Қармақшы ауылы орталығындағы көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 наурыздағы N 3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 15 сәуірде N 10-5-129 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабын және аудандық ономастика комиссиясының 28 наурыздағы N 637-187 санды аудан әкімияты қаулысын, аудандық мәслихат шешімін басшылыққа алып ШЕШЕМІН:
      1. Қармақшы ауылындағы бұрын атау берілмеген көшелерге "Тобжан би", "Әлібек", "Қожбанхан", "Ешмұрат Жаналиев", "Әлмағанбет Ысқақов", "Шамшат Баекеев", "Омар Қошманов" атаулары берілсін.
      2. Қармақшы ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі "Қармақшы ауылы орталығындағы көшелерге атау беру туралы" N 4 шешімі, 2010 жылғы 25 ақпандағы "Қармақшы ауылы орталығындағы көшелерге атау беру туралы" N 1 санды шешімі жойылсын.
      3. Шешім жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы ауылдық округі әкімі                    О. Өткелбай

      Қармақшы ауылы орталығындағы көшелерге атау беру туралы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылыcы туралы" Қазақстан Республикасының заңының, "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларың, әуежайларды, соңдай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 Қаулысының негізінде аудан әкімияты ҚАУЛЫ, аудан мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық ономастика комиссиясының 2006 жылдың 20 наурызындағы N 6 хаттама қаулысын ескеріп, Қармақшы ауылындағы бұрын атау берілмеген көшелерге "Тобжай Би", "Әлібек", "Қожбанхан", "Ешмұрат Жаналиев", "Әлмағанбет Ысқақов","Шамшат Баекеев", "Омар Қошманов" атаулары берілсін

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы                   Ғ. Әкімтаев

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      25 сессиясының төрайымы                            Ә. Сержанова

      Аудандық мәслихаттың хатшысы                       М. Өтегенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады