"Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендерлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 22 маусымдағы № 237 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 03 шілдеде № 2073 тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 130 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 24.08.2023 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша "поселке", "поселкелер", "поселкелерге", "поселкелері", "поселкелерді", "поселкелердің" деген сөздер тиісінше "кент", "кенттер", "кенттерге", "кенттері", "кенттерді", "кенттердің" деген сөздермен; "ауыл (село)", "ауылдық (селолық)", "ауылдардың (селолардың)", "ауылдарды (селоларды)", "ауылдар (селолар)", "ауылдарға (селоларға)" деген сөздер тиісінше "ауыл", "ауылдық", "ауылдардың", "ауылдарды", "ауылдар", "ауылдарға" деген сөздермен ауыстырылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.06.2016 № 194 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақтау, Форт - Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендерлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2009 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2008 жылғы 13 мамырдағы № 73 жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1 - қосымшасында:

      2 - тармақ мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

      Ерекше бағалы балық шаруашылығы үшін маңызы бар Форт-Шевченко қаласы, Құрық ауылы аумағының және Кендірлі демалыс аймағындағы теңіз учаскелері үшін су қорғау белдеулерінің еніне, бекітілген жобалық құжаттама негізіндегі теңіз мұнай кен орындарын жайластыруға арналған металл құрылымдары зауытын орналастыру үшін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино ауылы ауданында Түпқараған бұғазының Шығыс жағалауындағы төгінді өндірістік алаңындағы ұзындығы 1,369 км және Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино ауылындағы теңіздік мұнай операцияларын қолдау базасының төгінді алаңындағы 1,61 км Каспий теңізі жағалауындағы су қорғау белдеулерінен басқа жерлердің еңістігі мен іргелес жатқан сипатына қарамастан, кемінде 100 метр болып қабылданады.

      Теңіз мұнай кен орындарын жайластыруға арналған металл құрылымдары зауытын орналастыру үшін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино ауылы ауданында Түпқараған бұғазының Шығыс жағалауындағы төгінді өндірістік алаңындағы теңіз учаскелеріне арналған су қорғау белдеулерінің шекарасы, айлақ қабырғалары жағынан Каспий теңізінің орташа деңгейінен 35 метр, солтүстік және оңтүстік жағынан 20 метр болып белгіленеді және Каспий теңізінің су қорғау белдеуінің қазіргі шекарасымен тік бұрышта қосылады.

      Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино ауылындағы Теңіз мұнай операцияларын қолдау төгінді базасындағы теңіз учаскелеріне арналған су қорғау белдеулерінің шекарасы, айлақ қабырғасына қарсы беттегі шекарасы мен жақтауы бойынша, база алаңының шекарасында және Каспий теңізінің орташа деңгейінен 10 метр қашықтықта жақтауы бойынша қаптал жақ құламаларының бойымен белгіленеді және Каспий теңізінің су қорғау белдеуінің қазіргі шекарасымен қосылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.06.2016 № 194 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Түпқараған ауданының әкімі (С.Ө. Трұмов):

      енгізілген толықтыруларды есепке алып, теңіз мұнай кен орындарын жайластыруға арналған металл құрылымдары зауытын орналастыру үшін Баутино кенті ауданында Түпқараған бұғазының Шығыс жағалауындағы және теңіздік мұнай операцияларын қолдау базасының төгінді алаңдарының су қорғау белдеулерін табиғи түріне ауыстыруды жүзеге асырсын;

      жер - есепке алу құжаттамасына өзгерістер енгізсін;

      осы жұмыстардың жүргізілуіне тұрақты бақылауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Жүнбасовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімінің міндетін атқарушы

А. Айтқұлов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады