Атасу кентіндегі Железнодорожная көшесіне Смаилов Туребайдың атын беру туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кенті әкімінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі N 4 шешімі. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 25 қазанда N 8-12-94 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес және Атасу кенті, Железнодорожная көшесі тұрғындарының 2010 жылғы 09 қыркүйектегі Железнодорожная көшесінің атауын өзгерту жөніндегі жиналысының хаттамасы мен Жаңаарқа ауданының ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 09 қыркүйектегі ұйғарымын қарай келе, Атасу кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жаңаарқа ауданы Атасу кентіндегі Железнодорожная көшесі бұдан былай Жаңаарқа ауданының "Құрметті азаматы", "КСРО құрметті теміржолшысы", "КСРО санитарлық қызметінің үздігі" Смаилов Туребайдың есімімен аталсын.
      2. Атасу кенті әкімі аппаратының бас маманы Жаппарқұлов Ертуған Қанатұлы көшенің өзгертілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.
      3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізу Атасу кенті әкімінің орынбасары Қуанышбеков Мейрам Наурызбайұлына жүктелсін.
      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін қолданысқа енеді.

      Кент әкімі                                 Р. Тусупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады