"Жергілікті маңызы бар балық шаруашылық су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 11 мамырдағы № 177 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 8 маусымда № 3719 тіркелді

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 3666 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтардағы "Костанайские новости", 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Қостанай таңы" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті маңызы бар су тоғандарының тізбесіндегі:
      "

430.

Петров тоғаны

280

Меңдіқара

                               "
жолы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Кулагин

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Балық шаруашылығы комитетінің "Тобыл-Торғай
      облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________ Н. Сәрсенов

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Су ресурстары комитетінің "Су ресурстарын пайдалануды
      реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік
      инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ______________ Г. Оспанбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады