"Қызылорда облысының аумағында құрылыс салу Ережесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 282 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2010 жылғы 8 шілдедегі N 240 шешімі. Қызылорда облыстық Әділет департаментінде 2010 жылғы 13 тамызда N 4254 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 шілдедегі N 123 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 10.07.2013 N 123 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. "Қызылорда облысының аумағында құрылыс салу Ережесін бекіту
туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 282
шешіміне (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4157 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" газетінің 2006 жылғы 24 мамырдағы N 105 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген "Қызылорда облысының аумағында құрылыс салу Ережесінде":
      12-тармақтың:
      1) тармақшасындағы "бір айдан аспайтын мерзімде" деген сөздер "жеті күннен аспайтын мерзімде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшасындағы "жеті күннен аспайтын мерзімде" деген сөздер "бес күннен аспайтын мерзімде" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының
      XXIX сессиясының төрағасы                       Ж. Кенжебеков

      Қызылорда облыстық
      мәслихатының хатшысы                           Н. Құдайбергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады