Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 27/241 "Ақтау қаласы аумағында құрылыс салу Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 32/283 шешімі. Ақтау қаласының Әділет басқармасында 2010 жылы 24 мамырда № 11-1-134 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәслихатының 2011 жылғы 21 шілдедегі № 44/403 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәслихатының 2011 жылғы 21 шілдедегі № 44/403 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 425 «Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 27/241 «Ақтау қаласы аумағында құрылыс салу Қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 11-1-128 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 ақпандағы № 31 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Қағиданың:
      1 тармағында:
      «Лицензиялау туралы» заңдарына» деген сөздерден кейін, келесі мазмұндағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 425 «Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қаулысына» деген сөздермен толықтырылсын;
      40 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      «Объект салу үшін, ал қажет болған жағдайларда оның күзет немесе санитариялық-қорғау аймағын белгілеу үшін де жер учаскесін таңдау нәтижелерін жер қатынастары жөніндегі органы жер учаскесін таңдау туралы актімен ресімдейді. Осы актіге әрбір жер учаскесін таңдаудың ықтимал нұсқауларына сәйкес олардың шекарасының жобалары қоса тіркеледі»;
      41 тармағындағы «белгіленген мерзім ішінде» деген сөздер «10 күнтізбелік күн ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      47 тармағындағы «он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде» деген сөздер «сұранысты қабылдаған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      48 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      «Объектілерді жобалау үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беруге өтініштерді қарау мерзімі өтініш берілген сәттен бастап 8 жұмыс күнін құрайды.
      Жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарында бастапқы деректерді беру және үй-жайларды немесе тұрғын үй ғимаратының өзге де бөліктерін өзгерту (қайта жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобасын әзірлеуге арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру (немесе оларды беруден дәлелді бас тарту) үшін өтініш берушілер ұсынған құжаттарды қарау мерзімдері өтініш берілген сәттен бастап үш жұмыс күнін құрайды».
      келесі мазмұндағы 48-1 тармағымен толықтырылсын:
      «Сәулет - жоспарлау тапсырмасы мен инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға техникалық шарттарды ресімдеу және беру мерзімдері мынадай объектілер бойынша өтініш берілген сәттен бастап 15 жұмыс күнін құрайды:
      1)электр және жылу энергиясын өндіретін өндірістік кәсіпорындар;
      2)тау - кен өндіру және байыту өндірістік кәсіпорындары;
      3)қара және түсті металлургия, машина жасау өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындары;
      4)елді мекендер мен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары (дамбалар,бөгеттер);
      5)елді мекендердің шекараларынан тыс орналасқан желілік құрылыстар:
      оларға қызмет көрсету объектілерімен бірге магистральдық құбыржолдар (мұнай, газ құбырлары және т.б.);
      жоғары вольтты электр беру желілері және талшықты - оптикалық байланыс желілері;
      оларға қызмет көрсету объектілерімен бірге темір жолдар;
      көпірлерді, көпір өткелдерін, тоннельдерді, көп деңгейлі айрықтарды қоса алғанда, республикалық желіге жатқызылған жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары».
      62 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      «Тапсырыс беруші сәулет - жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алуға өтінішті жергілікті сәулет және қала құрылысы органына береді.
      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1)жергілікті атқарушы органның жаңа құрылыс үшін жер учаскесін беру (бөліп беру) туралы шешімі (учаскені пайдалануға рұқсат) немесе жергілікті атқарушы органның қайта жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін қолданыстағы объектілерді өзгертуге рұқсаты;
      2)жобалауға арналған бекітілген тапсырма»;
      85 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      «Құрылыс - монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат жобалау (жобалау сметалық) құжаттамасының құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының бүкіл мерзімі ішінде қолданылады. Егер объект нормативтік ұзақтық мерзімінің ішінде аяқталмаса, онда құрылысты жалғастыру үшін тапсырыс беруші (құрылыс салушы) жаңа рұқсат алады.
      Құрылысты жалғастыруға арналған жаңа рұқсат өтініштің және тізбесін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін, қоса берілетін құжаттардың негізінде беріледі»;
      126 тармағындағы «болмауы тиіс» деген сөздер «болмайды» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                         А.Сейдалиев

      Қалалық маслихат хатшысы                Ж.Матаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады