"2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Аудан әкімдігінің 02 сәуір 2010 жылғы N 956 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қазандағы N 1189 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі ауданының әділет басқармасында 2010 жылы 29 қарашада N 10-9-171 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 11 қарашадағы N 1681 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2011.11.11 N 1681 қаулысымен. 

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасын, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабын басшылыққа ала отырып
аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Аудан әкімдігінің 02 сәуір 2010 жылғы N 956 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2010 жылдың 09 сәуірінде N 10-9-114 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2010 жылғы 17 сәуірдегі N 35-36 /7765-66/ шығарылымында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      мына:
      Жақып Ғабит Жәрдемханұлы - "Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, полиция майоры (келісім бойынша);
      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      Сатжанов Алтынбек Ақбердіұлы - "Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, полиция майоры (келісім бойынша);
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Мүбараковқа жүктелсін.
      3. Қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ                                   Н. НӘЛІБАЕВ

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Е.Ахметов _____________________
      27 қазан 2010 ж.

2010 жылғы 27 қазандағы
N 1189 қаулысына қосымша

2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы комиссиясының ҚҰРАМЫ

      Нурхожин Даулеткали Ергалиевич - "Қызылорда облысы Шиелі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
      Әбіш Маханбет Елтайұлы - "Шиелі ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары;

МҮШЕЛЕРІ

      Сатжанов Алтынбек Ақбердіұлы - "Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, полиция майоры (келісім бойынша);
      Жұмабекова Гүлзия Рзахметқызы - Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Шиелі аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының терапевт дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша);
      Икматова Гүлбарам Тұрарқызы - Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Шиелі аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады