"Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі жөніндегі Қағидасын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 05 наурыздағы кезектен тыс ХХІ сессиясының N 232 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 шілдедегі N 251 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Сырдария ауданының әділет басқармасында 2010 жылы 23 тамызда N 10-8-125 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2011 жылғы 15 шілдедегі N 330 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2011.07.15 N 330 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
      1. "Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй
көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі жөніндегі Қағидасын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 05 наурыздағы N 232 шешіміне
(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 01 сәуірде мемлекеттік тіркеу N 10-8-114, 2010 жылғы 07 сәуірде "Тіршілік тынысы" газетінің N 27 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Қағиданың 22-тармағының 1)-тармақшасының 2-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "электр қуаты 1 айға 1 адамға -70 квт/сағ, 2 адамға- 140 квт/сағ, 3 адамға және одан да көп мүшелері бар отбасыларына 1 айға- 210 квт/сағ".
      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      XXIV сессиясының төрағасы                         С. Көзейбаев

      Аудандық мәслихаттың хатшысы                      А. Атақаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады