"Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендерлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 03 қыркүйектегі № 331 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 15 қыркүйекте № 2083 тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 130 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 24.08.2023 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша "поселке", "поселкелер", "поселкелерге", "поселкелері", "поселкелерді", "поселкелердің" деген сөздер тиісінше "кент", "кенттер", "кенттерге", "кенттері", "кенттерді", "кенттердің" деген сөздермен; "ауыл (село)", "ауылдық (селолық)", "ауылдардың (селолардың)", "ауылдарды (селоларды)", "ауылдар (селолар)", "ауылдарға (селоларға)" деген сөздер тиісінше "ауыл", "ауылдық", "ауылдардың", "ауылдарды", "ауылдар", "ауылдарға" деген сөздермен ауыстырылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.06.2016 № 194 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақтау, Форт - Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендерлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2009 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2008 жылғы 13 мамырдағы № 73 жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1 - қосымшасында:

      2 - тармақ мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын:

      Ерекше бағалы балық шаруашылығы үшін маңызы бар Ақтау, Форт-Шевченко қалалары, Құрық ауылы аумағының және Кендірлі демалыс аймағындағы теңіз учаскелері үшін су қорғау белдеулерінің еніне, бекітілген жобалық құжаттама негізіндегі бұрғылау ерітінділері цехын, теңіздік мұнай операцияларын қолдау базасын орналастыруға Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино ауылы ауданындағы Түпқараған бұғазының солтүстік-батыс жағалауының солтүстік, оңтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс бағытына биіктігі 50 см жиекқабырға жайғастырылған жағалық бекітпе имараты құрылысымен бекітілген, теңіздің жағалау жиегімен түйісетін және биіктігі 50 см жиекқабырға мен кеме тоқтайтын қабырғасы бар, бұрғылау ерітінділері цехының төгінді түрде жасалған жасанды өндірістік алаңындағы ұзындығы 4,075 км Каспий теңізі жағалауындағы су қорғау белдеуінен басқа, іргелес жердің еңістігі мен сипатына қарамастан, кемінде 100 метр қабылданады.

      Цех алаңының шекарасындағы, бұрғылау ерітінділері цехының өндірістік алаңы мен теңіз жағалауының жағалау жиегі ауданындағы теңіздің табиғи жағалау жиегінен 100 метр қашықтықта өтетін су қорғау белдеуінің әрекет үстіндегі шекарасы, теңіздің соңғы онжылдықта минус 27,0 метрге тең, орта - көпжылдық деңгейі белгісінен ені 35,0 метр болып белгіленген, цех алаңының солтүстік, оңтүстік, шығыс және оңтүстік - шығыс бағыттағы шекарасынан, цехтың өндірістік алаңының және жағалаулық бекітпе имаратының жиекқабырғасымен түйісетін су қорғау белдеуінің шекарасымен ауыстырылсын.".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.06.2016 № 194 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Түпқараған ауданының әкімі (С.Ө. Трұмов):

      енгізілген толықтыруларды есепке алып, теңіз мұнай кен орындарын жайластыруға арналған бұрғылау ерітінділері цехын орналастыру үшін Баутино кенті ауданында Түпқараған бұғазының солтүстік - батыс жағалауындағы және теңіздік мұнай операцияларын қолдау базасының төгінді алаңдарының су қорғау белдеулерін табиғи түріне ауыстыруды жүзеге асырсын;

      жер - есепке алу құжаттамасына өзгерістер енгізсін;

      осы жұмыстардың жүргізілуіне тұрақты бақылауды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.06.2016 № 194 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Жүнбасовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

Қ. Көшербаев


      КЕЛІСІЛДІ

      Жайық-Каспий экология департаментінің

      Маңғыстау облыстық филиалы бастығының м.а.

      Б.М. Ниязов

      03 қыркүйек 2010 жыл

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

      министрлігінің Мемлекеттік

      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау

      комитетінің Маңғыстау облысы бойынша

      департаментінің директоры

      Б.Б. Өтесінов

      03 қыркүйек 2010 жыл

      Қазақстан Республикасы

      Жер ресурстарын басқару агенттігінің

      Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша

      өңіраралық жер инспекциясының бастығы

      Ғ.Е. Сүлейменов

      03 қыркүйек 2010 жыл

      Маңғыстау облысының жер қатынастары

      басқармасы бастығының м.а.

      Қ.С. Оразбаев

      03 қыркүйек 2010 жыл

      Маңғыстау облысының табиғи ресурстар

      және табиғат пайдалануды реттеу

      басқармасының бастығы

      Ж. Албытов

      03 қыркүйек 2010 жыл

      Маңғыстау облысының энергетика және

      коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы

      С.Х. Аманбеков

      03 қыркүйек 2010 жыл

      Су ресурстарын пайдалануды реттеу және

      қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік

      инспекциясының бастығы

      Б.О. Қуанов

      03 қыркүйек 2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады