын толтыру үшін жәрдемақы тағайындауыңызды сұраймын.
      Мен және менің отбасымның мүшелері табысы жөніндегі мәліметтерді беруге келісім білдіргеніміздің дәлелі ретінде заңды және жеке тұлғаларға ұсынылуы мүмкін табыстар жөніндегі ақпаратты жариялауға өз рұқсатымызды береміз.
      Маған тұрғын үй көмегінің артық немесе заңсыз тағайындалуына әкеліп соқтыратын көрінеу жалған мәліметтерді бергенім үшін көмектің төленуі тоқтатылатыны туралы, ал тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар ерікті түрде қайтарылуы тиіс екендігі, ал бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылатыны ескертілді.
      Қажетті құжаттарды қоса ұсынамын.
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177 бабының 1 тармағына және 325 бабының 3 тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың дұрыстығына жүктелетін жауапкершілік туралы ескертілдім.

Өтініш берушінің деректері:
Тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________________
Жеке куәлік деректері _______________________________________________
      (өтініш берушінің туған күні, N және куәліктің берілген уақыты)
СТН _________________________________________________________________
ӘЖК _________________________________________________________________

Отбасының өтініш беру тоқсанының алдындағы тоқсандағы жиынтық табысының орташа айлық мөлшері ______________________________________

Өтініште көрсетілген табыстардан басқа табыстар жоқ.

Тұрғылықты жері _________________ ______________ көшесі _____ үй ___________ пәтер телефон _______________ тиістілік _______________________ түрі ___________________
(пәтер иелері кооперативі)   (жеке, мемлекеттік)

Жалпы ауданы ______ шаршы метр.
Қосымша аудан _____ шаршы метр.
Бөлме саны ________
Әлеуметтік мәртебе _______________ отбасылық жағдай _______________

Қызмет берушілерге тұрғын үй көмегін аударуға келісім беремін.

Меншігімде бір тұрғын үй бар.

Өтініш берушінің қолы __________________
Күні ___________________________________

Жанаарқа ауданы бойынша
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
2 қосымша

Отбасы құрамы мен тұрғын үй алаңының жалпы ауданы туралы
анықтама

Азамат (ша) _____________________________________________ оның:
___________ көшесі (шағын аудан) ________ үй ______ пәтер __________ мекенжайы бойынша тұратындығын растау үшін берілді.

Отбасы құрамы __________________ адам.
Тұратын алаңы __________ шаршы метр.
Пәтерге (үйге) құқығын белгілейтін құжат N ________ _____________
____________________________________________________
Тұрғын үй иесімен бірге келесі адамдар тұрады:

Т.А.Ә.

Туған жылы

Туыстығы

Қай уақыттан бері тұрады

















































Анықтама азаматтарды тіркеу кітабының негізінде толтырылды

                                 Маманның қолы ______________________
                                 Қабылдау мерзімі ___________________

Жанаарқа ауданы бойынша
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
3 қосымша

Отбасының барлық мүшелерінің кірістері туралы
анықтама

      1. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. _____________________________________

Айы

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Кірістің түрі













Кірістің сомасы













      2. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. _____________________________________

Айы

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Кірістің түрі













Кірістің сомасы













      3. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. _____________________________________

Айы

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Кірістің түрі













Кірістің сомасы













Өтініш берушінің қолы __________________
Күні ___________________________________

Жанаарқа ауданы бойынша
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
4 қосымша

200 __ жылғы ____________ бойынша тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер төлемдерінің шығындары туралы анықтама

Төлеуші _____________________________________________________________
                (пәтер иесінің (жалдаушы) Т.А.Ә.)
Мекенжайы ___________________________________________________________
Жалпы ауданы _______________ шаршы метр.
Бөлме саны _________________
Үйдің жалпы сипаттамасы _____________________________________________
      (жалпы немесе болондық газ, ыстық сумен қамтамасыз ету)

Төлем түрлері

Қызмет саны

Жеке шоттың нөмірі

1. Тұрғын үйді ұстау шығындары (ПИК, ПИТК)



2. Жылыту жүйесі



3. Ыстық су



4. Суық су



5. Кәріз



6. Электр энергиясымен қамтамасыз ету



7. Газ



8. Қоқыс шығару



9. Телефонға абоненттік төлем



Маманның қолы _______________________________
Қабылданған күні ____________________________

Жанаарқа ауданы бойынша
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
5 қосымша

Дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан
түсетiн табысты есептеудiң нормативтiк
карточкасы Өсімдік шаруашылығының өнiмi

Өнiм

Жердiң 1 соткының орташа түсiмi, кг

Жердiң 1 соткына жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiңорташа бағасы, теңге

1 сотктан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2 баған х 4 бағанға)

1 сотк жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5 бaған - 3 баған)

1

2

3

4

5

6

Бидай






Арпа






Қарамық






Жүгерi






Көп жылдық шөптер






Бiр жылдық шөптер






Картоп






Көкөнiстер






Бақшалар






Шекілдеуiк бақтары






Сүйектi жемiс бақтары






Жидек дақылдары






Жүзім






Мал шаруашылығының өнімi

Өнiм

1 бастан алынатын орташа өнiмдiлiк, кг (литр)

1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң, (1 литр, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге

1 бастан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2 баған x 4 бағанға)

1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5 баған – 3 баған)

1

2

3

4

5

6

Сүтті iрi қара мал (сүт)






Eтті iрi қара мал (сиыр еті)






Шошқалар (шошқа еті)






Қойлар, ешкілер (ет/жүн)






Жылқы (жылқы еті)






Түйе (түйе еті)






Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)






Етті құс (құс еті)






Жанаарқа ауданы бойынша
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
6 қосымша

Азық-түлікке пайдаланылатын үй малдары мен құстарының жасы

Малдардың түрi

Өлшем бірлігі

Өнiм беру жағдайына жеткен мал төлiнiң және құстардың жасы

Iрi қара мал

Ай

25

Қойлар мен ешкiлер

Ай

12

Шошқалар

Ай

10

Жылқылар

Ай

16

Түйелер

Ай

18

Жұмыртқалайтын құс

Күн

195

Етті құс

Күн

125

Жанаарқа ауданы бойынша
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
7 қосымша

Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс
есебiнiң үлгі жеке нормативтік
карточкасы

Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. _____________________________________________
облыс, аудан _____________________ үйiнiң мекен-жайы ________________

Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi

жер, сотк, мал басы, саны

жылына түсетiн табыс нормативi, теңге

жылына түсетiн табыстың барлығы, теңге

бiр тоқсанда түсетiн табыстың барлығы, теңге

Бидай





Арпа





Дәнi алынатын жүгерi





Күрiш





Қарамық





Картоп





Көкөністер





Бақшалар





Күнбағыс





Қант қызылшасы





Темекi





Шекiлдеуiк бақтары





Сүйектi жемiс бақтары





Жемiстер





Жүзiм





Көп жылдық шөп





Бiр жылдық шөп





Жасыл жемге берiлетiн жүгерi





Сүттi iрi қара мал





Еттi iрi қара мал





Шошқалар





Қойлар мен ешкілер





Жылқылар





Түйелер





Жұмыртқалайтын құс





Еттi құс





Жиыны: бiр жылғы табыс





Жиыны: бiр тоқсандағы табыс





200__ ж. "__" _________
Т.А.Ә. ___________________________

__________________________________________
(Есепті жасаған тұлғаның Т.А.Ә. және қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады