2010 жылғы ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін кредит ұсыну туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 24 сессиясының 2010 жылғы 19 ақпандағы N 249 шешімі. Қарағанды облысы Нұра ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 наурызда N 8-14-116 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихат аппаратының 2011 жылғы 06 сәуірдегі N 40 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихат аппаратының 2011.04.06 N 40 хатымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2010 жылғы ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау, көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін кредит ұсынылсын.
      2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Э. Таттыбаев

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Е. Тұранов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Нұра ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімінің бастығы
      М.С. Мухамеджанова
      28 ақпан 2010 жыл

      Нұра ауданының
      қаржы бөлімінің
      бастығы
      Д.З. Максутов
      28 ақпан 2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады