"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін әлеуметтік көмек беру ережесін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 298 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 маусымдағы N 229 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Сырдария ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 29 шілдеде N 10-8-124 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 шілдедегі N 310 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2011.07.25 N 310 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін әлеуметтік көмек беру ережесін бекіту туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №  298 қаулысына өзгеріс енгізіліп, қаулымен бекітілген ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін әлеуметтік көмек беру ережесінің 3-бөлімінің 4-тармағындағы "отбасының бір мүшесіне" деген сөздер алынып тасталынсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                    С. Тәуіпбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады