"Жол картасының бағыттарын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2009-2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2009 жылғы 16 маусымдағы № 2102 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 09 ақпандағы № 26 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 11 наурызда № 2065 тіркелді. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Маңғыстау облысы әкімшілігінің 2013 жылғы 28 маусымдағы N 08-18-838 хатымен)

      Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Маңғыстау облысы әкімшілігінің 2013 жылғы 28 маусымдағы N 08-18-838 хатымен)
      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін - өзін басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жол картасының бағыттарын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсiптiк бiлiмі бар мамандарды даярлауға 2009 - 2010 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2009 жылғы 16 маусымдағы № 2102 қаулысына (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2052 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2009 жылғы 1 тамызда № 122 (7557) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасында:
      «Маңғыстау техникалық колледжі» МКҚК» деген 5-тармағындағы мына жол алынып тасталсын:
      «


1114000 Пісіру ісі (түрлері
бойынша):
111406 3 Техник-механик

25

11 сынып

қазақша

2 жыл 6 ай

»;
      мына:


1401000 Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану:
140121 3 Құрылыс-технигі

25

11 сынып

қазақша

2 жыл 6 ай

жолдағы «25» деген сандар «13» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Жиыны» деген жолда «50» деген сандар «13» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Мемлекеттік колледждер бойынша жиыны» деген жолда «500» деген сандар «463» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Облыс бойынша» деген жолдағы «900» деген сандар «863» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ж.А. Қараевқа жүктелсiн.
      3. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыс әкiмi                             Қ. Көшербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады