"Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің нұсқаулықтарын бекіту туралы" 2008 жылғы 19 қыркүйектегі N 482 аудан әкімінің қаулысына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 04 мамырдағы N 159 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Сырдария ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 02 маусымда N 10-8-120 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 қаңтардағы N 9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2011.01.10 N 9 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 9 сәуірдегі N 237 шешіміне сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1."Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің нұсқаулықтарын бекіту туралы" 2008 жылғы 19 қыркүйектегі N 482 аудан әкімдігінің қаулысының 1-қосымшасына сәйкес бекітілген жекелеген санаттағы азаматтарға коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтері шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсету нұсқаулығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармағындағы "кәмелетке толмаған бұрынғы концлагерлердің бұрынғы тұтқындарына," деген сөздерден кейін "Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда 1941 жылдың 22 маусымынан бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейін кемінде алты ай еңбек еткен (қызмет өткерген) адамдарға" деген сөздерімен;
      2-тармағындағы бюджеттен өтелетін әлеуметтік төлем түрлерінің тізбесі " 1. 1) Жалдамалы көлік" түрімен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Әжікеновке жүктелсін.
      3.Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.      

      Аудан әкімі                               С. Тәуіпбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады